Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет27/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107
Байланысты:
full

 Əуезов М. Еңлік–Кебек. – 1922. 14-б.
171
Еңлік–Кебек. ЛММА, КПР, 1, п. 53. 8-б.
172
Сонда.


93
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
бірдей жақсы жайлы өмір іздеген, жерұйық көрмек, тіпті күллі жан 
иесіне жаны ашыған, «Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер? 
Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер?!» – деп күйзелген 
Асанға да ұқсап кетеді. Асанша толғайды:
Алданар жоқ, арман көп,
Кəрің қайтіп күн көрер?
Бəріңнің де нəрің жоқ
Елім қайтіп күн көрер?
173

дейді. Бұл Абыз заманына сын көзбен қараған, суық билерден 
түңілген, келешекке үңілген жан сияқты. Немерелері, шөберелеріне 
арнаған бір өсиетін Жапалға айтқан Абыз: «Ақтап өтсін арыстарым 
арманын» Еңлік пен Кебектің ғибратты ісі ұмыт қалмасын, соны 
ұрпаққа жеткіз, осыны жадыңа тұт», – дейді.
М.О.Əуезов Еңлік, Кебек, Есен үшеуін кездестіруге арналған 
сценада айрықша бір шеберлік көрсетеді. Осы бір шағын суреттен 
Еңліктің түрлі мінездері ап-айқын ашылып қалады. Есеннің оғаш 
сөздігі де, Кебектің кім екені де осы эпизодтан байқалады. «Мен үшін 
таласпаңдар», арандасу сендерге де, маған да абырой емес деп тоқтау 
айтқан Еңліктің аузынан аталы сөз шыққан ақылды қыз екені де осы 
жолы көрінеді.
1922 жылғы Кеңгірбай тастай түйіліп, кешпес кек, қатты арын-
мен кіжініп келе жатқан, аямас жау болып шабыспақ Наймандарға 
төтеп берер күш таппай күйзеледі. «Мына жотасы көрінген, екі сөздің 
екеуі де біздің елге жайсыз. Бірін ұстасаң елдің сағы сынады, бірін 
ұстасаң зықысы шығады»
174
, – дейді.
Ол Тобықтыны дүрбелеңнен, шабыншылықтан аман алып келу 
үшін Кебекті лажсыз шығарып береді. «Найман кегі оңай емес
салмағы зор. Кебек сынды батырыма қатер көп, аз ауыл Тобықтыма 
қамқа болған, ардагерім», менің атам Əнет емес пе? «Ел тыныштығы 
үшін нені құрбан қылмады. Кебекті көрсетемін»
175
, – дейді.
Соңғы нұсқада Кеңгірбай бұрынғы қалпынан аз да болса 
өзгерген. Бұл Кеңгірбай да екі сөзді, екі істі, Кебекті ұстатушылардың 
бірі. «Кебекті бермеу керек» деген Қарамендені «сайраған тіліңді 
қайтейін» деп кекетіп тастайды. Абыздың да адал сөзін өрге бастыр-
майды, оны үйден қудырады. Қаһарлы би екенін танытпақ: «Шығар, 
шығар... Мынау екі қаңбақ шалыңды... Бар... бар... Есіттім үндеріңді. 
173
Еңлік–Кебек. ЛММА, КПР, 1, п. 53. 8-б.
174
 Əуезов М. Еңлік–Кебек. – 1922. 53-б.
175
Сонда, 74-б.


94
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Шығар. Шақырып бер маған Еспенбетті»
176
, – деп бұйырады. 
Кеңгірбайдың бұл жолы айтқан қатал билігі – «Еспенбет – Арма асыл 
би. Би – бар бол досым би» деген құпиялы келісіммен тынады.
Екі ұдайы елдің бір жағында жүрген бидің бірі – Еспенбет. Ол Най-
мандар сөзін ұстаған сөзуар би есебінде көрсетілмек. Оның бір беткей 
қыңыр, келелі сөзге көнбейтіндігі де байқалады. Еспенбеттің өзінше 
əділ болып та көрінетін мезеттері бар. Еңлік пен Кебекті ауыр үкімнен 
аман алып қалу азаматтық борыш, жауласпай, жағаласпай бітісу 
жөн деген Қарамендені қостайды. Қараменде сөзіне көнбеген Есен-
ге: «Менің би деген атым бар, ылғи кертартпа кесір шығатын қарғыс 
атты мен-ақ ала берем бе?»
177
, – деп ашу шақырады. Еспенбет Есеннің 
өліміне берген бағасында да, өзінің тағы бір қырын көрсеткендей. 
«Арысым-ай» десіп, аруақ шақырғандарды басып тастайды: «Есен бұл 
күнге дейін Найманның батыры болса, қазірде Тобықтының жығылған 
жағасын қайта тұрғызған Найманның бір шіріген жұмыртқасы
178
, өлсе 
өле берсін, жекпе-жек шыққандағы тапқаны ғой», – дейді.
1912–1922 жылдарғы нұсқалардағы Қараменде арандаспақ 
екі рудың арасына татулық айтып, дəнекер болмақ, «қазақтың шын 
қамқоры» атанған, би ретінде көрсетілген. Тобықты сенің тентегің 
Кебек, атаның аруағын сыйламайды, менің айыптым Еңлік, олардың 
мойнына арқан тағып өлтіреміз деп екіленген Еспенбет, айла тауып 
жалтармақ, жалтақби Көбей Қарамендені қынжылтады. Ол Кебек 
пен Еңліктің қамын ойлайды. Қара қылды қақ жарған əділ билер ісін 
үлгі етпек. Азған заманның билері: «Бойлауық жылқы секілді, бой 
бермейтін қисық болады екен, не болмаса, шабуылдан сақтанам деп, 
ем іздеген қу болады екен»
179
, жігіттің жесірін жігіт алса, олар өз кегін 
өзі алар, бір ру ел болып «тайлы-таяғы қалмай шұбырып» жүріп, жігіт 
үйлендіруді көрген жоқ едік» – дейді.
Қараменденің сөзі Еспенбетті жібітсе де, Есен көнбейді. Ақыры 
істің түйінін Есеннің даурыққан ашуы шешеді. Ал пьесаның дəл осы 
жері, яғни дауды сөз ұстаған билер тобы шешпей, Есеннің шешуі 
қалай? Естілерін есерлері жеңіп, қисынсыз жағдайға ұшырадың ба?
1922 жылғы нұсқада жағымды кейіпкер ретінде көзге түскен 
Қараменде, соңғы нұсқада бұрынғы дəрежесінен төмендеп қалады. 
Қараменде енді бер жағы болмаса, ар жағы əлсіз, көптіре сөйлеп 
176


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет