Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет101/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   107
 Крылов И.А. Басня. – М.; Л.: Изд. АНСССР, 1956. 200-б.
568
 Өтетілеуов Б. Жиған-терген. – Орынбор, 1914. 15-б.
569
 Крылов И.А. Басня. – М.; Л.: Изд. АНСССР, 1956. 63-б.


281
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Шындасам, патша алдынан əкетер ем
Тамағын дастарханға салып қойған
570
.
Бекет Крылов шығармасының сатиралық, интонациялық, 
ырғақтық көркемдік өзгешелігін дұрыс жеткізбеген деп жатпағанның 
өзінде, кейбір сөз тіркестерін байымына бара аударуды ұқыптамайды.
«Откупщик и сапожниктен» де Крылов шығармасының ажары түсіп 
қалғаны байқалады.
Живи ты при своем богатстве:
А мне, за песни и за сон,
Не надобен ни миллион, –
деген шумақты:
Сіз маған, мен ғажаппын көп бергенге,
Басқадан мені тəуір һəм көргенге.
Берсең де бірақ маған көрінбейді,
Өлең мен ұйқым үшін миллион теңге
571
, –
деу де сəтті шықпаған.
«Мешоктың» алдыңғы жолдарын бір сүре дұрыс аударған Бе-
кет, соңғы он жеті жолды төрт-ақ жолмен тəржімалап, шығарманың 
идеялық, сатиралық қасиетін арттырып тұрған сөздерге лайықты на-
зар салмаған. Крыловтың «великое дело миллион» деп, басы тозған 
қаптай құнсыз болса да, қалтасы қалың шағында, граф, князь, вель-
мождармен кəдірлес, «Играют запросто в бостон» деген сөздерге 
қандай мəн бере айтқаны дұрыс ескерілмеген. Ол «Орелды» – қарақұс, 
«философты» – білгішім деп тəржімалады.
Светлейший лев! - ответствуют вельможи, – 
Кто станет для тебя жалеть своей
Не только шерсти – кожи,
И мало ли у нас мохнатых здесь зверей
572
, –
деген жолдарды:
Жиылған сол арада аю қасқыр,
Бас ұрып арыстанға, деді тақсыр,
Жүн түгі терілерін аямайды
Халқыңыз сіз əдейі айтқаннан соң
573
, –
деп тұспалдай аударады. «Светлейший лев, вельможи» деген 
сөздердің орнын «аю, қасқыр» деген сөздер басады, «халқыңыз сіз 
570
 Өтетілеуов Б. Жиған-терген. – Орынбор, 1914. 27-б.
571
 Сонда, 32-б.
572
 Крылов И.А. Басня. – М.; Л.: Изд. АНСССР, 1956. – 238-б.
573
 Өтетілеуов Б. Жиған-терген. – Орынбор, 1914. 36-б.


282
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
əдейі айтқаннан соң» деген сияқты оригиналда жоқ сөз тіркестері 
пайда болады.
«Айқап» журналы бетінде жарияланған аудармалар ішінде 
Л.Н.Толстойдың «Ильяс», А.Чеховтың «Грач», И.А.Крыловтың 
«Стрекоза и муравей» деген шығармалары бар. «Стрекоза и муравейді» 
алғаш аударған Абай болатын. Бұл шығарманың бір аудармасын 1910 
жылы жарияланған С.Көбеевтің «Үлгілі тəржімасынан» да оқисыз. 
Журнал бетінде жарияланған тəржіма Крылов шығармасының құнын 
түсіріп жіберген демесек те, Крыловта жоқ:
Айтты да шегірткеге мұны күліп,
Құмырсқа теріс қарап кетті жүріп.
Һəр кімге мұны оқыған берген ғақыл
Жүрмеңдер келер күнде мұндай болып, –
деген сияқты автордың өзі қосқан жолдар Крылов баснясына онша 
келісіп тұрған жоқ.
Революциядан бұрынғы орыс əдебиетшілері қазақ əдебиеті 
үлгілерін орыс тіліне аударса, қазақ ақындары орыс ақындары 
шығармаларын қазақ тіліне аударды, бұл ақындар орыс əдебиетінен 
нəр алудың алғашқы жолдарын белгіледі. Бүгінгі өреден бұл 
аудармалардың кейбірі сапасы онша емес десек те, бірақ сол нұқсанды 
деген аудармалардың да заманына қарай тарихи орны бар. Олар бір 
кездегі қазақ əдебиеті мен орыс əдебиеті арасындағы құнды аударма-
лар.
* * *
Патша заманында қазақ халқына, оның келешегіне үрке 
қарайтыңдар көп-тін. Ол кездің билеуші тобы қазақ, қырғыз, татар, 
өзбек сияқты Орта Азия халықтарын шеттетуді мəртебе санайтын. 
Арам ниетті бұл топ елді бұратаналар қатарына қосатын. Халықтың 
тілі, əдебиеті, мəдениеті өсуін тілемейтін, өшуін тілейтін. Былай да 
қоғам қыспаған көре-көре азабы асқан халықтарға зорлық-зомбылық, 
зұлымдығын жасай беретін. Қара ниетті қарауларға қосылмаған, 
қазақ халқының елдігін, əдебиетін сақтауды құнттаған орыс жазу-
шылары да бар еді. Заманына қарай қазақтар жайын сөз еткендер 
ішінде В.Ушаков, В.Даль, Н.Веселовский, Г.Потанин, В.Радлов, 
Д.М.Львович, П.Инфантьев, Г.Гребенщиков тағы-тағылар бар. Бұлар 
өздерінше қазақ халқына қамқорлық жасады, орыстар мен қазақтар 
арасына дəнекер болуды ойластырды. П.Инфантьев Орта Азия 
халықтары жайында татаусыз анекдоттан басқа тартымды ештеңе 


283
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
білмей білгішсінгендерді көреді. Оның бір ойынша, Орта Азия 
халықтарының рухани өсуіне кедергі келтірмеу керек, олар бізге іні 
есепті, олардың түрлі мұқтажын өтеуден бас тартпау мақұл. Отанның 
керегін білгісі келген саналы адам алдымен империя құрамындағы 
халықтардың жайын, халін жақсы білгені жөн. Халықтардың бір-
біріне болыспай, көз алартысуы ұшпаққа жеткізбейді. Ғылым-білім, 
өнерден шала қалған елдердің бірі қазақтар кең пейіл, қонақшыл, 
білмегенін білсем деп тұрады. «Қазақтар – дарынды халықтың бірі. 
Олардың сөздері жатық, шешен, көркем келеді»
574
, – дейді.
Қазақ халқы орыс мəдениетінен нəр алуы арқылы қатарға 
қосылады деген ойға мегзеген, елді ғылым-білімге жұмылдырмақ 
болған орыс уəкілдерін кездестіресіз. «Киргиз-кайсак» (1930), Би-
кей-Мауляна» (1860), «Киргизский народный певец Ногайбай» 
(1889), «Киргизский рассказ о русских завоеваниях в Туркестанском 
крае» (1894), «Жақсы жігіт» (1908), «По киргизской степи», «Путе-
вые очерки» (1914) сияқты көптеген шығармалар жарияланды. Бұл 
шығармалар шама-шарқына қарай орыс қауымын таныстырған, екі ел 
ынтымағынан үміт күткен шығармалар.
Қазақтар жайын сөз етпек болған көне əңгімені бірі – «Кир-
гиз-кайсак». Бұл шығармадан қазақ өмірін білмегендік, үстірттік 
сезіліп тұрады. Сонау 1830 жылдары бұл сияқты шығарманың 
жариялануының өзі ойланарлық жай. Ол кез – крепостное правоның 
күш алып тұрған кезі. Пушкин, Гоголь сияқты орыс жазушыларының 
реалистік прозасы жапырағын жаңа жая бастаған-тын. Ол кезде пат-
ша қол астындағы халықтар идеологиялық, экономикалық құлдықта 
еді. Сарай жағалаған дворяндарды, ақсүйектерді, князьдарды сынауға 
жол ашық па еді?
Билеуші топ уəкілдері қазақтарды «дикари» деп осқырса, 
мұжықтарды құлданатын, зорлық-зомбылыққа ұшырататын, өздерінің 
күйкі түсінігіне настанатын. «Киргиз-кайсак», міне, осындай бір 
ауыр жағдайда жарық көрді. Шығармада қоғам адамдары арасындағы 
алшақтық, ақсүйектерден ынжықтар, надандар, пасықтар шығып жа-
татыны айтылады. Бұлардың кейбірі ақсүйекпін, орыс князымын деп 
қоқиланғанмен, олардың мардымсыз жандар екені көрсетіледі.
«Киргиз-кайсактан» қазақ, қалмақ, қырғыз, башқұрттың орыс-
пен жəне оның ақсүйектерімен тең праволы болуы мүмкін емес 
дейтіндерді көресіз. Осы сияқты түсінікке төзбеген автор: қазақ 
нəсілді адам орыс ақсүйегінен кем бе? Бір елді рабайсыз мазақтап, 
574


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет