Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет43/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 79-б.
282
 Сонда, 80-б.


147
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
өрмекшінің ұясы, айналар нəрселерді көрсетуден гөрі, олардың шаң 
басқан бетіне, ойда қалдыру үшін əлде қандай ескерткіш жазуға скри-
жал болуы көп қолайлы. Кілемдер шұбартып кеткен. Диван үстінде 
ұмыт қалған орамал жатыр. Ертемен үстел үстінде кешкі астан жи-
налмай қалған мұжылған сүйек, солонкасымен табақ тұрмайтын 
күндер сирек болатын. Нанның қоқымы шашылып жатпаса, егер сол 
табақтар, жап-жаңа тартып, төсекке сүйеп қойған най, төсек үстінде 
жатқан үй иесінің өзі болмаса, мұнда ешкім тұрмайтын шығар деп 
ойлауға болар еді. Өйткені шаң баспаған нəрсе жоқ, бəрі оңып кет-
кен, тіпті тірі адам тұрғандықтың еш белгісі жоқ. Рас этажеркада беті 
ашылған екі-үш кітаптар тұр, газеттер шашылып жатыр, бюраның 
үстінде қаламдар мен дəуіт тұр, бірақ беттері ашылған кітаптар шаң, 
сарғайып кеткен, олардың талайдан бері жатқаны байқалады, газет-
тер номері өткен жылдыкі, егер дəуітке қалам батырса, шошығаннан 
ызың етіп тек шыбын ұша жөнеледі
283
. Сөйтіп Обломовтың өмір 
ісінен алыстап, бойын жалқаулыққа біржола жеңгізбегендігін, оның 
тек үй іші тəртібінің өзінен де аңғаруға болатын сияқты, осы азғантай 
сипаттаманың Илья Ильичтің əлеуметтік өзгешелігін, оның кім 
екендігін айтып тұрғандай.
Абай көптеген шығармаларында аздаған сөздер мен əлдеқандай 
адамның өзгешелігін, бойына сіңген əдеттерін бұлжытпай айтып 
береді. Заманының шаруаға қыры жоқ, сөзуарлыққа салынған, ақылы 
мен адамшылығын арттыруды ойламаған адамы туралы былай жазады.
Бір əршөпке шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынын басады алшақ.
Қарсы алдына жымырып келтірем деп
Ақ тамақтың құлағы салтақ-салтақ...
284
Заманы туғызған сері сымақ, сəнқой сымақ, киіміне көп көңіл 
бөлген күйкі жанды «керегеге сабауын шəншіп қойып» бөркіне 
қайта-қайта қарап мəз болған адамды көресіз. Шəншілген сабау, 
ілінген бөрік иесінің кім екенін айтып тұрған секілді. Бұл арада Абай 
өмірді көрсетуге шебер екендігін аңғартып, сəл нəрсе арқылы да за-
ман адамның ерекшелігін тап басып айтқан. Обломовтың үй іші 
тəртібін, сабауға бөркін іліп насаттанған кісіні көрген адам олардың 
кім екенін түсіну үшін онша қиналмауы мүмкін. Гончаров та, Абай да 
283
 Гончаров И.А. Обломов. – М., 1958. 5-б.
284
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
1957. І т. 35-б.


148
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
адам өзгешелігін білдіретін сəл нəрсені байқауға шебер екендіктерін 
көрсетеді. Заманына лайық адам мінездерін дұрыс түсіндіреді.
Əдебиет тарихына көз салсаң, тарихи жағдайға сəйкес берілген 
нақтылы кейіпкерлер аз емес, əрине, бұлар өмірдің шын айнасы болу 
дəрежесіне қарай түрлі-түрлі болуы мүмкін, шынында заманына, ор-
тасына, ісіне қарай кейіпкерлер көрсете білген ақын-жазушыны ғана 
реалист деуге болады. Гончаровтың «Обломовында», Гогольдің «Реви-
зорында», Салтыковтың «Бір қаланың тарихы» деген шығармасында 
заманына сəйкес, жағдайға лайық кейіпкер көрсетіледі. Пушкин, 
Абай, Толстой ойын жасқанбай айтқан жазушылардың тұрмысты 
терең суреттеп, түрлі кейіпкерлер бере білгендігін көреміз.
Абай шығармаларына зер салсақ, оның түрлі адамдар мінезін, 
құлқын көрсетуге өте шебер екенін, ойын шындыққа, парасатқа 
сүйеніп айтқандығын көреміз. Абай мол ақыл, терең интуициясын 
пайдаланып, тарихи шындықты жазды, тарихи жағдайға сəйкес өмір 
құбылыстарын көрсете білді, өмір адамдарының заманына, ортасы-
на лайық істеген іс, еткен ғамалын жақсы түсініп, олардың өмірдегі 
орнын көрсете білді. Ойын жалпылап айтпай, адамдардың тарихи 
өзгешеліктерін анықтап көрсету арқылы түрлі мінезді адамдармен 
таныстырды.
Шығармаларға керек болған адамдар жайын терең зерттеу ке-
рек болады. Адамдарды көрсетпек бұрын олардың ісін, мінез-құлқын, 
əрекетін, мақсатын жақсы білу, оны тəптіштеп лайығыменен көрсету 
шарт десек, Абай осы мəселелерді өте дұрыс шешкен. Ақын түрлі адам-
дар мінезін, құлқын, ісін көрсетсін (болыстар, пысықтар, жегіштер, ша-
бармандар тағы тағылардың дейік), қазақ халқының бір кездегі кейбір 
суреттерін берсін (жазғытұры, жаз, күз дейік) – барлығында жалпы 
айтудан қашып, өмірді белгілі жағдайдың ерекшелігіне қонымды 
етіп көрсетеді. Айтқандары халық өмірінен тыс кетіп, əлдеқандай 
қиялға айналмай, сол өмірдің шын айнасы болып тұрады. Абай су-
реттеп отырған күз, жаздың сол кездегі қазақ өмірі өзгешелігін айқын 
көрсететіндігіне күмəндануға болмайды. Сондықтан да оның мұндай 
шығармалары – өте құнды өз алдына бір тарихи ескерткіштер. Ақын 
жазғандары өмірдің дəуіріне сай келе кетеді. Сөйтіп ол өзінің реалист 
ақын екендігін көрсетеді. Абай жазғандары өмірге үйлесімді келіп, 
болмыстың құр көлеңкесі болмай, сол өмірдің шын айнасы болып 
шыққан. Абай реализмінің бір құнды, үлгілі жағы, міне, осында.
Абай шығармаларында ащы сөздер қолданбағандығын ескереді.


149
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Улы сия ащы тіл,
Не жазып кетсе жəйі сол
Жек көрсеңдер өзің біл
285
.
Бұл жөнде Абай ақындығына айрықша қарап, алдына əлеуметтік 
зор міндеттер қойды. Қоғам өміріне залалын тигізгендерді, ащы 
тілмен аластады. Өз басы халыққа керекті, пайдалы адам болуды 
аңсаған ақын айтқанын ашына айтуды өте-мөте құнттаған.
Ел арасында «жақсы» атанып, əкімдік жасап, ұлықтарға 
жарамсақтанғандар, сөзін өткізіп өктемдік еткендер туралы:
Елдегі еркек,
Босқа селтек,
Қағып елін қармады
286
, –
деді. Ақын іріткі салып, елді жеп бұқараның мойнына ауыр жүк бо-
лып асылғандарды «жөнді, жөнсізді» айырмай, қозы-қоспайға салып, 
арамдықтарынан арылмай жүргендерді көреді. Ел шайқағандардың 
ісіне наразы екендігін:
Елде сияз,
Ойда ояз,
Оңбай-ақ тұр əр түрі
287
, –
деп ел қамын ойлау зор міндеті ретінде түсінген Абай бейпіл ауыз, 
жалақорлардан, өрекпіген өктемшілерден құтылмай, бой жазып 
еркіндікке, бостандыққа жете алмайсың демек, сондықтан ондай-
ларды қатал сынау, ащы сөзбен əшкерелеу оған азаматтық борыш. 
Елді беймаза еткендерді көргенде ақын ашына, рухтана сөйлейді. 
Айтқандарын кеселді кердеңдердің шымбайына батыра, шамына тие 
айтады, шындықтың бетін ашып, байқаған өрескелдіктерді бады-
райта көрсетеді. Сондықтан да Абай көптеген шығармаларын «ащы 
тілмен» жазады. Абай, əсіресе, ардан, намыстан күйіп жүргендерге 
арнаған сықақ сөздерінде неше алуан кемшіліктерді көрсетіп, өмірдің 
өрескелдіктерін айтуға өте шебер ақын екендігін аңғартады. Абайдың 
талайларды қатал сынап, оларды ішкі -тысын бірдей көріп, сықақтай 
білгендігі айқын көрінеді.
Ащы сөздерін дұрыс қолдана білген Абай жұртқа зорлығын 
асырғандардың бетіне шоқ басты, апшыларын қуыра терең мағыналы 
ойларын айтты. Абайдың осындай бір ерекшелігін көре, оның көп 
шығармалары ащы тілмен жазылған.
285


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет