Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет18/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   107
Байланысты:
full

 Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 3-б.
113
Қисса Қыз Жібек. – С.-Петербург, 1894. 2-б.


71
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
ды. Мұнда кейде Қамқаны – Қамқа, Сансызбайды – Сансызбай деу 
де бар. «Еткен бəйтлер булдур, Жібектен айрылып қалғанымыз му, 
сонда Қаршыға сөйледі бейт етіп» деген сияқты сөз орамдары орала 
береді. Аты белгісіз бұл автор: «Тəмам болды Қыз Жібектің хикаясы, 
Ахмедкəрім досымыз үшін мен бір өлəн язып қояйын. Ноғай болсам 
да, қазақша язайын Ахмедкəрім үшін»
114
, – дейді.
«Қыз Жібек» – композициялық құрылысы күрделі көркем 
дастан. Ол жан-жақты зерттеліп, кең түрде ғылыми пікір айту-
ды күтуде, дастанның тілдік, уақиғалық, көркемдік, идеялық 
ерекшеліктері, ондағы драматизм, лиризм заманына қарай шешім 
тапқан кейіпкерлер, мол фантазия – барлығы да арнайы бағалауды 
қажет етеді. Шығармадағы адамдардың өздеріне қарай орны, ісі, 
мінезі, тілі бар; теңеу, метафора, əсірелеу, жоқтау, қоштасу, айтыс, 
аттың шабысы, батыр жекпе-жегі, көш сипаты үлгілері беріледі.
Шығарманың көш бастаған қыздарға арналған жері, заманы-
на қарай шебер жазылған. Көштен көш өтіп, сұлуларды тамашалап, 
Жібекті көруге ынтыққан Төлеген олардың қайсысы Жібек екенін 
айырмай дал болады, ол бірінен-бірі асқан сұлуларды көреді. «Ар-
тынан келіп, Қаршыға Жібек емес деген соң, Онан да өтіп жөнеген» 
делінеді. Жібектің сəулетті келбетіне:
Қыз сипатын қарасаң,
Нұр қызының шырағы.
Дүрри кəуһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы...
Қыз Жібектің ақылы
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары,
Жазғы түскен сағымдай...
Белі нəзік талып тұр,
Тартқан сымдай жіңішке
Үзіліп кетпей не ғып тұр
115
, –
деген жолдар арналады. Шығарманың бірінші бөлімінде Жібек, 
Төлеген, Бекежан арасында болған уақиға, Төлегеннің қайғылы 
қазаға ұшырағаны сөз болса, екіншісінде Сансызбай, Қорен жайы ба-
114
Қисса Қыз Жібек. – С.-Петербург, 1894. 41-б.
115
 Шайхысыламұлы Ж. Қыз Жібектің хикаясы. – Қазан, 1900. 13-14-бб.


72
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
яндалады. Жібек екі уақиғаның ортасында жүреді, Төлегеннің қайтыс 
болған хабарын естіп, Жібек зор күйікке ұшырайды.
Бекежанның бұл сөзі,
Мұңды болған Жібектің
Өкпесінен ұрады.
Өксіп-өксіп жылады.
Керегені құшақтап
Етпетінен құлады.
Қыз Жібектің беттерін
Кереге көзі жырады
116
.
Бірақ ол күйікке беріліп, жасымайды. Зуһра, Сақыпжамал, 
Қарашаш, Баянша қосағымен қоса кетпейді, қиыншылықтарды жеңе 
білген адам болып сипатталады.
Шығармадағы адамдар санасы нұқсансыз болса, онда олар за-
манынан тыс қалар еді. «Қыз Жібекте» «оң бата, теріс бата, əулие-
əнбиеден медет күту, ініге жеңге мұра» деген сияқты мəселелерге де 
мəн беру байқалады. Бұған қарап тек солар ғана жырдың арқауын 
құрайды, көркемдік, идеялық сипатын белгілейді деу дұрыс емес.
Төлеген де, Жібек те ескі ұғым шеңберінде қалмайды. Олар 
атастырылмаған, таңдап табысқан жастар. Базарбай, Сырлыбай арасын-
да да құдалық болмаған. Төлеген де, Жібек те тең махаббатқа қойған 
шарттарын бұзбаған. Сансызбай Жібекті əмеңгерім деп іздеп бармай-
ды. Жібек оны «қайным» деп таңдамайды. Қореннен құтқаратын ер, 
Төлегендей «хор сипатты», адал жанды адам деп қалайды.
Құдай қайдан ұқсатқан,
Көкесіне сияғын.
Жаратқан алла жар болсын,
Жандыма өшкен шырағым.
Ашылсаңшы қабағым,
Өлгенім тіріліп келіп тұр
117
.
Базарбай баласын ажалға ұстап берген, қаталдығы, ескішілігі 
сазайын тартқан адам болып та көрінеді. Төлегеннің қауіпті жолға 
жалғыз кетуіне кінəлі де Базарбай екендігі ашып айтылады:
Разылық əкем бермеді,
Əкемнен қорқып, өлімнен
Жалғыз жолдас ермеді
118
.
116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет