Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет34/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107
 Əуезов М. Əр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. 10-б.
242
Сонда, 32-б.


127
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Абай өз халқы даналығынан, батыс, шығыс əдебиеті, озық ойлы 
адамдарынан үлгі алды. Өз тəжірибесіне, терең парасатына сүйеніп, 
мағыналы ойлар айтты, естігенінен, оқығанынан керектісін сұрыптай 
білді, елдің адал ұлы болу ісіне ерте ойысты, жуандарды, пысықтарды 
көрді, сынады, өмірін бұқараның адал арманына арнады. Өлең жа-
йын баяндаған жырында Абай Шортанбайды, Дулатты, Бұқар жырау-
ды ауызға алса, солардың сөзін бала күнінен естіп, танып жаттап 
өскенін сезуге болады. Əрине, осындай ақындық мұралармен қатар 
мысал, мақал, аңыз, дастан, айтыс сияқты сан қазынаны əжеден, ана-
дан, қонақ-жолаушылардан көп есітеді. Ол əңгімелердің, жырлардың 
көбіндегі ел зары, ел сыны, жуан əкімдер зорлығы, қыздың мұңы 
сияқтыны да көп естіп өседі. Осындай мұраларды есту Абайды 
қатал, суық билер ортасында қалдырмай, халық мұрасына жақын етіп 
жүреді. Билер, əкімшілер ортасын ел көзімен көріп, қиянаттарын та-
нып, қатты сынап жиреніп өсуге бейімделе жүреді.
Абай, əрине, фольклорлық нұсқалар не батыс, шығыс ақындары 
мен Бұқар, Дулат, Шортанбай айтқандарына төте келмеген. Бірақ 
Абайдың бұрын-соң айтылғандардан тіксіне бермей, өз ақындығына 
арқау етерлік нəр іздей білген, таба білген бір ерекшелігін көрмеу 
де жөн емес. Абай қатал сынаған ұлықтар, пысықтар, байлар, 
жуандардың істерін көру, «қайырсыз байды мінеу, жаз жатақта ауыр 
өмір өткізген кедейлерге жақсылық тілеу Бұқар, Дулат, Шортанбай 
шығармаларында жоқ еді дей алмаймыз. Елді езгендерді сынау тек 
Абайдан ғана басталды деген сияқты бірбеткей қорытынды жасау 
үшін, Абай поэзиясының одан бұрынғы қазақ ақындары поэзиясы-
мен кейде тамырлас келгендігінің бір белгісін аңғару үшін, Абайды 
тереңірек түсіну үшін одан бұрынғы ақындар айтқандарынан хабар-
сыз болмау жөн.
Елді тұс-тұсынан шарлап, оның өміріне, өркендеуіне кесірін 
тигізгендер, атақ іздеп көздері қарауытқандар тобын сынап:
Жалаңқая жат мінез жау алады,
Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп
Жүз қараға екі жүз аларман бар,
Бас қатар бас-аяғын тексерем
243
, –
деп айтқан Абай сөздерінің əлеуметтік мəні, «бас-басына би болған 
өңкей қиқымдарды», ызалы уытты сөздермен сынағаны, Абай 
ақындығының шыңдала түскені, оның алдына зор мақсат қойғаны, 
ағартушылық ісін Шоқан, Алтынсарин идеясымен ұштастыра 
білгенін ескеруі керек. Абай:
243
 Əуезов М. Əр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. 37-б.


128
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Болды да партия,
Ел іші жарылды.
Əуремін мен тыя
Дауың мен шарыңды
244
, –
дейді. Əрине, оның партия құмарлардың талайын ауыздықтай 
білетінін өзгелер аңғартса керек. Абайдың шығармалары заманының 
нақтылы, керекті мəселелеріне арналды, оның ел үшін еңбегін сарп 
еткенін көреміз. Ол өмірді сырттай сезіп, өз басы қақас жүрген, ойын 
батыл айтудан тайқақтаған ақынға ұқсамайды, оның сөзі өршіл, 
өтімді, əсерлі.
Шығыс ақындарына еліктеп өлеңдер жазған жас Абай, ақындық 
өре көрсету дəрежесін əлсіретіп, ол кей өлеңдерінде араб, парсы 
сөздерін орынсыз қолданды, тілін шұбарлады. Кейін ақындығын 
таныған Абай мұндай өлеңдер жазудан бас тартты. Бірақ бұдан бұрын 
Абай шығыс поэзиясынан рухтану, шығыстық сюжет мотивтерге ора-
лу ісін мүлде тоқтатқан еді дей алмаймыз. Абай ақындығына батыс-
тан, не шығыстан келген үлес көп пе деп өлшеп жорамал жасаудың 
қажеті қанша?
Алды-артын шолып, өмір құбылыстарына үңіле қарап, ақындық 
міндетін аңғарған шағында да Абай шығыс поэзиясынан қол үзбеген. 
Оның көптеген шығармаларынан, арманды, шерлі, мұңды сөздерінен 
«Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы» сияқты шығармаларынан 
Татьянаға айтқызған (Пушкинде жоқ).
Көрісуге шыдамаспыз,
Айрылалық сол үшін, –
деген сөздерінен Абайдың шығыстық мотивтен безбегендігі көрінеді. 
Бірақ Абайдың бұл тектес шығармаларына шығыстық сарын, мо-
тив, бұрынғыша сырттай келмей, Абай ақындығының көрігінен 
өтіп, кірігіп, бір мəн-мағына алып барып, қалыпқа түседі. Ондай 
шығармалар Абайдың шығыс ақындығын игере білген, сюжет, мотив, 
тақырыпты өз ақындығына бейімдей сұрыптаған кезін аңғартады. 
Болмаса Абай батыс поэзиясы мен шығыс поэзиясы арасына шек 
қойып, бірінен аз, бірінен көп пайдаланайыншы демеген. Абайдың 
шығыстық сюжет, мотивтерден қол үзбегенін «Əзім», «Масғұт», 
«Ескендірден» де көресіз.
Абай шығармаларында өмірдің нұқсанды жақтарын көлеңкелеп, 
жаманын жасырып жатпаған, шындықтың бетін боямаған, бүркемеген, 
өмірге деген өз шешімін, кесімін айта отырған. «Чернышевскийдің 
244


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет