146
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Əлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап
281
, –
десе, шығарманың енді бір жерінде, болыстардың содырлы мінезі
жайында:
Боқтап жүрмін барқылдап,
Кейбіреуге таяғым
Тиіп те кетті сартылдап
282
, –
дейді. Абайдың бұл қадап айтқан сөздері, болыстардың көзге
түсерліктей нақтылы мінездерін бұлжытпай суреттейді, ақын өзінің
сыншыл, шыншыл екендігін аңғартады.
Салтыковтың «Господа Головлевысын» алыңыз. Салтыков
бұл шығармасында, орыстың дворяндары, сол Головлевтер өмірін
суреттейді. Щедрин ол өмірді құнарсыз кертартпалық қалпын Иу-
душка мен Арина Петровналар сипатын жасау арқылы көрсетеді.
Іруге айналған дворяндар өмірін бұлай етіп көрсету – шынды айту,
өйткені Салтыков көрсетіп отырған сол дворяндар өмірінің айрықша
бір өзгешелігі – ол өмірдің кертартпалығында еді, өмір ісіне ыңғайы
жоқ сөлекеттігі мен топастығында еді. Салтыков мəселенің негізгі
жағынан келіп көрсеткен, адамдарды дұрыс бағалаған, дұрыс сынаған.
Бүлінуге бет алып, тұрмыстан анағұрлым қалып қоюшылар
уəкілі Головлевтер еді, мұны Щедрин жақсы білген, бұған қарағанда
Салтыковтың тарихи жағдайға қарай, соған сəйкес кейіпкер бергенін
көреміз. Салтыковтың бір қасиеті, ол көрсетем деген адамдардың
мінез-құлқын терең зерттеп, сол адамдарды туғызған тарихи
жағдайды дұрыс түсінуінде.
Атақты жазушы Гончаров Обломовтардың тарихи
өзгешеліктерін, жағдайға сай етіп көрсетеді. Обломовтың қандай
ортадан, қандай өмірден шыққандығын терең дəлелдей келіп,
Илья Ильичтің үй іші тəртібі секілді елеусіз көрінетін нəрселерді
де ескерусіз қалдырмайды. Жазушы өмірді көрсетуге өте шебер
екендігіне көре, кейіпкердің өзгешелігін оқушыға түсіндіре біледі.
Обломовтың үй іші көрінісі туралы Гончаров былай деп жазады:
«Суреттер жанында шаң сіңген фестон секілді қабырғаға жабысқан
281
Достарыңызбен бөлісу: