Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет93/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 82-б.
527
Сонда, 83-б.
528
 Сонда.
529
Сонда, 98-б. 


264
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Бар ма өмірім, қармалайын,
Жоқ болса мен өлейін
530
, –
дейді. Абай шығармасындағы Онегиннің махаббатқа арнап айтқан 
сөздері мұңға боялған зарлы сөздер. Оның ойы, сезімі Пушкин 
романындағы Онегиннен басқарақ. Сөйтіп, бұл екі Онегиннің 
өздеріне хас болған өзгешеліктері бар, ол екеуі бірінің-бірі копиясы 
деу үстірттік екені анықталады.
Бұл арада мəселе екі Онегиннің біріне-бірі тіпті ұқсамауында 
емес, жалпы ұқсастықты көре білумен бірге, сол біріне-бірі ұқсас екі 
кейіпкер өзгешіліктеріне де назар салу ғылыми түсінік үшін қажет.
Бір күні отырған Татьянаның үстіне кіріп келген Онегин 
Татьянаның хат оқып отырғанын көріп, оның аяғына келе жығылады. 
Əрі-беріден кейін Татьяна: «Жетер, тұрыңыз, жайымды ашық айтуым 
жөн», – дей келіп, Онегинге былай дейді:
Онегин, я тогда моложе,
Я лучше, кажется, была,
И я любила вас; и что же?
Что в сердце вашем я нашла?
531
Абай шығармасындағы Татьяна сөзі:
Тəңір қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ең.
Ол кезімде бала едім мен,
Аямасқа бекіп ем
532
, –
деп басталады. Абай жазған Татьяна сөзі мен Пушкин жазған Татья-
на сөзі бір-біріне онша жуықтамайды. Бұл жерде Пушкин де, Абай 
да Татьянаның қыз кезінде Онегинді сүйгендігін, оның Татьянаны 
жар ете алмай кеткенін айтады. Бірақ Абай Татьянаның ойын айту 
үшін Пушкин қолданған сөздерден басқа сөздер қолданады. «Тəңір 
қосқар жар едің сен» деген сөздер бұл жерде Пушкин Татьянасының 
аузынан шықпаған сөздер. Пушкин жазған Татьяна сөздері мен Абай 
жазған Татьяна сөздері арасында айырым бар.
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
Тірі қалдым, өлмей əрең,
Қатты батты тырнағың
533
, –
530
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 98-б.
531
 Пушкин А.С. Евгений Онегин. – М., 1957. 220-б.
532
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 85-б.
533
Сонда, 85-б.


265
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
деген жолдар Абай Татьянасының өзіне арналған. Бұл секілді сөздер 
Пушкин романының еш жерінде жоқ. Абай тек қана аудармашы ақын 
болмағандықтан, өз ақындығы сарынымен кетіп, өз жағынан тың 
сөздер, теңеулер беріп, Татьяна сөзін жаңғырта жазады. Сондықтан 
да Абай Татьянасының сөзі басқаша келеді. Татьянаның махаббаты, 
не сезіміне арналған сөздерде өзгешелік бар, өйткені оның Европа 
əйелі, болмаса Пушкин Татьянасының көзқарасынан көрі, күншығыс 
ақындары жырлаған махаббатқа жуық келетін жері аз емес. Абай 
Татьянасының:
Қаймақ едің көңлімде,
Бізге қаспақ болды жем
534
, –
деуі – Пушкин романындағы дворян қызына, салтанатты сарай 
маңында жүрген Татьянадай қастерлі дамаға хаттə өрескел көрінуі 
ғажап емес. Абай Татьянасының бұл «қаймақ, қаспақ» деген сөздері 
Пушкин Татьянасына қолайсыз сөздер, бұл мал өсіріп, көшіп-қонып 
жүрген қазақ қызы айтқан сөздер емес пе? Абай Татьянасы, бір 
жағынан, нəзік сезім, терең ойларын білдіре отырса, екінші жағынан, 
өз халқынан қашықтамаған. Сөйтіп екі Татьянаның бір-біріне жат 
мінездері, сөздері бар екенін байқаймыз, олардың ой-сезімінде, 
тəрбие-тəлімінде, мұң-зарында, махаббатқа көзқарасында өздеріне 
хас болған өзгешелік бар. Сондықтан олар кейде бір-біріне ұқсас, кей-
де ұқсамайды. Ол екеуінің бір мұңдас келетін жері – Пушкин Татья-
насы Европа жағдайында өмірден соққы жесе, сол секілді соққыны 
Абай Татьянасы басынан өткізеді. Бірақ екеуі екі жақтың адамдары 
болғандықтан, өз сөздерін өздерінше айтады, өз елдерінің қызы бо-
лып айтады.
Абай Татьянасы да Онегиннің өзіндей өкінген, өмірден о да 
торығып, құр сүлдері жүрген жан секілді. Ескі ғашығы Онегинге 
мұңын шағып:
Сорға біткен ғашығымсың,
Неге тым кеш сермедің?
535

деп, бір кезде Онегинді ұнатқанын еске алып:
Жар табылмас сен секілді,
Мен де сендей сорлы жар
536
, –
дейді.
534


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет