Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет89/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   107
 Кұнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 70-б.


256
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
өнерге шақырған, ел қамын ойлаған, қүрделі іске ұмтылған қамқор 
ақын екенін білдіреді.
Абай өлең жазсын, басқа ақындар жазғандарынан пайдалансын, 
оның құнттаған бір мəселесі – басқаның ауқымынан аса отыруды 
өзіне зор міндет санайды, өзінің ақындық ісінде өзгешелігі бар ұлы 
ақын екенін ұмытпайды, өз тарапынан көркем сөз, терең ой айтуға 
шамасы мол келетін ақын екенін əбден сезетіндігі көрінеді.
Өз халқының ұғымы, түсінігі, сезімімен санасу – Абайдың өте-
мөте құнттаған мəселесі, тыңнан өлең жазсын, не басқа ақындардың 
өзі ұнатқан шығармаларын аударсын, қашан да жазғаны өтімді, 
халық ұғымына жатымды, көпшілікке түсінікті болуын қатты 
ескеріп, ел санасы ұғымынан қашық кетпеу ісіне көп назар салады. 
Сондықтан басқа халықтың тілінде жазылған өлендерді аударғанда, 
қазақшалауға қиын ұғымдарды, сөздерді халық ұғымына, қазақ тілі 
заңына сəйкес келтіре аударуды айрықша ескереді, оның осы жөнінен 
өте шебер ақын екені аңғарылады. Пушкин, Лермонтов, Крыловтың 
құр ғана аудармашы емес, солардың ақындық қазынасынан пайдала-
нушы жəне ақындық дүниесіне өзі берген үлесінің де мол екендігін 
көреміз. Аты аталған ақындардың тақырып сюжетінен пайдалана 
отырып, сол тақырып сюжеттерге керекті сөз, ұғымдарды өз жаны-
нан қоса отырғандықтан, аудармашылық шеңберінен кейде шығып 
отырады. Абайдың аударма деген еңбектерінің көбі сюжет, тақырып 
жағынан Пушкин, Лермонтов, Крылов өлеңдеріне ұқсағанымен, 
басқа жақтарынан ұқсай бермейді.
«Евгений Онегиннің» Абай кей жеріне ғана көз салған, Пуш-
кин романын түгел аудармай, сол романның тек басты кейіпкерлері 
– Евгений, Татьяна жайында жазған. Бұл кейіпкерлердің тұлғасын 
түгелдей сақтауды Абай онша құнттамайды. Олардың Пушкин 
романындағы қалпын өзінше өзгертіп жіберген. Абайдың Онегинді 
өмірмен қоштастыруы – кездейсоқ нəрсе емес. Бұған қарағанда Абай 
өз шығармасында Онегин ісін өзінше түсініп, Онегин оқиғасын 
басқаша бағалағаны байқалады.
Абай Онегин-Татьяна арасында болған махаббатты, олардың 
халін басқаша түсінідіргісі келеді. Сөйтіп ол «Онегин мен Татья-
на» деген тақырыпқа тыңнан шығарма жазуға бекемделген секілді. 
Өйткені Пушкин жасаған Онегин, Татьяна сипаттары мен Абай 
жасаған Онегин, Татьяна сипаттары бір-біріне онша ұқсамай тұрады.
Абайдың Пушкиннен аударды деген өлеңдерін тексерсеңіз, ол 
өлеңдерге Абай қосқан жаңалықтар аз емес. Абайдан бізге қалған же-


257
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
ке-жеке өлеңдер. Осы жеке-жеке өлеңдер Абай шығармасының жал-
пы схемасы қалай құрылуын айтып тұрған секілді. Сол жеке-жеке 
өлеңдерде болашақ шығарманың түйінді-түйінді жерлері айтылған, 
бірақ сол түйіндердің арасында келіп отыратын оқиғалар берілмеген. 
Сондықтан олар бір ұлы шығарманың үзінділері сияқты. Үзінділерге 
қарағанда, Онегин мен Татьяна оқиғасының желісі былай болуы ке-
рек: Онегиннің кім екендігі туралы, оған Татьянаның ғашық болуы, 
Онегиннің Татьянаға өз жайын айтып, қыздың ғашықтық көңілін 
жұбата алмағаны, кейіннен Онегиннің өкініп, Татьянаға ғашық болуы, 
Татьянаның Онегин тілегін орындай алмауы, дүниеден торыққан Оне-
гин өлімге бой ұсынады. Абай өлеңдеріндегі жаңалықтарға қарағанда, 
Пушкин жазған Онегин оқиғасы мен Абай жазған Онегин оқиғасы 
бір-біріне жалпы ұқсағанмен, соны əр ақын өздеріне хас болған 
өзгешеліктеріне қарай əр түрлі ұғынып, əр түрлі түсінгендігі көрінеді.
Абай жазған Онегин оқиғасында Пушкин романында бар 
нəрселердің көбі жоқ. Мұның үстіне Абай Пушкин романынан ауда-
рылды деген өлендерге де тыңнан сөз, образдар қосып, басқаша ай-
тып отырады.
Абайдың Пушкиннен аударды деген өлендеріне келейік. 
Пушкиннің Онегин туралы жазған өленнің бірінде бірінші тараудың 
Х, ХІ шумақтары мен ХІІ шумақтың басқа алты жолын Абай дəлге 
жақын аударған. Бұл жерде Абай Пушкиннен онша қашықтамай, 
Онегиннің жалпы тұлғасын бұзбау жағын ескерген. Пушкин берген 
сипатты Абай да дəл айтып беруді мақұл көргенге ұқсайды. Бірақ 
Абай ХІІ шумақтың:
Но вы, блаженные мужья,
С ним оставались вы друзья,
Его ласкал супруг лукавый
Фобласа давний ученик
508
, –
деген жолдарын аудармаған. Мүмкін Онегиннің Фобластың шəкірті 
екендігі Абайға ұнамаған шығар. Пушкин Онегиннің əйелшіл адам 
екендігін, кейде өз жолдастарының əйелдеріне де көз сала жүретін 
бозбасшылыққа құмар ұнамсыз мінезден аман емес екенін айта кетеді. 
Абай Онегиннің бұл сияқты келісімсіз ұсақ мінездерін қазымырлап 
айтып жатуды артық көрген. Абай Онегиннің ұсақ мінездерінен гөрі 
оның тəуір жақтарына көбірек көз салады. Сондықтан Пушкиннің 
Онегинді сынай кеткен сөздеріне салқын қарайды. Пушкин 
шығармасынан, əрине, керегін ғана алады, өйткені Абай сипаттамақ 
508


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет