Есенгелдин М. Манап // Айқап. 1914. № 18. 66-б.
248
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Мұңайып мұңын айтып жылап
Отырған қазақ қызы теңдік тимес
496
, –
дейді. Гүлбаһрамды Атамқұлдан айырып, көп қалың алып, зор-
лап Əлімбек байға бермек болған Ұзақтың қанішерлігіне жəне бас
теңдігі үшін, ар-намысы үшін жазықсыз қаза тапқан жас қызға мы-
нау сцена арналады: «Ұзақ: – Қызым, ақырғы сөзімді айтып өтінемін.
Атамқұлдан үміт үз. Əлімбекке бар, болмаса мен сені қарғаймын.
Гүлбаһрам: – Əке, өзің ойлап қара, мен күйеудемін, Əлімбек жа-
сарын жасаған, енді ол көрдің жағасына келіп тұр ғой. Ұзақ: –
Атамқұл көрдің ішінде жатыр ғой. Гүлбаһрам: – Жоқ, ол тірі, мен сол
Атамқұлға кетемін. Ұзақ: – Кетпейсің! Мен сені өлтіремін (қынынан
пышағын алып қызын өлтіреді, анасы жүгіріп келеді). Ана: – Қой,
қызымның сүйегінің қасында мен де жатайын. Онымен бірге қабірге
кірейін. Жалғыз-ақ, жасаған ие, тілейтұғыным, бұдан былай сорлы
қыз, əйелдердің жазмысы біздің жазықсыз қанымызбен жуылсын
(пышағын салып өзін-өзі өлтіреді)»
497
.
«Надандық құрбаны» авторы қазақ арасында надандықтан бо-
латын істер бар, адам ауырса, оны жуан сақал молдаға емдетеді,
дəрігерлердің орнына қайдағы бір бақсыны шақырады. Олар талайлар-
ды ажалынан бұрын өлтіреді. Араздасқандар жала жабысып жүргені:
«шал екең алмайды, мал екең алады» деп əйел үстіне əйел алатын да
аз ба! «Міне, осындай қырда болып жатқан көп надандардың бірер
жарымын, қолдан келгенше ойын кітабы етіп жазып, қазақ арысына
ұсындым»
498
, – дейді.
Шығармада шынында да надандық батпағына батқандарды
көресіз. Бұлар ғылым, білімнен хабарсыз жүрген көзсіздер. Олар
көне өмірдің тозған көнін қастерлегендер болып сипатталады. Пара
беріп, мансапқа жету, жаламен адам соттату сияқты істерді əдетіне
айналдырған надан болыс Байжанды, бірде неке оқып, бірде үшкіріп,
бірде «пайғамбар ғалейһүссəлемнің сілегейі» шипа болады деп,
жұртты алдап жан жалаңдаған Сүлеймен молданы, «албасты бас-
ты» деп жүкті əйелді қинап өлтірген Бурақан бақсыны, қызын Бай-
жан болысқа бермей, өзінше əкелік міндетін атқарған Тоқсанбайды
көресіз.
Болыс Байжан надандығына көре, Сүлейменнің: «Мен тақсыр
дəрігермін. Мəдине, Мекке жақтан келгеніме екі жыл болды. Қазір
496
Есенгелдин М. Манап // Айқап. 1914. №14. 233-б.
497
Сонда, 295-б.
498
Төгісев Көлбай. Надандық құрбаны. – Уфа, 1915. 9-б.
249
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
неше түрлі даруларым бар. Міне, бұл пайғамбар ғалəйһүссəлемнің
сілегейі» деп момпаси бергеніне жəне тамыр да ұстаймын, молдалық
та қылам, үшкіріп те жазам»
499
, – деген сөздеріне сенеді. Шешекпен
ауырған баланы үшкіріп емдеген ақысына Сүлеймен қара қой ала-
ды. Неке қиса: «берген қой арық болмасын, арық қойды шариғат
көтермейді», – дейді. – Міне, пьесадан көбінесе көретініңіз осындай
бір ұсқынсыз жандар.
Шолып өткен драма үлгілерінің заманында жұрт алдына түсіп,
əдебиеттік кəдеге асқандығы байқалады. Бұлар өткен өмірден мағлұмат
беретін тарихи мəні бар шығармалар. Олардың тақырыбын, уақиғасын
кімді мақтап, кімді сынағанын, өмірді қалай топшылағанын, адамдар-
ды қалай көрсеткендігін, заман ыңғайын барлап, нені көксегендігін
еске алсақ, бір ортақ сарын: бай, болыс, ұлықтардың озбырлығын
көрсету, əйелдер теңдігін жырлау, надандықты сынау, ғылым-білім,
өнерге үгіттеу, парақорларды жалақорларды аластау.
499
Төгісев Көлбай. Надандық құрбаны. – Уфа, 1915. 9-б.
250
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Достарыңызбен бөлісу: |