Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет25/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107
Байланысты:
full

 Абайұлы Мағауия. Еңлік–Кебек. ҒА архиві. П. 30. 150-б.


87
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
тіпті кездеспейді емес, десекте, уақиғаны шеберлікпен өрістету, 
кейіпкерлердің түрлі сырын ашып, олардың қоғамдық бейнесін 
көрсету жағы олқы. Алайда ақынның кей мезетте кейіпкерлерге си-
паттама беру талабы заманына қарай зая кетпеген.
Тіп-тік жаурын, нəзік бел, бұрымы ұзын,
Салмақпенен салады қара көзін.
Биік қабақ, ақ сұрлау, қара қасты,
Тік маңдай, толық жүзді, қолаң шашты.
Қарауында бір түрлі тереңдік бар
Сынап, байқап қалатын жеңіл жасты
160
.
Шығармада Еңлік жөнді көрінбейді. Оған айтқызған кейбір 
сөздер салдыр-гүлдір, қаңғыр-күңгір естілетін ұрыс-керіс, шаң-
шұңға, қарғау-сілеуге айналып кеткен сияқты. Еңлікке «Кеңгірбай 
ит екенсің дінің қатты, Кеңгірбай артық емес иттен бағаң» дегізуден 
байсалды, ақылды қыздың ұтқыр, зілді сөзін көру қиын. Рас, Кебекті 
ауыр қазаға ұшыратушылардың бірі Кеңгірбай – Еңліктің жауы, оның 
ашуын алдымен соған төгуі заңды, бірақ Еңліктің кей сөздерінің 
салғыласудың бір түріне ұқсап кетуі орынды емес. Кебектің «ел қамы 
үшін өлуге жанын сайлаған», əсіресе «қарып-қасірге» жайлы, сенімді 
батыр екені ескерілмейді.
Шығармада көбірек сөз болатын – Кеңгірбай. Оның арамдық ая-
сынан аса алмай жүрген, пасыққа жол берген би екені көрсетілмек. 
Кеңгірбай Кебекті алдап, сұрқиялықпен ұстап алады, батырдың 
мойнына арқанды өз қолымен салады, ол осы ісін Кебектің жана-
шыр, айдынды ағасы Тоқтамыстың жоқ кезінде істейді. Кебекті 
Тобықтыларға өлтіртеді, қыздың қайнынан пара алып та үлгереді. 
Кебекті Тобықтылар өлтірді, енді Еңлікті Матайлар өлтірсін, біреудің 
жесірін біреу ала берсе, ата-баба аруаққа шет боламыз-ды сылтау ет-
кенде – Кеңгірбай, оның парақор, мейірімсіз екені туралы «Кеңгірбай 
залым би ғой іші қатты» делінеді.
Еңлік–Кебек уақиғасына арналған заманының көрнекті көркем 
шығармасының бірі – «Жолсыз жаза». Мұнда əділ ісі, терең махабба-
тымен қараңғы қалың топты жарып шыққан жастар жайы сөз болады. 
Автор «Шариғатта əкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе 
де, өзге дүниенің пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын 
ойлап бер дегені. Əйтпесе, жас баланы сатып, пайдаланып, еріксіз 
кем-кетікке беріп, обалына қал демейді, мен соны ойлап Еңлік, 
Кебекті сонша жазалы демеймін»
161
дейді. Бұл «Еңлік–Кебектен» 
160
Абайұлы Мағауия. Еңлік–Кебек. ҒА архиві. П. 30. 153-б.
161
Жолсыз жаза. – Семипалат, 1912. 1-б.


88
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
анау замандағы елдің өмірін, ру басы жаулардың тоңмойындығын, 
қаталдығын жəне қазақ халқынан шыққан, ізгі ниетін іске асыру-
дан бас тартпай, əділдік, адамшылық үшін қайрат көрсете білген 
ер қыздың жарқын бейнесін көресіз. Үлгілі əйел сипатының қазақ 
əдебиетінде қалай туып, өмір таласында есейіп, қалыптасуы жөнінде 
ой қозғау үшін де Еңлік тұлғасының тарихи мəні бар. Шығармада 
Еңліктің мінезділігі, саналы адам екені, таза махаббатын қайыспай 
қорғаған, тұрпайы тұрмыстың дүлей күшіне көнбей кеткен аяулы жан 
екені айтылады.
Еңлік басына қиын күн туып, енді аттың құйрығына тағып 
өлтірмек болып, қоршап алған дұшпандары алдында да, еңсесін 
түсірмей, жасымай, жөн-жоба көрсете сөйлейді, жуанның кінəсін 
мойнына артады. Өлім төніп, лажы біткен Еңліктің:
Кебек пен мені аз ғана арыздастыр,
Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.
Мына бала Тобықты баласы ғой,
Мұны өлтірмей Кеңгірбай биге тапсыр
162
, – 
деген сөздерінде де дұшпандарының дүлейлігін əшкерелейді. Ол ал-
дына адал арман қойған адам, жаны сүймеген жат адамға барып, ру 
басылар бұйрығын орындауды ар көреді. Өмір жолында ауырлыққа 
бірдей шыдасарлық өзіне тең жар іздеген Еңлік Кебекке кіршіксіз ма-
хаббат білдіріп, басындағы мұңын айтқан сөзінде атастырылған адам 
туралы:
Нышан жоқ бет-аузыңда сақал-мұрттар,
Бұрында естуші едім жайын сырттан.
Түн болса ұйқыдан бас көтермейді,
Күндіз асық іздейді ескі жұрттан
163
, –
десе, Кебек те қарапайым адам болып сипатталмайды. Ол да Еңліктей 
адал арманды, «жаны отты» екендігімен көзге бір түссе, елін шексіз 
сүйетін, əділетті іске ұмтылып тұратындығымен де көпке жаққандай. 
Сондықтан ол туралы:
Ел қамы үшін өлуге жанын сайлап,
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап.
Жауға батыл, жақында жəне əдепті,
Кішіні іні, үлкенді ағатайлап
164
, –
162
Жолсыз жаза. – Семипалат, 1912. 16-б.
163
Сонда, 9-б.
164
Сонда, 16-б.


89
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
делінеді. Еңліктің ауыр өміріне ортақтасқан, оны зорлықтан құтқару 
жолында басын қиған, əділетсіздікке көнбеген, «сен өлген жерде мен 
де өлемін» – деп, ерлікпен қол алысқан Кебек.
Жастардың адал арманын аяққа басқан ру басы адуындардың 
рақымсыздығы, əділетсіздігі көрсетіледі. Еңлік пен Кебектің жо-
лын тосқан рушылдардың жан түршігерлік ісі көз алдыңыздан өтеді. 
Рушылдардың жесір дауын жеті жыл созып, егес қуып үйренген, 
ақ-қараға қарамайтын қасарысқан бетінен қайтпайтын көкжалдар 
екені айтылады. Өмірден орын алып, озбырлығымен есе бермеген-
дер бұзықтығын жауып тақыстанған арам ындынды жандар екені 
түсіндіріледі.
Тентегінің жазасын мойынға алсын,
Егер оған көнбесе, дайындалсын.
Қырылыспай бітпейміз таусылғанша,
Не Найман, не Тобықты бірі қалсын
165
.
Еңлік пен Кебекті өлтірмей бітпейміз деп, ақыры жастардың 
қазасына ортақ болған рушылдықтың тулағын сүйреткендер екені 
айтылады.
Еңлік пен Кебек көмек күткен Кеңгірбай би де, Найман ру ба-
сыларымен ымыраласып, солардың қатал үкімін қостайды. Ол: 
«Көрсетемін, қайтейін тиыш жатам» дейді. Жазықсыз жастарды 
қорғаудан бас тартқан Кеңгірбай да мейірімсіз болып көрінеді. Қатал 
ісі, морт мінезіне бола, Кеңгірбайды жұрттың қабанға ұқсатып 
Қабанбай атандырғаны да ескертіледі.
Жын айтсын, шын айтсын, қалайда айтқаны келетін даулескер 
тəуіп Нысан абыз жайы арнайы сөз болады. Кебектің тағдырын бол-
жап: əдейі іздеп бармассың, қара жартас түбінде «биік қабақ сұрлау» 
қызға кез боларсың, сақталып жүрмесең, «кейінгіге сөз боларсың» 
деп оның алдынан тосқан зор қауіп, адуын рушылдардың дүлей ісі 
бар екенін аңғартқан Нысан абыздың Кебекке бал ашып, қобызына 
қосылып, сарнай жөнелгені туралы мынаны оқисыз:
Темір масақ жыбырлап тұр сылдырлап,
Екі көзі бақсының тым бұлдырлап.
Ындын қойып тыңдасаң, сарнағанын,
Сақтанбасаң, алғандай ақылды ұрлап
Мұңды, қоңыр дауысы шықса зарлап
Ықтиярсыз кетеді бой шымырлап
166
.
165
Жолсыз жаза. – Семипалат, 1912. 6-б.
166
Сонда, 6-б.


90
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Шығармадағы Нысан абыз əлдеқандай тəуіптіктің, сонымен 
қатар мархаматшылдықтың, шыншылдықтың уəкілі ретінде де көзге 
түскендей. Абыз сырттай шайқы болып көрінсе де, бірақ оның өмірге 
деген өзінше түсінігі бар. Ол қолына қобыз алып, ел ақтап жүрген жəй 
бақсылардың да бірі емес, ол дүние үшін сөз сатып, білгенін қорқып 
жасыруды ар көреді. Кебекке ашқан балы Абыздың өзіне де оңайға 
түспейді, болжау үстінде Нысанның қаны қашып, қатты қиналғаны 
сөз болады. Ол ел үшін бас аямайтын адал жанды Кебектің келешегін 
қорғап, қамқорлық сөзін айтады.
«Жолсыз жазадағы» Абыздың Пушкин шығармасындағы кудес-
никке ұқсайтындығы да байқалады. Абыз Кебектің келешегін бол-
жап, оның Еңлікпен кездесетінін алдын ала білгендей болып, қауіпті 
іске сол қыз ортақтасқанын айтса, Олегтің тағдыры туралы ойын 
айтқан сөзінде кудесник: «Но примешь ты смерть от коня своего» деп 
болжайды. Кудесник те дүниеге қызығып сөз сатпайды, ол да ойын 
жасырмай айтады. Мені күткен не бар, білгеніңді қорықпай, жасыр-
май айт, сыйлыққа қалаған атыңды аласың деген Олегке кудесник:
Волхвы не боятся могучих владык,
А княжеский дар им не нужен.
Правдив и свободен их вещий язык
И с волей небесною дружен
167
, –
деп жауап қатса, «өз бақытын сынамаққа» Абызға келіп, балыңа 
түскенді жасырма, қалағаныңды аласың деген Кебекке Нысан мына-
ны айтады:
Шырағым, бал аштым, деп мал алмаймын,
Ол үшін саған ақы сала алмаймын.
Жаман айтсам, жабырқап қала көрме,
Жынның сөзін жасырып қала алмаймын
168
.
Абыздың сөзіне əуелде мəн бермеген Кебек туралы: ол балгердің 
қауіптендіріп айтқан сөзін «ойланбай біржолата кетті ұмытып» 
делінсе, кудесник сөзіне алғашында сенбеген, бірақ кейін оның 
айтқаны келіп, атының қурап қалған бас сүйегінен шыққан қара жы-
лан шағып, қаза тапқан Олег туралы Пушкин:
Могучий Олег головою поник,
И думает: «Что же гаданье?
Кудесник, ты лживый, безумный старик!
167


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет