Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет82/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   107
Байланысты:
full

Көбеев С. Қалың мал. – Қазан, 1913. 66-б.
480
Сонда, 28-б.


241
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
таяр» деп, Қожаш берген азын-аулақ ақшаны оп-оңай алуы қалай? 
Ол əлде Қожаштан сый дəметкен бе? Итбайдың қолына түскелі 
тұрған сағатта жасалған нендей алыс-беріс? – қалай да бұл эпизод 
шығарманың реалистік құнын асырып, Қожаштың да, Серғазының да 
ажарын келістіріп тұрған жоқ.
Қожаш пен Ғайшаның арманы орындалып, мал өсірген ауқатты 
шаруа болғанына қатты ырза болған Көбеев шығарманың эпило-
гында: «Қандай бақытты адамдар еді, бұл үйде тұрған? Шекелері 
торсықтай-торсықтай балалар анау, малдары қалай ажарлы еді! Көп 
ойланбаңыз, бұл үй Қожаштың отауы... Ғайша үйде шай қайнатып 
жүр. Үй айналасында жүрген жеті-сегіз жылқы, бес қанатты үй, ірілі-
уақты он шақты сиыр – барлығы табан ақы, маңдай терімен тапқан 
малдар, Қожаш, рахмет жігіттігіңе, хайырлы болсын»
481
, – дейді.
Ескертілген үлгілерден қазақ прозасының бір кезде недəуір сатыға 
көтерілгені байқалады. Олардан заман шындығы, адамдарының кейпі, 
ісі көрінеді, ерлікке, өнерге, бостандыққа үгіттегендік аңғарылады. 
Патшалық орнатқан қоғамның көптеген айыбы ашылады, бұқараны 
булықтырып ұстамақ болған озбырлар ісі əшкереленеді.
Драма жанры қазақ əдебиетінде кеш дамыды. 1910 жылдардан 
былай арнайы диалогқа құрылған шығармалар жазыла бастайды. 
Олардың ішінде «Үйшік-үйшік», «Байғұстар», «Жұмбақ əңгіме», 
«Екі қыздың мұңы», «Бақсы», «Малдыбай», «Тілмəш», «Манап», 
«Надандық құрбаны» бар. Бұлар қалай да драмалық сипат алған 
шығармалар. Оларда өмірдің құбылысы драма үлгісінде бейнеленеді. 
Адамдардың жайын өз сөздерінен таласынан аңғарту ісіне көңіл 
қойылады. Талас, тартысқа сай персонаждар ісін, мінезін драма жан-
рында көрсету əдебиеттік өнер саласының бірі болып танылады.
Драмалық көне үлгілерінің кейбірінде адамдар орнына «Б, Қ, С» 
сөз таластырып жатады. Мысалы: «Б: – Ей, жігіттер! Бүгін мен бек 
қуанып отырмын, біздің халық баяғыдан бері қор болып, айналасын-
да не болып жатқанын көрмей тұрып, өсіп, өніп келе жатқан қараңғы 
үйдің көп терезелерінің біреуінің ашылғанын естіп. К: сен жерден 
жеті қоян тапқан кісіше жүрегің елпілдеп айтып отырсың «қараңғы 
үй һəш үйдің терезесі ашылды» деп мен не екенін түсіне алмай отыр-
мын.
С: Бақастамай тікелей айтшы, айтатын болсаң, бүкіл қазақ халқы 
сыйып жүрген не қылған қараңғы үй? Не қылған терезе, сені мұнша 
қуантқандай?».
481
 Көбеев С. Қалың мал. – Қазан, 1913. 82-83-бб.


242
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Бұл диалог, əрине, жар-жармен айтыста кездесетін диалог емес. 
Онда бірнеше адамдар сөз таластырады, шығарманың драма түрінде 
жазылғандығы байқалады. Өмірді баяндау арқылы ғана көрсетпей, 
адамдар сөз таластыруды айтыстардағы диалог шеңберінен асып, 
басқа үлгіге меңзеу бар. Бұрын диалогқа құрылған шығармаға қажетті 
мəн берілмей келсе, енді ондай шығармалардың құны арта түседі. 
Əдебиет өрісі кеңейе түсіп, драмалық элементтер шоғырлана бастай-
ды, драма жанрының даму процесі басталады.
Драмалық үзінді ретінде жазылған «Екі қыздың мұңы» атты 
шығармада еркіндік іздеген қазақ қыздары сөз болмақ. Ұлбосын: 
«Малға сатылып мен отырмын, алпысқа келген шалға баруға сен 
отырсың», – дейді. Нұрила: «Шаһарларда қыздар бұрынғыдай шапан 
бүркеніп, ат үркітіп жүруді қойып келеді, өнерлі жұрттың əйелдері 
біздердей қорлықта емес, əйелдерден патша болғандар да бар» деп 
тең құқықты болуға үгіттейді. Ол əділетсіз өмір сүйегін жасытып, 
зəрезап болған Ұлбосынды өрлендіріп, жігерін оятпақ. Əйелдердің 
«көз жастары тыйылар, халық қатарына қосылар, сүйген жарымен 
ғұмыр бойы рахат жасар, бастарынан қара тұман серпілер... мұның 
бəрі бір болар, болар Ұлбосын»
482
, – дейді.
«Үйшік-үйшікте» (1910) персонаждарға арналған диалог та, моно-
лог та бар. Сырым: «жасың отызда, əлі əйелсізсің қайран мал-ай, қайтейін 
сені, малсыз күн өкінішті, байдың парлап ат жегіп, ауылдан ауылға 
қонақтап шалқып жүргені анау. Ол мені Құтпаны құрлы көрмейді», – 
деп бай есігінде өткізген өміріне қынжылады. Бай мен жалшы арасында 
татулықтың жоқ екенін өз тəжірибесінен түсінгендей болады.
«Байғұстарда» (1910) жесір əйелден үміттеніп, топырлап, бірінің 
үстіне бірі келіп, өрескелдік көрсеткендердің күлкі ісі баяндалмақ. 
Сұлушаш абысыны Жамалмен мұңдасады. Жамал: «өлгенді ойлап 
бос қажыма, шамаң келгенше өзіңді таза ұста, жас жаныңды жасыт-
па, ерге барсаң, өзіңнен кішіге тиме, төсегіңді көргенше төбесінен 
көтерер, төсегіңді көрген соң, төбеңе шығар қадіріңді білетін теңіңе 
бар»
483
, дейді. Сұлушаш абысынының бұл сөздерін есепке сала-
ды да, «ананы, мынаны қыламын деуге болып тұр ма? мынау өмір 
күйзелтпей қояр дейсің бе» деп қамығады.
Сұлушашты өзіне сырттай ұйғарғандардың бірі шал, бірі 
байлығына мастанған əйелі бар егде адам, енді бірі Сұлушаш жесір 
482


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет