Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет92/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 78-б.
520
Сонда.
521
Сонда, 79-б.


262
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Судите ж вы, какие розы
Нам заготовил Гименей
522
, –
деген сөздер. Сөйтіп орысша тексте екі түрлі өзгеріс кіріп отырған. 
Бір жағынан, қалып қойған сөздер болса, екінші жағынан, тыңнан 
жаңа сөздер қосылып отырған, бұл өзгерістермен бірге Онегин сипа-
тына да өзгеріс кіргені байқалады.
Пушкин шығармасындағы Онегин өзін жоғары ұстап, тəжірибелі 
екенін ескертіп, балалық шегінен шықпаған Татьянаға, пісіп-қатпаған 
бұйығы қызға ақыл айта сөйлесе, Абай шығармасындағы Онегин он-
дай асқақ мінез жасамай, өз басындағы мұңын Татьянаға – өзінің бір 
теңдесіндей шаға келіп:
Басы қатты, сұм жүрегін
Тоқтата алмай өтті де!
Сорға біткен көкірегін
Сөндіре алмай өтті де!
523

дей келіп, «сен есірке», «мен ғаріпті есіңе ал» дегенді айтады. Өзінің 
Татьянадай қыздан құр қалғандығына арманда болып:
Міне, дəулет, міне, асыл қыз
Болды маған арам ас
524
, –
деп қамығып өкінеді. Абай Онегиннің өкінішіне қарағанда, оның Та-
тьянадан айрылуына өз басы ғана кінəлі емес, одан басқа да бір үлкен 
себеп бар секілді. Ал Пушкин Онегині үйленуге бел байламаған адам, 
сондықтан Татьянаның көңілін ырза етуге уəде бере алмайды. Бұл 
арада Онегин өкінсе де, өкінбесе де өз еркі. Абай Онегинінің өкініші 
еріксіз өкінішке ұқсайды.
Татьяна Онегинге көңлі суып бір князьға тиеді. Сұлулығы 
байымдылығыменен көзге түседі. Онегин бір жерде Татьянаны көріп 
құмарланады. Ғашықтығын білдіріп хат жазады. Пушкин жазған 
Онегин хаты:
Предвижу все: вас оскорбит
Печальной тайны объясненье.
Какое горькое презрение
Ваш гордый взгляд изобразит!
525
, –
деген сөздерден басталса, Абай шығармасындағы Онегин хаты:
522
 Пушкин А.С. Евгений Онегин. – М., 1957. 118 б.
523
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 79-б.
524
Сонда.
525
 Пушкин А.С. Евгений Онегин. – М., 1957. 114-б.


263
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Құп білемін, сізге жақпас
Ескі жара білтелеу.
Ақ жүрегің енді ұнатпас,
Мезгілі жоқ қай медеу?
526

деген жолдармен басталады. Абай жазған Онегин хаты мен Пушкин 
жазған хатының бұл бір-біріне ең ұқсас деген жерлері.
Жалпы мағына, сарын жақтарының дəлме-дəл емес екені жай 
салыстырудың өзінен-ақ көрініп тұр. «Ескі жара білтелеу, ақ жүрегің 
енді ұнатпас» деген жолдар Пушкинде жоқ. Міне, сөйтіп екі хаттың 
біріне-бірі жуық деген жерлерінің өзінде недəуір айырма бар екенін 
көреміз. Абай Онегині бұрынғы үмітсіздіктен арылып, бойына қайта 
қуат кіріп, қайраты құрыш болып, мұз жүрегіне жылы қан жүгірген 
адам екенін ескерте келіп, Татьянаның бір кезде оған ғашық болғанын 
сылтау етіп:
Сен – ағашта піскен алма,
Əзір едің алмадым.
Құп кіріптар қылдың алла,
Əлде мені қарғадың?
527

десе, осы өлеңнің енді бір жерінде:
Он сегіз мың бұл ғаламның
Бар тынысы күнде тұр.
Мен сықылды сорлы адамның 
Ықтияры сенде тұр
528
, –
дейді.
Бұл өлеңді Пушкин жазған Онегин хатының сол бір жерінен 
аударған ғой деп айтуға еш болмайды. Бұл сөздерді айтып отырған 
Абай Онегині. Абай Пушкин жазған Онегин хатының жалпы сарыны-
на көз сала отырып, өзінше жазады. Сондықтан бұл екі хаттың сөздері 
біріне-бірі сəйкес келмейді. Онегин ғашықтығын айтқанда:
Не болайын, тез болайын,
Ақ жүзіңді көрейін
529
, –
деп, болмаса, «қайғысы асқан шерлі адам» деп егіле сөйлейді. Оның 
ғашықтығының өзі шерлі ғашықтық. Оның тыныс қылғаны жалғыз 
ғана Татьяна, сондықтан:
526


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет