Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет31/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107
Байланысты:
full

 Тоғжанұлы Ғ. Абай. – Алматы, 1935. 67-б.
225
Сонда, 31-б.
226
 Сонда, 37-б.


121
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Ғ.Тоғжанов Абай ақындық дəуір өткізген ХІХ ғасырдың аяқ 
кезін, қазақ экономикасын, ру жігін айрықша сөз етеді. Өйткені Абай-
ды түсіну үшін алдымен осы мəселелердің басын ашып алу керек 
деп біледі, оларды жете білмегендіктен талай авторлар Абайдың кім 
екенін білмей қор деп түсінеді. «Ру тұрмысы қандай тұрмыс?» деген 
сұраққа жауап іздейді. «Шала білімнің арқасында, кейде өз мəдениеті 
жоғары елдерге əлдеқашан анықталған, екінің бірі білетін, əліп-би 
болған мəселелер бізде даулы мəселе болып таласқа түсіп жатады»
227

– деп білгірсіп қынжылады. Оның ойынша, Абай поэзиясының 
əлеуметтік сырын, Абайдың ақындық үлгісін, шеберлігін Абайдан 
бұрынғы əдебиет үлгілерін білуді ұқыптамай-ақ, Абайдың батыс, 
шығыс мəдениеті, əдебиетінен алған үлгі-өнегесі дəрежесін түсінбей-
ақ, Абай ақындығының қазақ халқының фольклорына деген қарым-
қатысын аңғармай-ақ, Абай аудармаларының маңызын ескермей-ақ
тек «ру тұрмысы қандай тұрмыс?» екеніне, қазақ экономикасынан 
хабардар болудың өзінен ғана, Абайдың кім екенін анықтап беруге 
болады. Абайдың өмірін сөз еткен Ғ.Тоғжанов ақынның ауқатты ор-
тадан шыққандығына тіксіне қарайды. «Кеңгірбай, Құнанбай аталы 
феодал болса, Құнанбай да сондай болды»
228
. Абай солардың сыңары 
деп біледі. Ата тегінде жуандық болған Абай Құнанбайға ұқсап 
баққан. «Абайдың ұяда көргені Құнанбай болды. Абайды бала жа-
сынан Құнанбай қасына алды, жанына ертіп жүріп, өз үлгісін берді. 
Баланы жасынан арамдыққа, зорлыққа, қулыққа баулыды. Абай ұяда 
нені көрсе, ұшқанда соны ілді»
229
, – дейді. Абайдың жуандар, əділетсіз 
əкімдер, пысықтар ісінен жиреніп, жұрттың қамын ойлаған, қалың 
бұқараның, момындардың мұңын айтқан, надандыққа қарсы шыққан, 
ағартушылықты қостаған, зор арманның, жарқын ойдың ақыны екенін 
көрмейді. Оның сыны Абай шығармаларының көркемдігін, реализмін 
көру жақтарынан ойсырап жатады. Ол Абай шығармаларын байым-
дап оларға түсініп, ой білдіруді білмейді. Тұрпайы түсінігін қайталап 
меңзейді. Автордың түсінігіне қарағанда, Абай Құнанбайдың баласы 
болғандықтан оның жарқын ойдың иесі болуына еш мүмкіндік жоқ, 
сондықтан Абайдың гуманистік ойларына көз жұмады. Халық сүйген 
ақынды сүйкімсіз етіп көрсетпек.
Ғ.Тоғжановтың Шоқан, Ыбырай Алтынсаринге берген бағасы да, 
Абайға берген бағасынан айыра танығысыз: «ХІХ ғасырдағы қазақ ара-
227
Тоғжанұлы Ғ. Абай. – Алматы, 1935. 10-б.
228
 Сонда, 35-б.
229
Сонда, 36-б.


122
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
сынан шыққан Шоқан Уəлиханұлы, Ыбырай Алтынсарин ұлдары да, 
қазақ байының алдыңғы қатарлы көзі ашық адамдары еді»
230
, – дейді. 
Абай туралы ойын ортаға салған зерттеушілердің бірі – Қажым 
Жұмалиев. «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы жəне Абай поэзиясының 
тілі» деген еңбегінде түрлі ойларын айтады. Абайдың шет сөздерге 
үйірсектік білдірмей, араб, парсы сөздерін орынсыз қолданудан 
сақтанып, қазақ тілінің сынын бұзбау жөніндегі еңбегін бағалап, 
«тілдің тазалығы үшін күрес, – шет тілдерден мүлде сөз алмау емес, 
керексіз сөзді алмау. Өз тілін орынсыз шұбарлауға қарсы күрес. Абай 
оны дұрыс ұға да, түсіне де білді»
231
, – дейді Қ.Жұмалиев Абайдың 
əлеуметтік, ақындық еңбегі, халық арасына жүргізген адал үгіті, оның 
жұрт қамын ойлаған озық ойлы адам екені туралы айтылып келген 
ойларды қорыта сұрыптай білген.
Қ.Жұмалиевтің Абай туралы еңбегінің нұқсанды жақтарын 
ескерткен С.Мұқанов: «Хажым бірнеше мəселелерді марксизм-
ленинизм тұрғысынан толық шешіп бере алған жоқ. Біріншіден, 
əрбір көркем шығарма тап тартысының құралы болса, осы мəселе 
кітаптың өн бойында тегіс айқын көрініп отырмады. Кейде асыра 
бағалаушылық болды»
232
, – дейді.
Қ.Жұмалиев: «Абай бұл өлеңдерді өзінің замандасы Лермонтов-
тан аударған»
233
, – дейді. 1814 жылы туып, 1841 жылы қайтыс болған 
Лермонтовтың 1845 жылы туып 1904 жылы дүние салған Абайдың 
«Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат», не 1890-шы жылдары «Дала 
уалаятының» газетінде жарияланған «Жаз» тағы бірер өлеңдері бол-
маса, өз шығармалары тек 1909 жылы ғана баспа бетін көрген. Лер-
монтов реформадан бұрын 1830–40 жылдары ақындық дəуір өткізсе, 
Абай реформадан кейін 1880–1904 жылдары ақындық өнер көрсетті. 
Сонда қай жөнде Абайды Лермонтовтың замандасы демек. Бұл жөнде 
Қ.Жұмалиев «лəм-мим» демейді.
Қ.Жұмалиев литотамен əсірелеудің, əдебиеттік түр, тəсіл ретінде 
реалистік əдебиеттен орын алуы мүмкіншілігіне күмəнданады. 
Əрбір əсірелеу, əрбір литота – шындықты жай қалпынан не өте асы-
рып, не өте кемітіп айту деген сөз. Демек, өмірді шын өз қалпында 
«бұлжытпай» суреттеу əдісіне əсірелеу дəл келмейді
234
.
230


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет