Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет80/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107
Байланысты:
full

 Жомартбаев Т. Қыз көрелік. – Семей, 1912. 35-б.
469
Сонда, 7-б.
470
 Сонда, 10-б.


237
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
істеріне төтеп бере алғаны, ақыл тауып ағартушылық жолға түскені, 
өзіне лайықты жар табылғандығы көрсетілмек. Ғайникамал пайдалы 
кітаптар оқиды, Ибраһим Құнанбайұлының:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім
471
, –
деген өлеңін жаттап алады, Абай сөздерін өзіне де, өзгеге де үлгі 
етеді. Үгіт сөздерінде: «бай баласы атану мақсат емес» өнерсіз қалма, 
«қыз туса мал туды деп қыз сатқандар не тапты», қазақ қызының 
теңсіздікте жүруі қалай?», қалыңмал қалсын, «басыма тұлым қойған 
қыз болсам да, мені мал беріп ешкім ала алмайды», – дейді.
Ғайникамал сонау бір қараңғы кезде əйелдер арасынан шыққан 
жолында еңбектенуді, теңдік көрмей жүрген қазақ қыздарын өнер-
білімге шақыруды арман етеді. Оның қарапайым ортадан озып, 
өмірден сыйлы орын алғандығы айтылмақ. Ол тұрпайы тұрмыс 
шеңберінде қалғандарға қынжылады. Əйелдерді кемсітіп, баяғының 
гөй-гөйіне салған, білімсіз, тəрбиесіз өскен, жақсы мақсаттан қақас 
қалғандар ісіне наразы. Əділетсіз қоғамның азабынан құтылу лажын 
таппақ. Оның сүйіктісі Мұхамедғали да осы жолда. Мұхамедғали ер 
балаларды, Ғайникамал «қыз балаларды оқытып, екеуі халыққа пай-
далы адам болып, ғұмыр сүре бастады»
472
– делінеді.
«Қалың мал» – заманында қазақ əдебиетінен елеулі орын алған 
шығарма. Онда жайсыз қоғам туғызған жуан жұдырықтардың, 
пысықтардың өрескел істері көрсетіледі. Əйелдер теңдігіне үндеген 
гуманистік ой, надандық кесіріне төтеп бере алмай жүрген жан-
дар жайы, қазақ өмірінің ерекшеліктері айтылады. «Қалың мал» – 
қалайда, өткен кездегі қазақ прозасының көрнекті үлгілерінің бірі.
«Қалың малда» салт-сана, жол-жора, əдет-ғұрып жайы сөз бо-
лады. Автор бұларға баға беріп, олардың зияндыларын əшкерелеуді 
өзіне жүктейді. Малға қыз беру, шілдехана, той-томалақ, балуан 
күрес, барымта, бие бау беру, құда түсу, ит ырылдатар, кемпір өлер
отқа құяр, сақина алмақ, алақан соқпақ т.б. сондайлар сөз болады.
«Қалың мал» тіл тазалығына жөнді мəн бермеген, молда сүрей 
ақындардың қазақ əдебиетінен недəуір орын алған кезінде жазылды. 
Осы кездегі əуестенген тіл жайын еске алған академик М.О.Əуезов: 
«Меккеден, Бұхардан, Стамбулдан, Қазаннан шыққан ишан, имам схо-
471
Жомартбаев Т. Қыз көрелік. – Семей, 1912. 12-б.
472
 Сонда, 41-б.


238
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
ластик медреселер тəрбиесінен шыққан қалфе, хазрет молдалар жар-
гоны болатын»
473
, – дейді. Араб, парсы, татар сөздерімен шұбарланған 
тілге тақыстанғандар əсіресе, діни кітаптардан, қалфе, хазрет мол-
далардан тəлім алғандар еді. Бұларға еліктемеген Көбеев «Қалың 
малды» қазақ тілінде, көпшілікке түсінікті тілде жазды»
474
десек те, 
шығарма тілі тіпті нұқсансыз да емес. Мұны ойды дұрыстап өресіне 
жеткізбей кейде келте кесуден, сөз құрылымдарының не күңгірт, не 
болбыр келуінен (32-33), не «басымыз кетер деп тоқтастылар. Бас 
қосып ғақылға қылдилар. Мағлұмның Тұрлығұл деген ақсақал» деген 
сияқты сөйлемдерден көресіз.
Шағын форматты 83 бет кітапқа орналасқан адамдардың кейбірі 
тек пəленше, түгенше деген атпен жүреді. Олардың ісі, арманы 
айтылмайды. Ерекшеліктерімен көзге түспеген бұл адамдардың 
қоғамдық бейнесін аңғару қиын. «Түлкібай дейтін бір қадірлі ақсақал: 
Қоңызбай, бір ашуыңызды маған беріңіз деп, той қылушы Сəрсен де-
геннен бір көк шолақ əперіп тоқтатып еді»
475
делінгеннен басқа ол 
адамдар туралы тағы бір керекті мағлұматты іздеп таба алмайсыз.
Алайда, шығарма адамдарының барлығы жайында осыны айтуға 
болмайды. Олардың арманына орай қоғамдық кейпі көрсетілгендері 
бар. Бұл жөнде Итбай, Тұрлығұл, оның мəслектесі, жылпостығымен 
жағып байдың алып кел, барып, келісіп кел, кектесіп келіне жүретін 
Əбіш, бас еркіндігін ойлаған Ғайша, оның адал анасы, Қожаш пен 
Ғайшаға болысқансыған Серғазыны атауға болады.
«Қалың малдағы» билер, ақсақалдар керексіз ғұрып жол-жораға 
үйір, олар: байға кім қызын бермейді, «қатын өлді қамшының сабы 
сынды» десіп, Тұрлығұлды өрлендіреді. Тілеуі бір жастарды зор-
лап айырмақ, байға жағынып əділдігінен жаңылады, ауыл дауына 
тақыстанған, құлқынын көздеуден аспайтындар болып көзге түседі.
Серғазының Ғайшаға туысқандық ниет білдіргені айтылса да, 
бірақ оның іс жүзінде бой көрсетпей бұғатын əдеті бар. Баста Итбай 
шешімін мақұлдаған Серғазы кейін Ғайшаның зарлы сөзін естіп, Ит-
байды қостағанына өкінгендей «Шырағым, Ғайша жан... ең алғашында 
сені Тұрлығұлға берудің мəслихатының ішінде болсамдағы... өлеңді 
естігеннен бері қарай ойға қалып, сенің көз жасыңа қаламын ба деп 
473


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет