141
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
айтып үйренбей, ақындығын əлеуметтік мəселелерге, халық игілігіне
арнамай, сөз құнын кетіріп жүрген «қайда бай, мақтаншаққа» ар-
нап өлең айтқандарды қатты сынайды. Олар туралы: «Кетірген
сөз қадірін жұртты шарлап», – дейді. Ода, диферамба секілді
өлең айтуға тақыстанғандықтан, мақтамақ болғанын жұлдызға ма,
күнге ме, неге теңерін білмей сасқан ақынға Абай еш ұқсамайды.
Абай жалпақтап мақтау ісіне салынуды өзінің қабілетті бойына
лайық көрмеген. Көрген шындығын айтпай бой тасаламаған ақын.
Сондықтан да оның жазғандарынан зор шындық, жігерлілік, əділдік
сезіліп тұрады, ақын өмір ісіне көзді жұма қарамай, ойын, түсінігін
ашық айтады. Абай мақтау ісіне рабайсыз салынғандық – ақынның
кешпес зор кемшілігі, ондайлар өмірдің шындығын айтпай, тек елес
қуғандар, өз қадірін түсіріп жүргендер, атақ іздегендер, ел қамын
ойлағандар емес деп түсінеді. Абай реализмінің бір өзгешелігі, осы
əлеуметшілік, жігерлілік, шыншылдыққа, сыншылдыққа байланыс-
ты келген.
Абай ел ішіндегі əкімсымақ, болыссымақ, əлдеқандай ресми
күшке айналған, халыққа зəбірін тигізген пысықтардың кім екенін
бұқараға түсіндіреді. Заманына сай талай, талай құнды, əсерлі
жігерлі ойлар айтады, шындыққа толы шығармалар жазады. Ол сол
кездің кейбір ақындарынша утопияға берілмейді, өмірдің шындығын
көлеңкелемей ойын батыл айтуды өзінің зор міндеті санады, шын-
ды айтумен халықтың сана-сезімін оятам, өсірем деп білді. Көргенін
көпшілікке түсіндірмек болды, өмір жөніндегі терең түсінігімен
халықты прогреске үгіттеді. Сол кездегі қазақ өміріне байланысты,
жағдайсыз сұр өмір туғызған адамдардың мінезін, ісін терең түсіне
білді де, олардың өзгешеліктерін шыншылдыққа, сыншылдыққа са-
лып жасырмай айта білді. Сөйтіп ол өмірді реалистікпен көрсетуді
өзіне міндет санады. Абай ақындық ісін саудалағандардан аулақ
жүруді ескерткендей болып, шындықты айту оңай емес, ерлікті,
қырағылықты керек ететінін ескерткендей. Ақын:
Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға
Шиыршық атар толғанар.
Əділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін
279
, –
279
Достарыңызбен бөлісу: