280
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Қайықтай теңіздегі бұлғақтасып,
Келеді тізген түйе құмды шашып...
Ширығып секіреді анда-санда,
Оқ тиген жолбарыстай батқан жанға.
Шағында қараңғы боп шапақ батқан
Естілді балта даусы балта шапқан
566
.
И.А.Крыловтың «Крестьянин и река», «Кукушка и горлинка»,
«Лисица и виноград», «Соловьи» деген шығармаларынан қалып
қойған сөз тіркестері бар. Əнімен жағып, қоршаудан құтылмақ болған
бұлбұлдың бір ісіне Крылов екі жол арнап:
И песнью он зарю вечерню величает.
И песнями восход он солнечный встречает
567
, –
десе, шығарманың осы жерін өзінше толықтыра, ажарлай түспек
болған Бекет екі жолды төрт жолмен аударады:
Сайрайды сəуле беріп таң атса да,
Болмаса, кешке айналып күн батса да.
Алады мың құбылтып, құйқылжытып,
Жақындап түн ортасы ел жатса да
568
.
Бекет аудармалары сəтті шыға бермеген. Ол кейде оригиналдың
бір жерін дұрыс аударса, бір жерін долбарлай тəржімалайды. Балапан
қарғаның желігіп, қой ілмей, қозы ілген бүркітті қомсынып:
Уж брать, так брать,
А то и когти что марать!
Бывают и орлы, как видно, плоховаты.
Ну, только ль в стаде что ягняты?
Вот я как захочу,
Да налечу,
Так царский подлинно кусочек подхвачу
569
, –
деген сөзін Бекет былай аударады:
Ойлады құс шығар деп бұл жамандау.
Қозыға жөн бе дейді тырнақ қандау?
Жəне де өзініңде көңлі болып,
Ойына кірді қиял қарап қалмау.
Тапқаны жас қозыма мұнша қойдан,
Мен ұшсам мұндайға бас ұра қойман.
566
Өтетілеуов Б. Жиған-терген. – Орынбор, 1914. 10-б.
567
Достарыңызбен бөлісу: