Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет87/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107
Байланысты:
full

Ядринцев Н.М. Сибирские инородцы. – С.-Петербург, 1891. 5-б.


252
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Шортанбай, Орынбай, Шөже, Ноғайбай, Шоқан, Алтынса-
рин, Абай туралы орыс тілінде «Əшшариқат. Восточный сборник в 
честь А.Н. Веселовского» деген кітапта қазақ халқы өмірінің түрлі 
құбылыстарын ақындықпен терең көрсеткен ұлы ақын Абайдың – 
«Желсіз түнде жарық ай», «Адамның кейбір кездері», «Жазды күн 
шілде болғанда», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» атты 
шығармалары орыс тілінде жарияланды. Бұл кітапта Абайдан басқа 
да қазақ ақындары туралы мағлұматтар берілген. Абайдың 1880 
жылдары жер ауып келген орыс оқығандарымен жақсы қатынаста 
болғаны, орыс ақындары шығармаларын оқығаны, заманының адал 
жаршысы болған, шындыққа, адамшылыққа, ақылға толы өлеңдер 
жазғаны айтылады.
Халықтың өз ішінен шыққан ақын-жазушылармен қатар, орыс 
жазушыларының да қазақтардың жайын орыс оқырмандарына айта 
жүруді өздеріне жүктегендері болған. Бұлар қазақтар туралы по-
вестер, очерктер, түрлі ғылыми зерттеулер жазды, қазақ халқының 
əдеби нұсқаларын жинау, баспа бетінде жариялау жұмысымен де 
шұғылданды.
Қазақ əдебиеті нұсқаларын жариялағандар, орыс тіліне 
аударғандар ішінде В.В.Радлов, Н.Березин, Н.Н.Пантусов, 
А.Васильев, Г.Потанин т.б. болса, орыс əдебиеті үлгілерімен қазақ 
қауымын таныстырғандар қатарында Алтынсарин, Абай, М.Бекимов, 
С.Көбеев, Шəңгерей Бөкеев, Б.Өтетілеуов бар. Бұлар заманына 
қарай елеулі еңбек сіңірді, қазақ əдебиеті мен орыс əдебиеті арасына 
дəнекер болды. Қазақ ақындары орыс əдебиетінің зор қасиетін жұртқа 
танытса, қазақ халқының өнерін, ақындығын жоғары бағалаған орыс 
əдебиетшілерінің бірі – Радлов қазақ халқының тіл өнері жөнінде 
тұтас пікір айтады. «Өзге туыстас елдерінен қазақтың ерекшелігі – 
сөз оралымына шебер, тамаша шешен» деген
501
.
В.В.Радлов 1870 жылы шыққан «Образцы народной литературы 
тюркских племен, живущих в южной Сибири и Джунгарской степи» 
деген кітабында қазақ халқының 63-тей əдеби нұсқаларын басты-
рып шығарды. Олардың ішінде «Ер Тарғын», «Сайын батыр», «Ер 
Көкше», «Бозжігіт», «Сейпілмəлік», «Дударқыз», «Қарагөз сұлу», 
«Ақбала», «Шортанбай–Орынбай», «Зарзаман» т.б. бар. 1897 жылы 
А. В. Васильев жариялаған «Образцы киргизской народной словесно-
стиден» «Қарашаш қыз», «Алтын айдар», «Томай баласы», «Алтын 
пышақ», «Қырық құлақ», «Түлкі мен тырна» деген сияқты көптеген 
501
Қазақ əдебиетінің тарихы. ҚазССР. 1 кітап. 218-б.


253
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
əдеби үлгілерді оқисыз. Оның «Образцы киргизской народной сло-
весности» деген кітабында орыс тіліне аударылған нұсқаның бірі – 
«Үш жігіттің» қазақшасы:
Бастайын бисмиллə деп бұл кеңесім.
Ей, бала, жəрдем бер деп, бол демесін,
Бұрынғы өткен, кеткен замандағы,
Айтайын үш жігіттің əңгімесін»
502
, –
деп басталса, бұл жолдар былай аударылған:
С молитвою о помощи божьей,
Начинаю преданье отцов.
Как в прошлые времена
Жили-были три молодца
503
.
Орыс оқушыларын таныстырған Н.Н.Пантусовтың 1909 жылы 
шыққан «Образцы киргизской литературы: тексты и переводы» деген 
кітабына кірген көптеген шығармаларының бірі – «Қисса қазақтың 
сайлау турасындағы қылған істері».
Қазақтың сайлау болды сер құмары,
Жетем деп бір мансапқа ынтызары
Енді сайлау болды деген жылы
Жиылып бас қосады жанның бəрі.
Бай болса өз ақылын шамалайды,
Мансапқа ұмтылады жас пен кəрі
Кім бай болса, ел сені қалайды деп,
Ат ақшасын үлесер жақсылары, –
деген сөздермен басталады. Қазақ əдебиетіне заманында еңбегі 
сіңгендердің бірі Ə.Диваев 1899 жылы шыққан «О свадебном ритуа-
ле киргизской Сыр-даринской области» деген кітабының əдебиеттік 
мəні зор. Осы фактылардың өзінен-ақ совет дəуіріне шейінгі кезде 
де қазақ əдебиеті мен орыс əдебиеті арасында ауыс-күйіс əдебиеттік 
қарым-қатынас болғанын аңғарасыз.
Революциядан бұрынғы кездің өзінде орыс оқушылары өз тілінде 
Абай, тағы басқа қазақ ақындары шығармаларымен таныса бастаған. 
1914 жылы Москвада шыққан «Əшшариатта» Н.Рамазанов Абайдың:
Жау жағадан алғанда,
Жан көрінбес көзіме.
Арғын, Найман жиылса,
502


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет