239
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
жүр
едім теңің Қожаштан айрылма, бақытты бол»
476
, дейді. Ғайшаның
Итбай тұтқынына түсіп, кете алмай қалғанын білген Серғазы: «іс
бұлай болды, маған өкпелеме» деп, Қожашты жұбатады. Ғайшаға бо-
лысып жүргенін Итбайдан жасыру қарызын жасайды. Енді Ғайшаны
Тұрлығұлға зорлап бермек болған Итбайды қостап: өздеріне ұнаған
маған да ұнайды деп орнынан тұрады»
477
. Итбай: «Серғазы, шырағым,
ғақыл айтып, Ғайшаны сөзге көндір» деп оған тапсырма береді.
Сөйтіп Серғазы адал ниетін бұза берген, Итбай мен Тұрлығұлдан қол
үзбеген екіжүзді адам болып та көрінеді.
Ғайша ісін «қара халық», жастар жəне өмірі теңсіздікте өткен
əйелдер қостайды.
Оның анасы Итбай ісіне наразы, Тұрлығұлға бер-
мек болып мəз болған, құтты болсын айтқандарға: баланы теңіне
жібермей малға сатқандарыңа қуанасыңдар да? – дейді. Ғайшаның
қайғысына ортақтасқан ана: кедей болса да, құдай саған осын-
дай бір жігітті маңдайыңа жазбады-ау деп, қызының Қожашқа
баруын құптайды.
Автор ананың дұрыс ойы, таза сезіміне жəркішек
түсірмеуді ойлап, оны Ғайшаның шын жəрдемшісі, тілектесі етіп
көрсетеді.
Тұрлығұл əйел үстіне əйел алып, малдан күсіп, байлығын асы-
рып настанған адуын, азулы бай ретінде көріне бермейді. Оның
қайтыс болған əйелін ойлап қамыққаны, Қанышаның өліміне «қатын
өлді, қамшының сабы сынды» деп қарамағаны ескертілгендей. Ол
қатынының жоқтығынан, шаруасы кеміп, өз үйі өзіне суық бола
бастағанын сезгендей. Қанышамен
бірге жасасқан шағын еске алып,
«сол уақыттағыдай сүйкімді» күндер болар ма? деп аһ ұрғандай.
Қалайда автордың Тұрлығұлға деген позициясы бірбеткей емес.
Оның Ғайшаны зорлап алмақ болғанын қатал, дұрыс сынаған автор
Тұрлығұлды үнемі қаралай бермейді. Оның Ғайшаға үйленбек бо-
лып, қалың бергені сəтсіз болса да, екінші рет қалың беріп бір жас
əйелге үйленуі сəтті болғаны айтылады. «Мағлұмыңыз Тұрлығұл
деген ақсақал, малды халалдан жинаған кісі еді, ақырында малының
игілігін көрді... Тұрлығұлдың бұл қатыны
өзінің хайла өнерімен байға
бек жағымды һəм сүйкімді болды. Келе үйге ие болып, малға бас-көз
бола бастады»
478
, – дейді Көбеев.
«Малқұмар, көңілі бек соқыр» Итбай підиядан, ысқаттан, жа-
назадан келген түсімге көңілі толмай, баюдың төте жолын іздейді.
476
Көбеев С. Қалың мал. – Қазан, 1913. 60-б.
477
Сонда,
74-б.
478
Сонда, 80-82-бб.
240
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Ғайшаны бай жерге беріп, көп қалың алсам деп армандайды.
Қызын
Тұрлығұл байға айттыра келген Əбіш алдында құрақ ұшады, ішінен
қуанады. «Бір баланы Тұрлығұлға бермеймін демеймін», – дейді.
Итбай арам ойын орындау үстінде бетінен қайтпайтын қара жүрек
адуын адам болып бейнеленеді. Ол Тұрлығұл байдан көрген сый-
құрметін айтып мақтанады. Ғайшаның Қожашпен кеткелі жатқанын
көріп, бұлқан-талқан болған Итбай қызының «білегінен ұстап, жел-
кеге екі түйіп, үйге əкеліп енгізеді де, есікті сыртынан тас қылып
байлап»
479
, қолына бақан алып, аттан салып ауылды əбігер етеді.
Қызы
Қожашпенен кетіп, Тұрлығұлдан алғанымды қайта қусам ба деп
шошынады. «Сонша мал берген, сонша дүние берген» Тұрлығұлды
кемсітесің, «кім он екі бие сауып отыр», осының бəрі Тұрлығұлдың
арқасы емес пе? – деп əйелімен егеседі. Сайып келгенде, автор Итбай-
ды, қара пейіл, қатал адам бейнесінде көрсетеді.
Қожаш пен Ғайша бір-біріне ұқсас тілегі бір жастар.
Ғайша
бас бостандығы үшін көрсеткен табанды ісімен көрінбек. Ол жо-
лын тосқан Итбай, Тұрлығұл тағы басқалардың азабынан құтылып,
өжеттік еткен, дұшпандары тұзағында қалмаған қыз болып бейнелен-
бек. Ғайша мен Қожаштың бір-біріне деген сұхбатын асыра айтып
леп бере баяндаған Көбеев: «Мың адам қылыш найзасын сартылда-
тып, бұларды жатқан жерінде шаппаққа келіп тұрса да,
бұл ғашықтар
көңілдеріне һеш бір хауып алмас еді, егер бұларды кескілесе, қатты
денесінің ауырғанын да сезбес еді»
480
, – дейді.
Ғайша:
Ғайшаның теңі қайда, елі қайда?
Бұрынғы уайымсыз күні қайда?
Қалқамды сүйгеніне берем дейтін
Атаның рақымды сөзі қайда? –
деп бас бостандығын аңсайды. Оның ойы орындалуына себеп болған:
мен сені тосқауылдан «құтқарамын... Тұрлығұлдай бай емеспін, қара
басыма ырза болсаң» деген Қожаш болады.
Автор Қожашты мадақтап көрсетпек болса да,
оның жоққа
сеніп жорамал жасайтын қарапайымдылығы бар. Келе жатып, жа-
йын бүркіттің түлкіге түскенін көрген ол: «Түлкі – Ғайша, бүркіт –
Тұрлығұл» дейді. Түн ішінде Ғайшаны алып қашпақ қарбалас үстінде
қыздың ағасы Серғазыға ақша тыққыштап, 25 сом ұсынуы дəл осы
орайда оған жараса ма? Серғазының «Алтын көрсе періште жолдан
479
Достарыңызбен бөлісу: