151
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Абайдың ащы сөзімен жазған шығармасының бірі –
«Абыралыға». Мұнда дінге беріліп, тақуалығын бетке ұстағанмен,
құдайға құлшылық етудің ережелерін жөнді білмей, пұшайман болып
жүрген адамның жайы сөз болады. Сондай бір босқа əуре Абыралы-
ны ажуалаған Абай:
Намаз шамның артынан,
Құржақ-құржақ етеді.
Жерұшық берген кісідей
Тоңқаңдай ма не етеді
289
, –
дейді. Абай бұл шығармасында айтқанын мағынасыз шарж, бос
мазаққа айналдырып алған дей алмайсыз. Шығарманың сатиралық
күші, ақындығы болыстарға арналып жазылған шығармалармен бара-
бар болмаса да, бірақ бұл шығармада заман шындығы, өмір көрінісі,
адам мінезі жоқ, мұндағы айтылғандар орынсыз күлкі, бос ажуа деу
қиын. Абай Абыралыны ажуалайды, сонымен бірге шындықты ай-
тады. «Кəлқаусарды» айтып, намаздың алдын біліп, артын білмей
тақуасынып, сонысын мадақ көрген заман адамының бір мінезін Абай
дұрыс көрсеткен. Абыралы сияқтылар бір кезде бірлеген емес, əр
ауылдан кездесетін, сондықтан Абайдың айтқандары бір ғана Абыра-
лы емес, талай Абралыларға арналған еді.
Абай ел арасында саны өсіп, берекесіз іспен əуреленген сидаң
жігіттерге көз тігеді. Шаруаға қыры жоқ, халыққа тиер пайдасы,
көмегі жоқ, ауыл аралап тегін тамақ, тегін киім, тегін ат іздегендерді
сынайды. Сөйлесе – бет-аузын жүз құбылтқан, «жұрт құтыртқан», ан-
тын, арын саудалаған, мойнын бұрса – қоразданып қараған, өмір ісіне
олақ, ішін түземей, сыртын түзеткен, өзінше маңғазсынғанмен сиқы
жоқ, сыңар жақ бояма адамдардың жайын түсіндіреді. Ондайлардың
сырын жақсы білген ақын өмірге керексіз адамдарды халыққа жат
етіп көрсетіп, елдің олардан безінуін мақұл көреді. «Қу шалбар –
қулығына болған айғақ» жандардан не пайда, не үміт демек.
Абай сүйреңдеп өсек айтып біреу мен біреуді шағыстырып, араз-
дастыруды өнерім көргендерді көп алдында масқаралайды.
Жантайдың баласы Көжек деген,
Əркімге өсек тасып безектеген.
Досын келіп досына жамандайды
Шіркінде ес болсайшы сезед деген
290
.
289
Достарыңызбен бөлісу: