244
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
түседі. Олар не болса соны жинағыштап, мүліктенбек. Плюшкин
тозған ұлтан, қатын-қалаштан қалған ескі-құсқы шүберек, офицер-
ден қалған шпораны да дүние көріп жинайды. Чичиков оның киімін,
түрін байқап қайыршы ма деп қалады.
Малдыбай да кимей, ішпей тырнақтап дүние құраған сасық
бай ретінде көрінеді. Ол көр-жерге құмар, өнімсізден өнім іздеп
əуреленеді, əйелдің тозған көйлегін, жыртылған ескі кебісті, не тозған
жіп тұсауды да мүлік көріп, кəдесіне асырмақ, ол байлықтың бір көзі
сараңдық деп те біледі. Қырдың осындай бір ұсқынсыз байын сөз ет-
кен Молда Ақыт бин Ұлымжыұлы:
Тоқтысы өлсе жылайды,
Кісіден қайыр сұрайды.
Қиянатсыз жан бар ма?
Қырдың надан байындай
484
, –
дейді.
Малдыбай əйеліне тынымсыз – «Құдайдан қорқу керек, ана
көйлектің алды тозыңқырап келгенде алдын артына қаратсаң, бір көйлек
болып шықпай ма? Жаулықтың əуелі бір шетін, содан кейін кірленген
екінші жағын аударып тартуға болмай ма? Оны жуа берудің өзі обал,
кейбір қатындар топардай қолдарымен уқалап, бір күшін салып, бұрап,
сығып жатқанда жаның қасым болады. Жаңа кебісті қонақ келгенде, не
сый жерге барғанда ғана киген жөн, тозған кебісті жамап, жіппен шан-
дып, су бүркіп сірісіп түзетсе, бірталай киюге жарайды»
485
. «Тұсаудың
ұшы тарқатылып кеткенін көрмейсің. Рас, бұл жіп тұсауды жеті жыл
ұстады. Бірақ тарқатылғанын есіп, ұшын түйіп қойсаң, тұсау он жылға
кетеді» деп əйелін жатып сөгеді. Үй тауқыметін көтере-көтере, көк
өкпе болған Айғаным Малдыбайдың түрлі ісінен безінгендей. «Бүткіл
үйдің міндеті менің мойнымда, ас пісіретін, шай қоятын, мал сауып,
сүт пісіретін, тезек теріп, кір жуатын мен. Шаруаң құрысын, дүние ке-
рек болғанда адам керек емес пе? Бейнеттен басқа берері жоқ малды
кім үшін жинайсың»
486
деп налиды.
Малдыбайдың ісін қостамайтындардың бірі – Жібек. Ол сыр
мінез болған əкесінің надандығын көріп, қынжылады. «Оның малдан
басқамен ісі жоқ, қуанышы, қайғысы, ойлағаны мал. Ал малды кісі
орнына, кісіні мал орнына жұмсайды» – дейді. Малдыбайдың қалың
алып, Сəлімнен айырмақ арам ниетін білген Жібек əкесінен түңіліп,
өз бетімен теңін таппақ.
484
Достарыңызбен бөлісу: