224
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
алды – қызыл тіл» деп, той, шілдехана кезінде əншілік, ақындық,
шешендік көрсетуді əдет еткендерді көріп те қынжылады. Өйткені бұл
əдет тəртіпсіздікке баулиды деп те шошынады.
Мақыш дін уəкілдерінің өрескел істерін əшкерелейді. Пайғамбар
шапанын жамылып, қожа атанып «ауыздары шай мен майда болған»,
алдауын асырып, пайдасын табуға құныққан.
Пайғамбардың əулеті саид біз деп,
Малын алып қазақты теспей сорған
440
, –
деп пиғылы тар, тілі тəтті қожаларға көз тігеді. Надандықтан алдана
береміз, ақылға салып іс жүргізуді ойламай өтірік, шынның нарқын
білмей жүрміз, еңсені басып тұрған алдымен мəдениетсіздік болса,
мұның үстіне өнерлі елден ғибрат алмаймыз, газет оқымаймыз, га-
зет оқудың пайдасы, «намаз оразалардың сауабын тағриф қылушы,
надан мүршиттерден қат-қат артық болса керек»
441
өнер, талап ісіне
жұмылып мешеу қалмауды неге ойламаймыз дегенді айтады.
Мақыш Қалтаев ақындығын миллет игілігіне, өмірдің алуан
түрлі жат сырын айту ісіне арнамақ. Жұрттың ұйқыдан əлі оянбай
мешеу жатқанын көрмек. Көпті өнерге шақырмаған, жігерін құм
қылып жасытқан жуандар тобын кінəлайды. Пəлен жыл дəріс қылып
айтсаң да, мың жасаған дана, кереметті əулие болсаң да, сөзіңді өткізе
алмайсың:
Шығир жазып атақ алған шағир болып,
Һəр сөзім сезілгендей əсер беріп.
Жырлағанда тау-тасты қозғасам да,
Сонда да қазаққа дым білдіре алман
442
, –
деп қынжылады. М.Қалтаев «Насихат қазақияда» өзге кітаптарында
айтқандарын көп қайталайды, бұл кітабын шұбар тілмен жазған. Ай-
татын уағыздары: өзіңнен дəрежесі төмен адамды қор тұтпа, ойыңды
қорқытып орындатпа, қиянатшыл болма, бұзықтарға жолама, кекшіл
болма, кешірімшіл бол, дүниені сыраптама, шаруаға ұқыпты бол,
жалқау болма, талапты бол, таза еңбек етіп, жақсы атаққа жет деген
сияқты болып келеді.
1910 жылы жарияланған кітаптарының бірі – «Біраз ғибрат сөзде»
Қалтаев зорлық, зомбылық, жамандық, сабырсыздық, ынсапсыздық,
фақырлық, байлық жайында ойын ортаға салады. Қаламымен
ақылдасқан Қалтаев көрген-білгенін айта алмай заманның илеп, би-
леп лажсыздыққа ұшыратқанын айтады:
440
Достарыңызбен бөлісу: