Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет26/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107
 Пушкин А.С. Песня о вещем Олеге: Избранные произведения. – М.: Детгиз, 
1959. 47-б.
168
Жолсыз жаза. – Семипалат, 1912. 6-б.


91
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Презреть бы твое предсказанье!
Мой конь и доныне носил бы меня»,
169

дейді.
М.О.Əуезов жазған «Еңлік–Кебектің» алғашқы нұсқасы 1917 
жылы түптестіріп тіккен үйде Абай аулында қойылды. Пьесаның 
көрсетілуі сахнадан адамдар əрекетін көрмеген сахна қазақтары 
үшін бір жаңалық болады. Кебек пен Еңліктің ғибратты ісі, терең 
махаббаты сырына енді қанған көрермендер аяулы адамдарға қастық 
еткендерді айыптап тарқасады. Режиссерлік, суфлерлік міндеттердің 
бəрін автордың өзі атқарады. Еңлік болып сахнаға шығатын бір əйел 
шықпай, бұл рольді Мұхтардың ағасы Ахмет Əуезов, Жапал ролін 
Абайдың немересі Жебірейіл ойнайды. Ойнаушылар кейде суфлерді 
тыңдамай, өздерінше сөйлеп кетеді, осы орайда ойнаушылар аузы-
нан шыққан орынды, ұтымды, шебер сөздер үлгісін, кейін автор 1922 
жылы жариялаған пьесасына енгізеді.
«Еңлік–Кебектің толыға түскен бір шағын 1922 жылғы нұсқадан 
көресіз. Мұнда сюжет, композиция, конфликт, диалог, монолог, ин-
трига барлығы да көркем пьесаға тəн қалыпта, олардың бір-біріне тіпті 
үйлеспей, жанжау-жанжау тұрғаны байқалмайды. Пьеса тынысы кеңейе 
түскен, шығармаға тың персонаждар қосылады, уақиға қоюланады, 
кейіпкерлердің қоғамдық, халықтық бейнесі айқындала түседі.
М.Əуезов «Еңлік–Кебектің» көне нұсқаларын дұрыс 
пайдаланған, əңгіменің халық сана-сезіміне ұялаған негізгі сары-
нын бұзып жібермейді, орынсыз жасанды уақиға көрінбейді. Автор 
халық қазынасына айналған əдеби əңгімені жаңғыртып, көркемдік
реалистік өресін өсіріп, халыққа қайта қайырады, халық сүйікті ұлы 
мен қызын сахнадан көріп, қошеметпен қарсы алады.
Бұл нұсқадағы кейіпкерлер долбарлай салған мүсіндер емес, 
шыны, сыры ашыла түскен жандар еді. Идеялық, көркемдік аясы 
арта түскен бұл шығармада автор сол кездегі қазақ əдебиеті өресі 
белгілеген мүмкіншілікті қапысыз пайдаланған.
«Еңлік–Кебек» жайы баяндалған кейіпкерлердің бірте-бірте 
толығып, шыңдалып, прототиптік қалпынан, əдеби кейіпкерлер 
деңгейіне көтерілу мерзімі, 64 жылға созылған дерлік 1892 жылы 
мəлім болған «Еңлік–Кебек» 1900, 1912, 1917, 1922, 1956 жылдары 
түрлі өңдеулерден өтеді.
Өңдеу көрген нұсқалар бір-біріне тіпті ұқсамайды, болмаса олар 
айыра танығысыз деуге болмайды. 1922 жылғы нұсқалары Абыздың 
169
 Пушкин А.С. Песня о вещем Олеге: Избранные произведения. – М.: Детгиз, 
1959. 49-б.


92
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Кебекке бал ашуы, олардың бір-біріне айтқан сөздері 1912 жылғы 
нұсқаны еске алады. Мұнда да Абыз бал ашқанда əбігерленіп, қатты 
қиналып қалады. Кебектің «биік қабақ сұрлау» қызға кез болатыны 
сөз болады. 1922 жылғы нұсқада Еңліктің əкесі, шешесі, Абыздың 
қонақшыл, ырымшыл, ақылгөй бəйбішесі Таңшолпан көрсетілетін
ал соңғы нұсқада бұлардың бірде-бірі жоқ. 1922 жылғы «Еңлік–
Кебекте» көрсетілген Жапал соңғы нұсқада, пьесаға көрік берген, 
өзекті, өрелі кейіпкерлердің бірі. 1956 жылғы нұсқада, кесек-кесек 
кейіпкерлер, айқын-айқын суреттер, шытырман тартыстар, алуан ин-
трига, контраст, түрлі конфликт, барлығы өзара шебер үйлесім тауып 
біртұтас əдеби тұлға жасайды. 
Пьесадан редакциялық өзгерістерді де аз ұшыратпайсың. 1922 
жылғы нұсқадағы «Келер деп кейін тосып, өлі шығар» (44-б.), 1956 
жылғыда «уəделі сəтті тосып, өлі шығар» деп өзгерілсе, 1922 жылғы 
Абыз Есенге: «Батыр! Қайратың адам дұспаны арыстанға біткен 
қайратпен тең екен. Төңірегіңді торып жүрген көпірді көрмей, 
іздеген жауың мұсылман баласы болса, өрісің ұзақ болмас»
170
, – 
десе, 1956 жылғы нұсқадағы Абыз: «Батыр десем, белге шықпай 
ойда ойнақшыған бейпіл ме едің? Азамат десем, ауыл үйдің тентегі 
ме едің? Мақтамаймын Кебекті, құптамаймын сені де... Төңірегіңді 
торыған жатты көрмей, жағаласар жауың жақының болыпты»
171
, – 
дейді. Осы үзінділерді салыстырудан шығарманың сөздері өзгеріп, 
оның идеялық сарыны да жаңарғаны байқалады. Өйткені бұрынғы 
Абыздан соңғы Абыздың сөзі əлдеқайда салмақтырақ, бұл Абыз 
айтқанына халықтық, əлеуметтік мəн бере сөйлейтін Абыз.
1922 жылғы Абыз рушылдығынан арылмаған, батагөйлігін 
місе еткен, бір рудың мерейі үстем болудың өзін қанағат еткендей. 
«Жаратқанның жарлығына ризамын, аз ауыл Тобықтының алақанына 
салған батагөйі қылды... Ел бастаған қабырғалы билерім, қол бастаған 
батырларым, асқар белдерім оң батамды алған жолы жарға жығылған 
емес»
172
, – деп масаттанады. Ол Кебектің келбетіне қызыға қараған 
қамқор қарт болып бір көрінсе де, оның 1956 жылғы нұсқадағыдай 
əлеуметтік еңсесі биік емес.
Соңғы Абыз өзінше ел қамын ойлаған, жұртқа жайлы əділ бас-
шылар көрмей де шерленген, асыл арман орындалар шақ күткендей. 
Ол кейде, шөл-жазира шарлап, желмаямен жиһан кезген жалпыға 
170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет