258
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
болған Онегин ұсақ мінездерден аулақ адам болуы мақұл. Көп жер-
де Абай Онегин сипатын өзінше бере отырса, кейде Онегин сипатын
Пушкин берген қалыпта беруді онша теріс көрмейді, өлеңнің бір
жерінде Онегин жайында:
Биттей
бойы босаса, сезер сонда,
Жастық жеңіп, көңілді шайқағанда
509
, –
дей келіп, Онегиннің ғашықтық тіліне шебер екенін ескертіп, Пуш-
кин романында жазылған:
Подслушать сердца первый звук,
Преследовать любовь, и вдруг
Добиться тайного свиданья...
И после ей наедине
Давать уроки в тишине!
510
–
деген жолдарды Абай:
Жүрегі
қалай соқса пайым қылар,
Жылы ізін суытпас, дамыл көрмес,
Бір оңаша жолығар жер айтқызар
Ел аулақта оңаша қолына алып,
Көңліндегі сабағын айтып тынар
511
, –
деп тəржімалайды. Абай Пушкиннен алынған бұл бес жол өлеңнің
екінші
жолы болмаса, басқаларын дəл аударуды құнттаған.
Онегинге ғашықтығын айтып, Татьяна хат жазады. Пушкин ро-
манында да жігітке əуелі хатты қыз жазады, жүректегі сырын көңлі
түскен жігітке таза ниетпен қорғанбай білдірген батыл, жарқын
қыздың бұл мінездері Абайға да теріс көрінбейді.
Сондықтан Онегин
оқиғасының бұл жеріне Абай айрықша көңіл қояды. Татьяна халінде
болған жас қыз өз ғашығына кірлемеген таза ойын қалай айтуы жөн,
көңліндегі нəзік сырын қалай жеткізуі керек? Міне, Абай мəселенің
осы жағына да ой бөле кетіп, бұл жөнде өз ойын да айтқысы келіп,
Пушкин романындағы Татьяна хатының кей жерін аударумен бірге
өз жағынан жаңа сарын, жақсы сөздер қоса отырады.
Сондықтан
орыс тіліндегі Татьяна хаты мен қазақ тіліндегі Татьяна хатының кей-
де ұқсасып, кейде ұқсаспай отыратын жерлері аз емес.
Пушкин жазған Татьяна хаты:
509
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. –
Алматы, 1957. ІІ т. 72-б.
510
Пушкин А.С. Евгений Онегин. – М., 1957. 53-б.
511
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. –
Алматы, 1957. ІІ т. 73-б.
259
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Я к вам пишу – чего же боле?
Что я могу еще сказать?
Теперь, я знаю, в
вашей воле
Меня презреньем наказать
512
.
деп басталса, Абай жазған Татьяна хаты:
Амал жоқ – қайттым білдірмей,
Япырау, қайтып айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не
салса да тартамын
513
.
деген жолдарымен басталады. Татьяна хатының бір жерінде өз
басының мұның шаға келіп, оның жабыққан халіне əлде Онегин
мейірімі түсіп, көңлін бөлмес пе екен деген сияқты пікірін айтады.
Татьянаның бұл ойына лайықтап Абай мынау жолдарды жазады:
Талапсыз, бақсыз мен сорлы,
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көңлім бұл құрлы,
Байқалар
халім бұл хаттан
514
.
Татьянаның күйінішті халін Абай Пушкиннен гөрі аяныштырақ
етіп көрсетеді. Татьяна өмір ауыртпалығына ұшыраған, «талапсыз,
бақсыз» сорлы, жалғыз жүріп зарланған жан секілді. Татьяна тек
ғашықтықтың зардабын шеккен, соның отына ғана өртенген адам
емес, оның «бақсыз» болуына одан да басқа себептер бар секілді.
Бірақ Абай бұл жөнде өзінің толық пікірін айтпай кеткен. Мұны
Татьянаның айрықша халін оның қайғылы мұңға байланысқан зары
мен сөздерінен аңғаруға болады.
Татьянаның ғашықтық сезімін білдірудің
өзінде өзгешелік бар,
оның мұңы зарлы, ғашықтығы да əншейін ғашықтық емес. Татьяна
хатының бір жерінде:
Əлімше мен де ұялып,
Білдірмей дедім өлсем де.
Шыдар ем күйіп мен жаным,
Айында бірер көрсем де...
Болмады көріп қалуға,
Есітіп біраз сөзіңді.
512
Достарыңызбен бөлісу: