Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет35/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107
Əуезов М. Əр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. 57-б.


129
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
ойы бойынша, ақын өмір шындығына түсінік беріп, шенеу айтып 
қана қоймауы керек, ол өмірдің бар мініне өкім де шығару керек, 
Абай өз ақындығын қоғамдық тартыстың актісі деп түсінгенде, ол 
Чернышевскийдің нұсқаған тұрғысынан барып шығады»
245
.
Абайдың 1884 жылдары жазған «Қақтаған ақ күмістей кең 
маңдайлы» деген шығармасына берілген талдаулардың кей жері дау-
лы. Бұл шығарманың реалистік, эстетикалық аясын тарылтып, онда 
эстеттік тамашалау басым, ащы сөз қолдану, портрет беру ғана бар, 
«Əсем сұлудан сырт көркімен қатар сезімін, ақыл-мінезін, адамдық 
ішкі дүниесін беруді ақын ескермейді, «Əлі əлеуметтік шындықты, 
халық басындағы ауыртпалықты сыншылдықпен жырлайтын қоғам
қайраткері Абай бұл»
246
өлеңде көрінбейді деу, дəл осы шығарманың 
көркемдік, реалистік, моральдық ерекшелігін ашып бермейді. «Дəл 
осы өлеңнің тұсында, Абай əйел жынысына қазақы көзбен, əсіресе бой-
жеткен қызға феодалдық орта қарайтын көзбен қарағандай болады»
247
деген қорытынды да күдік келтіреді. Рас, Абай шығармасының 
алдыңғы бөлімінде заманы туғызған кей сұлулардың əлдеқандай 
жарастықты портретін береді. Сонымен қатар ол сол сұлулардың 
ақыл-мінезі, ішкі дүниесіне байланысты істері, əдеті ескерілмейді 
емес, ескеріледі. Жəне Абай ащы сөз қолданып отырған сұлулар – 
сұлу атаулының бəрі емес, күрделі іске икемі аз, сырты келіссе де, 
ішкі, мінезі келіспеген, шаруа бақпаған, білім алып үйренбеген, құр 
үлбіреген, тек бой түзеуден өресі аспаған, шала-пұла байшікештер 
ішінен шыққан, адамшылығын өсіруге ортасы бөгет болған, жөнді 
тəрбие алмай, өмірі өксіген, кейбірі «бұртақтаған», кейбірі «бетім 
барда жүзіне кім шығар-ды» місе еткен сұлулар шығар.
Шығарманың сұлулар портретін беруге арналған бөлімі мен 
ащы сөз қолданған бөлімі арасына жік түсіп, жымдаспай тұр жəне 
екі тақырып аңғарылады, сұлудың «ақ саусағы іске ыңғайлы екені 
сияқты елеулі жақтары аз айтылады», «ақша жүз, алқызыл бет» 
арудың «тыртақтаған» жан болып шығуы қалай? Шығарманың ал-
дында айтылған сөздерге, кейінгі сөздер онша үйлеспей, өлеңнің 
эстетикалық тұтастығы əлсіреген, əлеуметтік мəні кеміген деу де да-
улы. «Қақтаған ақ күмістей» де ауызға ілінген сұлулар, Абай зама-
нында, қазақ өмірінде болмаған, бұл шығармада шындық көрінбейді 
дерсіз бе? Ал Абай көргенін, шынды кейбір сұлулардың жат мінезін 
245
 Əуезов М. Əр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. 132-б.
246
Сонда, 85-б.
247
Сонда.


130
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
көрсе, ащы сөз қолданса, одан барып Абай шығармасының көркемдік 
реалистік құны кеміп кетпек пе?
* * *
Абайдың өзінен бұрынғы жəне оған тұстас қазақ ақындарымен 
қарым-қатынасы, оның батыс, шығыс əдебиетін игеруі, қазақ фолькло-
ры қазынасынан қалай пайдалануы, Абайдың ащы сөздері, реализмі, 
ақындық тəсілдері, əлеуметтік ойлары, ақынның өмір ерекшелігіне бай-
ланысты туған шығармалары, Абай аудармаларының өзгешеліктері ту-
ралы мəселелер бір-бірімен ұштастыра тексеруді қажет етеді. Абайдың 
ақындық өзгешеліктерін байымдау үшін оның алдында ақындық дəурен 
өткізген қазақ ақындары туралы керекті мағлұмат болмаса, Абайды 
олардан мүлдем жырып алып тексерсек, Абайды жөндеп ұқпаған болар 
едік. Қазақ əдебиеті тарихының даму процесін, Абайдың ақындығын 
аңғару үстінде бұл мəселені ескерусіз етуге болмайды. Абай, əрине, 
өзінен бұрынғы ақындардың айтқандарын, ақындық үлгісін мақұлдай 
бермеген. Бірақ бұдан барып Абай олардан нəр алмаған, безінген 
дерсіз бе? Абайдан бұрынғы қазақ ақындары шығармаларының мы-
нау сияқты өзгешеліктері байқалады: бірінші – сол кездегі өмірдің 
жағымсыз жақтарын сынау, екінші – ойды ашына айту, сынай айту, 
кейде зар шеге айту, үшінші – өздерінше алдыңғы күнге болжам жа-
сау. Олар шығармаларының прогрессивтік жағы, əсіресе, сол кездегі 
өмірдің нұқсанды жақтарын қабылдамау, сынау істерінен айқынырақ 
сезіледі. Олар өздерінше халыққа қараулық еткендерді əшкереледі. Ел 
басына түскен ауыртпалықты көрді. 
Шортанбай заманына наразылық білдіріп, ашына сөйлеп:
Байды құдай атқаны,
Жабағы жүнді сатқаны.
Кедей қайтып күн көрер
Жаз жатақта жатқаны
248
, –
десе, Дулат та осы тектес ой білдіреді:
Сауып ішер сүті жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Мініп жүрер күші жоқ,
Тарантас деген ат шықты
249
.
Тынысты кеміткен ақша кесірі, алдау-арбау көбейді, ел қаймағын 
бұзып жүргендер тиын санаған сұмдар деп түсінеді. Ел ішіндегі 
ұлықтарды көріп, олардан да жиренеді.
248


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет