Əуезов М. Еңлік–Кебек. – 1922. 42-б.
177
Сонда, 42-б.
178
Сонда, 54-б.
179
Сонда, 66-б.
95
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
көлгірсіген. Кебек пен Еңлікті іс жүзінде қорғаудың қамын шындап
ойламаған, бос белбеу би болып та көрінгендей. Наймандар жасанып
келгенде, оның топқа сопиып келуі Кеңгірбайға да, Абызға да күдікті
көрінеді.
«Еңлік–Кебектің» əр нұсқасынан елеулі орын алған адамдар –
Еңлік пен Кебек. Олар заманының ержүрек, адал уəкілдері ретінде
бейнеленеді. Бұл кейіпкерлер – қазақ драматургиясында жасалған
сом тұлғалардың бірі. Пьесаның өн бойында Еңлік пен Кебектің асыл
арманын терең махаббатын көрсететін, жүрек жарып шыққан сөздер
аз емес. Кебектің Еңлікті алып кетпекке даярланарда бастағалы
тұрған қауіпті де, жауапты да істі барлай келіп оның: «Тас қияға
қолым жетті. Тартынам деп жеткен жоқ... Қиын белге мен бассам
сыналар жерде жұртым да тұр... Бұзарың мен сотқарың емес ем.
Алакөңіл арамдығым жоқ еді. Жазығым жар сүйгенім болса, бердім
барды Еңліктің жолына»
180
, – деп толғануынан Еңлік үшін, əділдік
үшін аямасқа бекінгендігі аңғарылады. Кебекке қосылып, бір арма-
нына жеткен, жарқын өмір күткен Еңлік: «Жарқырап бағым туғандай
жалғыз жарығым туыпты... Аз өмірде шақ тілегім бар еді. Бақытым,
басшым да өзің бола гөр, жалғыз жұлдызым жарығым», – дейді.
Тұтас тұлға ретінде бейнеленбек Кебектің бір мезет болса да
қия басқан кезі бар. Ол қалың қолдың қаптап келіп қалғанын біле
тұра, Еңлік үшін, жас бала үшін істің қауіпсіз жағын таңдаудан бас
тартқандай. Еңлік пен Кебектің ғазиз жандар екенімен есептеспей,
оқ атпай, мерт етпей тыншымайтын, төнген жаудың қаһарлы күші,
қара ниетіне əлі де жете түсінбегендей, өзін-өзі бос емексіткендей,
қастығын асырған суық билер тобына өкпе шағады? Бір сөзінде:
«Кебектің дəурені өткен, оның елге керегі жоқ» оның орнына қуыс
қурай», – дейді. Өзін шетке шығарып, осылай бір толқыған Кебек,
ойында бекіп қалмайды. Еңліктің есті сөзі оны дұрыс жолға меңзейді.
Енді Кебек: «Шын айтасың ба, сен де тілейсің бе? Олай болса,
дайындалыңдар», егестің ебін ақылмен табайық, кетейік дейді.
Кінəсі жоқ екі жастың ауыл-аймақ, ел ішінен сая таппай
нəрестесін құшақтап, жапан жүзге безіп кеткен шағы өте аянышты.
Заманының əділетсіздігі, дүлей күші – барлығы Еңлік пен Кебектің
басына төнеді. Осынау бір қысылшаң шақта, баласының қамын ойлап,
күйзелген Еңлік пен Кебектің аналық, аталық таза мейірімі барынша
сыртқа шығады. Олар өздерінің енді өлімнен құтылмайтынына бой
ұсынса да, баланың қиянат көрмеуін тілейді.
180
Еңлік–Кебек. ЛММА, КПР, 1, п. 53. 25-б.
96
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Салыстырылған түрлі үлгілерге қарағанда, «Еңлік–Кебектің»
идеялық, реалистік көркемдік өреге жетіп, кемелденген кезін 1956
жылғы нұсқадан көресіз. Бұрын прототиптік елес берген кей пер-
сонаждар, соңғы нұсқада жан-жақты терең бейнеленген, көркем
кейіпкер дəрежесіне көтерілген. Алғашқы нұсқалардағы Абызға:
«түсі суық» жыбырлаған темір масағы бар қобызын тартқан шақта
«һешкім шыдай алмай қашып» кетеді екен, «осы күнде ондай ойнау-
ды һеш кім білмейді» деген сияқты, тек кей бақсыларға айтылатын
қошемет білдірілсе, соңғы нұсқадағы Абыз əлеуметтік еңсесі биік,
көне көздің көрнекті уəкілдерінің бірі, заманының қараңғылығын,
əділетсіздігін көріп, күрсінген ақылгөй қарт. Соңғы нұсқада Еңліктің
ғибратты ісі, терең махаббаты, асыл арманы, ерлігі көрсетілген.
Көнерген заң, тозған салт тулағын сүйреткен суық билердің өнегесіз
дүлей істері əшкереленеді.
Қазақ өмірінен алынып жазылған қиссалар нұсқаларын кəдеге
асырып, дарынды қазақ жазушылары драмалар жазды. Бұл сан ал-
уан хикаялар қазақ халқының бір кездегі өмірі, салт-санасы, арманы,
ақындық өресі, көркем фантазиясымен тыныстары: мəдениет, əдебиет
дүниесінен шола жатқан қазақ қауымын өнер-білімге, кітап оқу ісіне
баулыды, қазақ əдебиетіне жаңа бір сала болып қосылды.
Хикаяларда жастардың адал арманы, таза махаббаты, ерлік,
əділдік істері көрінеді, əйелдер теңдігі жырланады, озбырлық
əшкереленеді. Хикаялар қазақ əдебиеті жанры түрлері қалыптаса
түсуіне əсер етпеді, олар көркемдік сезім жетіле түсуіне септігін
тигізеді. Олардың əдебиеттік, тарихтық, əлеуметтік, көркемдік
маңызымен есептескен жөн.
97
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Достарыңызбен бөлісу: |