Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет33/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107
Байланысты:
full

 Ахметов З. Лермонтов и Абай. – Алма-Ата, 1954. 12-б.
236
Сонда, 41-б.
237
Сонда, 40-б.


125
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Что мог монах не лицемерить
И жить, как клятвой обещал
238
, –
деген сөздерінен ғана аңғару, осы шығарманың сəулесі Абайдың 
аталған шығармасына түскен бе деу дау туғызады. Лермонтовтың 
дін уəкілі монахты көруімен Абайдың дін уəкілі молданы көруінен 
екі ақынның бір-біріне үндес келуінен көрі, олардың өз өзгешеліктері 
айқынырақ сезіледі. Олардың тек дін уəкілдерін көргендіктен бірінің 
шығармасы екіншісінің шығармасына ұқсаған деу жеткілікті дəлел ме?
Абайдың мұндай шығарманы «Исповедьті» аудармай-ақ өз 
бетімен жазуы мүмкін емес пе? Дін уəкілдерін өздерінше Абайдан 
бұрын Бұқар, Дулат та сынаған. Бұл шығарманың заман талабына 
сай, тек Абай ақындығынан ғана туғандығын көру артық па? Бұл 
тектес үндестік ақындар арасында бола беретін жалпы үндестік. 
З.Ахметовтың «Перевод», «Исповедь», «Проливает между прочим, 
дополнительный свет, на отношение поэта к ревнивым хранителям 
учения ислама»
239
, – деген сөздерінің түп төркіні Абайдың өзгеден 
басқаша ақындығын байқаудан көрі, өзге ақынмен үндестігін көбірек 
ескергендікті аңғартады. Мұндай үндестікті көбейту Абайдың өз 
өзгешелігін аңғарту үшін, оның басқа ақыннан айырмасын байым-
дау үшін, Абай тұлғасын айқынырақ көру үшін нəтижелі болмауы 
мүмкін.
М.С.Сильченко Абайдың 1885 жылы Сарыарқа қазақтары 
арасында ашылған «Қарамола съезі» кезінде, түрлі ережелер 
шығару жұмысына қатысқандығы туралы, ауыздай айтылып келген 
мағлұматтарды еске түсіреді. «К сожалению, до нас не сохранился пол-
ный текст «ереже»
240
, – дейді. М.С.Сильченко сөз еткен ережелердің 
толық тексі 1886 жылы Қазанда кітапша болып шыққан болатын. 
Кітапша Абайдың жұрт мəселесімен қалай шұғылданғандығы жа-
йында құнды мағлұматтар береді. Мұнымен қатар еске алынатын 
бір жай: ережелерді, бұл заң-жобаны жасау, қабылдау ісіне Абайдан 
басқа да адамдардың, Қарқаралы, Зайсан, Павлодар дуандарының 
билері қатысқан көрінеді. Семей уезінен қатысқан: «Құрметті 
қазақтары Ибраһим Құнанбайұлы, Құдайберген Тастенбекұлы. Се-
миполат облысының бес дуанының, барша халқының сайланмыш 
адамдарының 1885 жылында, май айында, Шар бойында Қарамола 
съезінде жасалмыш ережелер дүр... үшбу 74 бапты ережені біздер 
238
Ахметов З. Лермонтов и Абай. – Алма-Ата, 1954. 19-б.
239
 Сильченко М.С. Абай. – Алма-Ата, 1948. 130-б.
240
Сонда, 12-б.


126
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
жасадық, қазақ рəсімінше, таза көңіліміз һəм ғаделетіміз илен, уа һəм 
раслығына иландырамыз» делінген.
Ережелердің 21-бабында: «һəр күмəн волосной молданың 
хұзырында істес керек, молданың қаралығы, зұлымдығы болса, жұрт 
тексереді»; 22-бапта: «Жалған күмəн еткен кісіге ғайып салынады»; 
28-бапта: «Барымташыға һəм ұрыға өлсе құн жоқ»; 35-бапта: «Суға 
кетіп бара жатқандарға, өрт уақытында көмек етпегендерге бас тоғыз 
бірден ғайыпталадүр»; 40-бапта «Ұрлыққа жиһат еткен адамдар, ұры 
бірлен бірдей жаза тартады»; 47-бапта: «Байы өлген жесір қатын 
сүйсе, байының бір туысқан бауырына, яки ағайынына тиеді, егер де 
сүймесе, ықтияры өзінде» – делінген.
Абайдың шығармаларын мұқият зерттеп мағыналы ойларға 
меңзейтін күрделі еңбек жазудың бір үлгісі М. О. Əуезовтің Абай ту-
ралы жазғандарынан көреміз. 1959 жылы жарияланған «Əр жылдар 
ойлары» деген кітаптың Абайға арналған бөлімінде – ақынның өмірі, 
ортасы, заманы, қазақ əдебиетіне қосқан үлесі, əлеуметтік жарқын идея-
сы, тұрмыс құбылысына толғана қарап, қырағылықпен бостандыққа 
ұмтылғаны, ақын шығармалары заманының айғағы, қазақ өмірінің 
айнасы екендігі көрсетіледі. Топ-топ топшылаулар, нəзік талдаулар 
беру арқылы Абай творчествосының əлеуметтік, көркемдік сыры ашы-
лады. Ақынның заманына байланысты ерекшеліктері түсіндіріледі.
Ақша беріп жалғасқан,
Ақысын əрең сол алды.
Орыс сияз қылдырса,
Болыс елін қармайды
Қу старшин аш билер
Аз жүрегін жалғайды
241
, –
деген Абай сөздерінің тəртіп қара жүректерін əшкерелеген терең 
мағынасын, бұл сөздердің адал арманды Абайға лайық сөздер екені 
айтылады.
Абайдың өмірі айрықша сөз болады. Автор жеке-жеке шашырап 
жүрген фактілер, деректерді, халық аузындағы мағлұматтарды тəртіпке, 
ғылыми жүйеге келтіріп, ақынның өмірбаянын қалай жазудың арнасын 
белгілейді. Əрине, М.Əуезов айтқандарымен Абайдың өмір баянын 
жазу ісі аяқталмақ емес, мұны автордың өзі де ескертеді: «Абайдың 
өмір баянын зерттеп, толықтырып жазу жұмысы жетер өресіне жетіп, 
аяқталған жоқ. Бірақ бұл күнге дейін ақын шығармаларының əрбір 
толық баспасының тұсында сол өмір баянына кіретін тың дерек, 
жаңалықтар қосыла түсіп, өсіп келеді»
242
, – дейді.
241


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет