Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет88/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107
 Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. – Оренбург, 1897. 
98-б.
503
Сонда, 98-б.


254
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Таңырқаған сөзіме.
Қайран сөзім қор болды,
Тобықтының өзіне
504
, –
деген өлеңін «Когда враги хватают за горло, я не вижу ни одной со-
чувствующей души. О, бедные мои слова, которыми восхищаются 
Аргын, Найман и средняя орда! Вы не имеете никакой цены в глазах 
невежественной толпы Тобыктинцев» – деп тəржімалайды. Мақала 
жазып та Абайдың ақындығымен орыс қауымын таныстырған 
Н.Рамазанов Абай өлеңдері көптің ойын оятып, көкейіне қонған, 
қазақ өмірін көрсететін терең мағыналы өлеңдер екенін, «өлең – 
сөздің патшасы сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» деп 
айтқан Абайдың ұйқас қумай, артық сөзге жол бермей, ақындық 
өнер көрсететін, оның орыс əдебиетін жоғары бағалағандығын, 
ел ішіндегі дау-шарды шешуге шебер заманының дана адамы 
атанғанын айтады. Абайдың заман ауыртпалығын көріп, қамыққаны 
сөз болады.
Абайдың «Жазды күні шілде болғанда», «Желсіз түнде жарық 
ай», «Адамның кейбір кездері», «Өлсем орным қара жер сыз болмай 
ма» деген шығармаларын 1914 жылы орыс тіліне аударғандардың 
бірі – С.Сабатаев Абай шығармаларынан сөз қалдырмай аударуды 
құнттаған. Оның аудармасын заманына қарай құнды аударма деуге 
болады. С.Сабатаев:
Желсіз түнде жарық ай,
Сəулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Құлпырған жасыл жер жүзі
505
, –
деген жолдарды: «Тихая светлая ночь. Отражения месяца дрожат на 
воде. Около аула глубокий овраг, куда, шумя, извергается разлившая-
ся река. Листья густого леса шепчутся между собой. Трава затянула 
поверхность земли и скрыла песок»
506
, – деп аударды.
Қазақ өлеңдерінің орыс тіліне аударыла бастауының бір 
үлгісін осы мысалдардан аңғарсақ, орыс əдебиетімен қазақ халқын 
таныстырған аудармалардың бір үлгісін Абайдан көресіз.
504
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 
1948. 33-б.
505
  Сонда, 202-б.
506
Əшшариат. 229-б.


255
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Абайдың көптеген аударма еңбектері мəлім. Абай басқа 
халықтардың ақындары шығармаларын қалай аударады, олардың 
өзінің ақындық ісіне қалай пайдаланды, бұл жөнге Абай қандай тəртіп 
қолданады? Ол тек қана аудармашы ма? Болмаса өзіне хас өзгешелігі 
бар ма? деген мəселелер қадағалап зерттеп, пікір айтуды керек етеді.
Абай басқа ақындардың сөздерін бұлжытпай аударуға шебер, 
бірақ, ол аударған шығармаларды сөзбе-сөз тəржімалауды үнемі 
құнттап отырмайды. Ақынның аудармалары көбінесе еркін аудар-
ма, кейде аударма деп жүрген өлеңдерді аударма деп айту да қиын, 
оның бір өзгешелігі – бір өлеңді тəптіштеп аударып жатудан көрі сол 
өлеңнің сюжеті, тақырыбы сарындарын ғана пайдалануды көбірек 
құнттайды. Абай бұл жөнде тек аудармашы ғана емес, ол ақындық 
өзгешелігіне қарай өзге ақын үлгісінен пайдаланушы. Ақын өзге 
ақынның шығармаларын аударғанда, көбінесе, өз ақындығына үнемі 
үйлестіре отырады.
Дəл аудармаға жататын Абай өлендерінің бірі – Лермонтовтың 
«Гетеден» деген өлеңі. Бұл өлең өте көркем жəне дəл аударылған. 
Абайдың аударуға шебер ақын екендігін осы өлеңнен айқын байқауға 
болады. Абай Лермонтовтың бұл өлеңін бұлжытпай қазақшалап 
өлеңнің ақындық қуатын, маңызын, əсерін əлсіретпей айтып береді. 
Бірақ Абай осындай бірен-саран өлеңдерінде болмаса, көп өлеңдерінде 
аудармашы ақынға ұқсамайды. Басқа ақындардың жазғанына көз са-
лып, көңіл қойса, құр ғана аударумен болмай, өзіне керектісін алып, 
қажет деген жерін толықтырып жазғандықтан, Абай өлеңдерінің көбі 
аудармадан гөрі төл шығарма секілді болып келеді.
Абайдың бір ұмытпайтын нəрсесі, өзгенің ықпалына ермей 
басқаның сөзін айтумен болмай, өз ақындық қуатына сүйеніп, өз ша-
масынша дүние тану, көркемдік сезім байыту ісіне беріліп, тыңнан 
жол салып ілгері аттауды көксейді. Сондықтан белгілі ақындардың 
өзіне сын көзімен қарап, өлең жазудың, пікір таратудың тосын жол-
дарын іздейді.
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып көңлін ашпақ,
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер
Думан-сауық ойда жоқ əуел баста-ақ
507
, –
деп ақыннан не күтетіндігін айтады. Ақындықты думан-сауық ісіне 
сарп еткендерге қынжылып, өткір тіл, саналы ой іздеген, білімге, 
507


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет