Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет83/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   107
Байланысты:
full

 Азаматұлы. Екі қыздың мұңы // Айқап. 1911. № 12. 17-б.
483
 Меңдіқұлов Н. Байғұстар. Қазақ ССР Ғылым академиясының архивы, п. 951. 
158-б.


243
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
əйел болғандықтан, менің меселімді қайтармас деп сенген біреу. Олар 
Сұлушашпен сөз байласпай, оны сырттай иемденіп, өздерінен өздері 
масқара болып жүргендер болып сипатталады.
«Бақсыда» (1911) надандыққа төзбеген, əйелдер еркіндігін 
жақтаған, өздерінше өнер-білімге үндегендерді көресіз. Көр-жерге 
сеніп ескі ұғымның шырмауында қалғандардың надандығы паш 
етілмек. Өмірдің ірік-шірігінен арылмағандығымен таңдандырған бір 
ортаның түрлі түсінігі сөз болғандай.
Мұндай ортаның адамдары жын-сайтанға да сенеді. Олар ке-
рек десе теріс ұғымына қарсы келгендермен өштесе түседі. Өмір 
құбылысын парасатқа салып байымдау оларға жат, өйткені олар 
табиғаттан тыс ғажап іс иесі бар деп те түсінеді. Күйкі ойды місе 
етіп күнелткен, мəдениеттен шала бұлар баяғының надандығын 
қоздыртуға да əуес.
Бұл шығармадан надан ортада өсіп, ойы, сезімі мұқалған 
жандардың жоққа сеніп, азап шеккенін көреміз. Олар бақсы, тəуіп, 
əзілі келіспей жүрген ерлі-зайыпты адамдарды жарастырады, ауруды 
емдей біледі, көзге тотияйын құйып емдей біледі, ғайыпты болжайды 
деп те түсінеді. Бақсының пасықтығын, басқаның əйеліне көз сүзген 
зинашылдығын, адамдарды емдеймін деп ажалынан бұрын өлтіріп, 
үшкіріп алдаумен пайда тапқан сұрқия екенін, қашан көргенше олар 
сенбей қояды.
«Малдыбай», «Манап», «Тілмаш», «Надандық құрбаны» 
уақиғасына қатысушылар саны көбейе түседі. Бұлардан драма жан-
рын меңгерудің бір сатысын көресіз. «Малдыбай» пьесасына жиырма-
дай адам қатысады. Бірақ олардың барлығы іс-əрекетімен көрінбейді. 
Персонаждар тобын көбейту үшін жүргендері де бар. Шығарма 
алдымен ескі өмір уəкілі Малдыбайдың топастығын, дүниеқор, 
сараңдығын көрсетуге арналады. Ол байлығын асырып, атақ, мансап 
іздеген азулы бай ретінде сипатталмайды, «малдының беті жарық, 
малсыздың беті көн жарық» деген ұғым оның көкейін теседі, ескі-
құсқы, көр-жерді де пайдасына асырып, байи түспек, əйелін қайдағы 
бір ұсақ жұмыспен бас тырмалатып, тесік өкпе етіп, қызына қыруар 
қалың алып та байымақ.
Өзіне де, өзгеге де пайдасыз дүниеқор адам бейнесін Н.В.Гоголь 
əшкерелеген еді. Малдыбай – бір жөннен Гогольдің «Өлі жандарын-
да» жайы баяндалған Плюшкин сияқты ұсқынсыздың бірі. Əрине, 
бұлардың өз өзгешеліктері бар. Əйткенмен оларға ортақ бір нəрсе 
екеуі де уақшылдығы, сараңдығы, топастығымен айрықша көзге 


244
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
түседі. Олар не болса соны жинағыштап, мүліктенбек. Плюшкин 
тозған ұлтан, қатын-қалаштан қалған ескі-құсқы шүберек, офицер-
ден қалған шпораны да дүние көріп жинайды. Чичиков оның киімін, 
түрін байқап қайыршы ма деп қалады.
Малдыбай да кимей, ішпей тырнақтап дүние құраған сасық 
бай ретінде көрінеді. Ол көр-жерге құмар, өнімсізден өнім іздеп 
əуреленеді, əйелдің тозған көйлегін, жыртылған ескі кебісті, не тозған 
жіп тұсауды да мүлік көріп, кəдесіне асырмақ, ол байлықтың бір көзі 
сараңдық деп те біледі. Қырдың осындай бір ұсқынсыз байын сөз ет-
кен Молда Ақыт бин Ұлымжыұлы:
Тоқтысы өлсе жылайды,
Кісіден қайыр сұрайды.
Қиянатсыз жан бар ма?
Қырдың надан байындай
484
, –
дейді.
Малдыбай əйеліне тынымсыз – «Құдайдан қорқу керек, ана 
көйлектің алды тозыңқырап келгенде алдын артына қаратсаң, бір көйлек 
болып шықпай ма? Жаулықтың əуелі бір шетін, содан кейін кірленген 
екінші жағын аударып тартуға болмай ма? Оны жуа берудің өзі обал, 
кейбір қатындар топардай қолдарымен уқалап, бір күшін салып, бұрап, 
сығып жатқанда жаның қасым болады. Жаңа кебісті қонақ келгенде, не 
сый жерге барғанда ғана киген жөн, тозған кебісті жамап, жіппен шан-
дып, су бүркіп сірісіп түзетсе, бірталай киюге жарайды»
485
. «Тұсаудың 
ұшы тарқатылып кеткенін көрмейсің. Рас, бұл жіп тұсауды жеті жыл 
ұстады. Бірақ тарқатылғанын есіп, ұшын түйіп қойсаң, тұсау он жылға 
кетеді» деп əйелін жатып сөгеді. Үй тауқыметін көтере-көтере, көк 
өкпе болған Айғаным Малдыбайдың түрлі ісінен безінгендей. «Бүткіл 
үйдің міндеті менің мойнымда, ас пісіретін, шай қоятын, мал сауып, 
сүт пісіретін, тезек теріп, кір жуатын мен. Шаруаң құрысын, дүние ке-
рек болғанда адам керек емес пе? Бейнеттен басқа берері жоқ малды 
кім үшін жинайсың»
486
деп налиды.
Малдыбайдың ісін қостамайтындардың бірі – Жібек. Ол сыр 
мінез болған əкесінің надандығын көріп, қынжылады. «Оның малдан 
басқамен ісі жоқ, қуанышы, қайғысы, ойлағаны мал. Ал малды кісі 
орнына, кісіні мал орнына жұмсайды» – дейді. Малдыбайдың қалың 
алып, Сəлімнен айырмақ арам ниетін білген Жібек əкесінен түңіліп, 
өз бетімен теңін таппақ.
484


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет