Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет97/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107
 Пушкин А.С. Капитанская дочка. – М.: Изд-во худ.лит. СССР, 1953. 78-б.


273
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
лы қырықтың шамасында ғана адам екен. Жылтыраған қара көздері 
қашқынға ұқсас-ты... Олардың арасында боз аттың үстінде қылышын 
суырған қызыл шепкенімен бір адам көрінді. Бұл Пугачев болды... Мен 
бұлардың мəжілісіне ғажайыптанып қарадым. Пугачев əдемі ғана кісі 
екен. Кейпіне қарағанда залымдығы білінетін емес... Жоқ, қарға, бұлай 
өлік жеп, үш жүз жыл жүргенше, таза қан ішіп отыз жыл тұрғаным 
артық деді. Жақсы ма қалмақ ертегісі? – деп менен Пугачев сұрады»
545

«Капитан қызында» көрсетілген алуан адамдар ісі қазақ 
оқушыларына ой туғызып, Пугачев оқиғасы, шаруаларды жақтап қан 
төккен Сырым, Исатай батыр, Махамбеттің ерлік істерін естеріне 
салуы да ғажап емес еді. Аударма шаруаларды қанап, қалтыратып, 
жасытып ұстаған, ақ сүйектерді басына көтерген, қол астындағы 
елдерді езумен болған патшаға қарсы шыққан Пугачевпен таныс-
тырады. 1773–1775 жылдары болған крестьяндардың стихиялық 
көтерілісінің көсемі Пугачевтың ерлігі, қара халыққа жақындығы, 
дарындылығы, байымдылығы, адамшылығы, мейірімділігі, халық 
жауына қаһарлылығы айтылады.
Пугачевтың патша жалақорлары жамандағандай «қарақшы» 
емес, тронға қауіп төндірген əділ, қаһарлы күштің уəкілі екендігі де 
байқалғандай. Пугачев халыққа қиянат еткендер ісіне төзбейді. «Я 
проучу Швабрина, он узнает каково у меня своевольничать, и обижать 
народ. Я его повешу»
546
, – дейді. Пугачев жақсылыққа жақсылық ете 
білетін, əйел теңдігін қостайтын, өлексе жеген қарға ісінен түңілген, 
көк еркесі қыран болуды армандаған, бір сөзді, ақылды, ақ жарқын 
кішіпейіл адам болып та сипатталады. Пугачевтың адамшылық 
қасиетін аңғарған Гринев: «Слушай, как тебя назвать не знаю, да и 
знать не хочу... но бог видит, что жизнью моей рад бы я заплатить 
тебе за то, что ты для меня сделал»
547
, – дейді.
Пугачев уақиғасы Гринев атынан баяндалады. Ол кейде пат-
ша офицері дворян екендігін ұмытпағансып, Пугачевты қыжырта 
сөйлесе де, Пугачевтың осал жан еместігін түсінетін сияқты. Оның 
крестьяндарды жақтаған ісін теріс те көрмейтін сияқты. Гринев Пу-
гачевты өлтіргелі жатқан жерге келіп, көп ішінен қарап, Пугачевке 
құрмет ишарасын білдіреді. Ол «кивнул ему головой, которая через 
минуту, мертвая и окровавленная показана была народу»
548
делінеді.
545
 Бекимов М. Капитан қызы. – Қазан, 1903. 5, 7, 25, 32, 40-бб.
546
Сонда, 104-б.
547
 Сонда, 115-б.
548
Сонда, 140-б.


274
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Аудармада Пугачев, Гринев, Швабрин, Миронов, Машадан 
басқа адамдар жайында да мағлұматтар беріледі. Бұлардың ішінде 
Пугачевке қарсы əскери кеңес ашып, «наступательно, оборонительно, 
подкупательно» амалдың қайсысын қолдану қолайлы деп үрейленген 
Орынбор генералы, бариндардың сөгуіне де көніп үйренген Пуга-
чевке қолға түссе де, атаман адамдарынан көйлек-көншек даулап 
əуреленген, өз барины Гриневке де күлкі болған. Пугачевтан «глу-
пый старик, менің адамдарым бариндарыңмен бірге дараға асып 
қоймағанына тəубе етудің орнына көр-жер даулайсың», – деген сөз 
естіп пұшайман болған Архип Савельич бар.
Орыс əдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аударғандардың бірі – 
С.Көбеев. Ол 1910 жылы шыққан «Үлгілі тəржімада» И. А.Крыловтың 
көптеген басняларын жариялады – «Лебедь, щука и рак», «Зеркало и 
обезьяна», «Дуб и трость», «Волк и ягненок», «Мартышка и очки», 
«Стрекоза и муравей», «Осел и соловей» т.т. Көбеев аудармасын-
да оригиналға қатысы жоқ оның өз ойына арналған сөздер, жолдар, 
шумақтар кездесе береді. Оригиналға жанаса жүрген бұл көп куп-
леттер өз алдына бір шығарма сияқтанып тұрады – «Құмырсқа мен 
шегіртке», «Маймыл мен айна», «Аққу мен шортан һəм шаянның» 
алдындағы шумақтар оригиналға жуыспай дербес тұр.
«Айна мен маймылды» Көбеев мүлтіксіз аударған демесек те 
(басняның соңындағы бес жолы қалып қойған), шығарманың қай 
жерлері оригиналға жуық.
Я удавилась бы с тоски,
Когда бы на нее хоть чуть была похожа.
А, ведь, признайся, есть
Из кумушек моих таких кривляк пять-шесть
549
, –
деген жолдар былай тəржімаланған:
Осындай біздерде де шіріктер көп,
Берейін нанбасаңыз сынап саған.
Қайғыдан қапа болып өлер едім,
Бір жерім болса ұқсас егер оған
550
.
«Маймыл мен көзілдіріктің» соңғы бес жолы аударылмаған жəне 
Крыловта жоқ, «жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей» деген сияқты 
оригиналдың осы жеріне келмейтін жолдар да кездеседі.
«Аққу, шортан һəм шаянның» алдыңғы сөздеріне Көбеев ел 
ынтымағы жайында өз ойын ортаға салады да, бірлік болмағандықтан, 
қазақтар өмірі өксуде екендігін:
549


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет