Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет76/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107
Қалтаев М. Айна. – Қазан, 1913. 6-б.
447
 Қалтаев М. Бар уақиға. – Қазан, 1913. 21-б.


227
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
са, ақылымызды алды, есті бала екен деп «қайырсыз мақтаумен» алдап, 
амал асырушылық та қалмай жүр дейді. Мақыш «Сəбия бір қызға» 
деген шығармасында жағын таянып мұңайған, балалық шағының 
қызығымен ерте қоштасқан, келешегіне түңіле қараған қыздың аяныш-
ты халымен таныстырады. Заманның қатал заңына бас иген рақымсыз 
екені, өзіне өзін əшкереледі. Оның аузына мынадай сөздер салады: 
молда құтпасын зорлап оқыр, «кір жаға, тоқпақ мұрын» болса да, соған 
барарсың, мұз арқалап, күл төгерсің, шайпау енеңнен сөз естірсің.
Өзің де сен соны біліп,
Уайымдаған боларсың.
Жағыңа қол таянып,
Уһлеген боларсың.
Уайымдайтын жөнің бар,
Михнат үшін жаралған
Маңдайыңда сорың бар
448
.
М.Қалтаев тағдырға бас иіп жүруді қояр кез жеткен жоқ па? Та-
лаптанып өнерлі жұрттың қатарына қосылу қайда?
Тағдырға жабысамыз надандықтан,
Тағдыр емес əркімнің жамандықтан, –
дейді. Бейқам қалу, бірліктің əлсіреуі, ғылым-білімге ұмтылмау, 
«бəдəуилерше көшіп» жүруді қойып, егіншілікпен айналыспау – 
осының бəрі шырмау, өнерсіздер өнерлілердің аяғы астында қалады 
дегендерді де айтады.
Жастарды өнер-білімге үйрету жөнінде Мақыш бірнеше талап 
қояды. Біріншіден:
Оқытып оңдырмаған он баланы,
Амалға артық ұста құдай ұрған
449
, –
деп хадим жолында қарысқан молдалардың сырылуы керек екендігін 
айтады. Өйткені олар ең болмаса, жəдитке икемі жоқ, оқушыларды
əпжатпен азаптайтын, ғылымнан хабарсыз надандар, ондайлардың алды-
нан ғалым шықпай, залым шығады деп түсінгендік білдіреді. Екіншіден:
Орысшаны харам дейміз біздің дінде,
Мұқтаж болып тұрсақ та осы күнде
450
, –
деп орыс тілін үйренуге шақырады. Үшіншіден – оқушылар алды-
мен ана тілін білсін, школды бітірсін, содан кейін тағы оқып, білімі 
өсе түсуіне олардың Петербург, Мəскеу сияқты орындарға баруына 
448
 Қалтаев М. Айна. – Қазан. 1913. 16-б.
449
 Қалтаев М. Бар уақиға. – Қазан, 1913.18-б.
450
 Қалтаев М. Қазақтың айнасы. 10-б.


228
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
жəрдемдесу керек. Өнерді арттыру үшін орыс халқымен достасып, 
оның мəдениетінен үлгі алу шарт, сонда келешек өмір кемеліне кел-
мек, бұл халықтың пайдасын бұрын да көргеміз, хандар, төрелер аза-
бынан орыс халқы құтқарған:
Бұл зорлық қияметке кетпек еді,
Түбіңе залым төре жетпек еді.
Орыс халқы зорлықтан құтқармаса,
Қазақ өзі төреге не етер еді
451
, –
дейді.
Мақыштың «Тұрмыш» деген өлеңдер жинағы 1959 жылы 
Қазан архивынан табылды. Қолжазбаның аяғында «Мақыш Қалтаев 
Қараөткел» деген сөздерді оқисыз. «Патша хазреті қазақтан солдат 
алады деген бір сөз тарады. Бұл сөз һəркімді ойға, уайымға салды»
452
деген сөздерге қарағанда жинаққа кірген «Зылиха ханым», «Бір 
қыздың жеңгесімен сөйлесуі», «Жүректі қатын», «Кемпір мен келін», 
«Дүниеде қалай тұру керек», «Табылған хат» сияқты шағын көлемді 
20-дан астам шығармалар 1916 жылдары жазылған ба дейсің.
«Дүниеде қалай тұру керекте?» М. Қалтаев байлардың дəуірі 
жүріп, есе бермей тұрғанына қынжылады, олардың арамдығын, 
пасықтығын баса көрсетеді. Малы азға есе тимейді, момынның сөзі 
жүрмейді, адал ісі іске аспайды, байларды жақтап, ақшаға сатылып 
жалпақтағандар, өтірікті күбіткендер тобын көреді. «Дүниеде... өтірік 
айтып, алдап, əйтеуір мал жина, малың болмаса сен бақытсызсың... 
жақсы тұрмыста тұрғың келсе, ешбір уақытта хақ тура сөз айтпа... 
Мал хайуанмен бірге қосылып жүре бер»
453
, – деген кекесін сөздер 
айтады.
«Табылған хатта» М.Қалтаев болашақ жарқын өмірден үміттеніп, 
қазіргі қайғылы заманның қарасы өшетініне сенетінін білдірмек.
Бостандық көксеген сөзіне қарағанда, əділетсіздікке қарсы баян-
ды іс жүргізген, бұқараның қамын ойлаған жақсылар «хабары жұртқа 
тараған» «адал азаматтардың есімі жұртқа кейінгі ұрпаққа ардақты 
болмақ, оларды қадір тұтып, бастарына құлпытас қоятын шақ болар 
деп үміттенгендігі байқалғандай. Қашан да болса бір... таң туар, бізде 
сол күнде бұлбұлдар секілді сайрап өмір етерміз. Сол уақытта менің 
бір ойым... құлпытас қою болар. Егер өзім қоя алмасам, балаларыма 
451


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет