Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет86/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107
Байланысты:
full

ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ МЕН ОРЫС 
ƏДЕБИЕТІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Орыс халқы мен түркі тектес халықтардың, оның ішінде 
қазақтардың, татарлардың, өзбектердің, қырғыздардың арасында болған 
түрлі қарым-қатынас жүздеген-жүздеген жылдар бұрын басталған. 
Түркі тектес халықтардан шыққан Əл-Фараби, Низами, Науаи, Ұлықбек, 
тағы басқа да ұлы адамдар болған. Самарқант, Ташкент, Бұхар, Москва-
дан əлдеқайда көне қалалар – Отырар, Қазан, Тараз, Əулиеата сияқты 
қалалар кезінде мəдениет орнаған орындар. Түркі тектес халықтар 
мен орыс халқы бір-біріне алма-кезек бағынған, бір-біріне үлгі, өнеге 
ауысқан. Əріден келе жатқан мəдениеттік, шаруашылық, саясаттық бай-
ланыс сонау алғаш басталған кезінен үзілмей дамып келеді.
1729 жылғы «Ақтабан шұбырынды» қазақтарды əлсіретіп кетеді, 
бейбіт ел сүргінге ұшырайды. Мекенін тастап, жан-жаққа ауып кет-
кендер көп заман есін жия алмай қалады.
Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ағайыннан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді, –
деген жолдар сол бір күйзеліс дүрбелең кездің куəсі.
Халықтың қамын ойламаған, патша қолтығына тығылып, жан 
сақтауды мəртебе көрген, елмен есептеспеген хандар, сұлтандар, төрелер 
бас көтереді. Өз ішінен шыққан жуандардан азап шеккен халық енді 
патша тепкісіне қоса түседі. Қазақтардың өз ішінен үкіметке қолайлы 
қызметкерлер дайындау ісі қолға алынады. Интернаттар ашылады. Бала-
мыз орысша оқып, тілмаш, адвокат болса екен, орыс ұлықтары қатарында 
жүрсе екен дейтіндер көріне бастайды. Бұлармен қатар орысша оқыған 
бала миссионерлер уысына түсіп, діннен шығып, елді жатсынып кетеді 
деп шошынғандар да болған. Орысша оқығандардан саналы азаматтар 
шығар деп үгіттегендер де бар еді. Балғожа би: «Құрық сүйреткендердің 
бірі болып жүре берсең, балам не тыңдырар едің?» – деп Ыбырайды 
орысша оқытса, білім ал десе, Абай:
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, – деген. 


251
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Патша қол астындағы ұлттар өсіп, не өшіп келе ме? Олардың 
өркендеуіне жазмыштың өзі бөгет пе? Болмаса, бір жайсыз жағдай 
мешеулікке ұшыратуда ма? Сол жағдай жойылса, əлеуметтік-
экономикалық, саясаттық қысымға алу тыйылса, ел ғылым-білімге 
жұмылса, жұрт еңсесі көтерілер еді деген сияқты сұрақтар туады. 
Осы сұрақтарға мəн берген Н.М.Ядринцев: «Егер бұл елдердің 
өсуіне мүмкіндік туса, олар өз қабілеттілігін танытса, онда оларды 
күлліге қажет күнкөрістің ең жоғарғы игілігінен жырып тастауға 
болмайды»
500
, – дейді.
Бодан болған елді жасытып, жаншып, үркітіп ұстаған патша мен 
ханға қарсы шыққан Махамбет сияқты қазақ елдерінің ғибратты ісі – 
патшаның қалаулысы атанып, шен-шекпен, мансапқа салынғандардан 
безінудің бір айғағы еді. Патша халыққа адал азаматтарды тілегіне 
жеткізбей жазаға, қазаға ұшыратқан. Халықтың бас көтерерін сүргінге 
салатын, тек елін сатқан азғындарды көтермелеген.
Біртұтас күрделі мəдениет жасау үшін түрлі халықтардың 
мəдениетін, əдебиетін, тілін жою еш пайда таптырмас, əр халықтың 
берері бар, өзіне тəн өнері, үні бар. Халықтарды адам баласы игілігіне 
қосар үлестен шет қалдырмау ісіне жол ашу жөн деген сияқты 
ойға мезгеушілер аз еді. Ұлттар өркендеуін ойлаған, қазақтардың 
келешегінен үміттенген оқымыстылардың, жазушылардың түсінігі 
бір өреде емес-тін. Бұлардың кейі дұрыс ниет білдірсе, кейі күмілжіп, 
мүсіркеп сөйлейтін. Ағынан жарылып, қазақтар өз алдына тəуелді 
ел болса екен деп тілейтіндер қанша еді? Олар көбінесе, қазақтар 
бағыныштылар деуден аспайтын. Алайда олардың ішінде қазақ 
халқына жан тартқандар да бар еді.
Қазақ əдебиеті өзінің даму процесінде тек ұлттық шеңберде 
қалып қоймаған. Батыс, Шығыс əдебиетінен үйрене өсті. Фирдоуси, 
Низами, Фзули, Науаи поэзиясымен қатар Пушкин, Лермонтов, Гете, 
Крылов поэзиясынан нəр алды. Қазақ əдебиетінің түрлі нұсқаларын 
орыс оқушылары өз тілінде оқи бастайды. Қазақ оқығандары мен 
орыс оқығандары арасында болған қарым-қатынас, достық – бұл екі 
елдің бір-бірін тереңірек, дұрысырақ түсінуіне демейді. Шоқанның 
Потанин, Достоевский, Дуров, Ядринцев тағы көптеген орыс 
оқығандарымен ақылдас болуының, Алтынсариннің сандаған орыс 
ниеттестері болуының, Абайдың Михаэлис, Долгополовпен қарым-
қатынас жасауының қазақ халқының мəдениеті, əдебиеті үшін 
айрықша мəні болды.
500 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет