Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. –
Алматы, 1957. ІІ т. 88-б.
268
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
(Алеконың цыгандарға қосылып, табор адамы болғаны секілді),
басқа бір жат жағдайда əрекет жасаған болса, романдағы Онегин өз
ортасында жүріп, өмірден торыққан жан болып көрінеді. Пушкин
романында сол кездегі орыс өмірінің нақты суреттері, ерекшеліктері
көрсетіледі – Пушкиннің айрықша қасиеті де еді.
Пушкин сипат жасау ісінде Байронның сипат көрсету əдісін
қолдана отырады. Байронның «Дон Жуанын» алсақ, мұнда да сол
заманның мəдени қауымын кекете көрсету əдісі бар еді. Пушкин
романының бірінші тарауында бұл сынай көрсету, кекете көрсету
əдісіне берілу күшті.
Пушкин Онегин өмірінде, істеген істерінде сол кездегі орыс
өмірінен ұштасқан келісімсіз жақтарын ескерте келіп, сол келіссіздік,
кемшіліктерді Онегин арқылы шеней кеткісі келді. Пушкиннің
алғашқы ойына қарағанда, романды осы жөнімен жазбақ болған
ба дейсің. Бірақ романды жаза келе, бастапқы планына көп өзгеріс
кіргізеді. Бұл өзгерісті, ең алдымен, романның сатиралық, сықақ жағы
кеміп кеткенінен көресіз. Бірінші тарауда недəуір орын алған сати-
ра, сықақ екінші тарауда жойылып, үшінші тарауда Пушкин басқа
сарынға көшеді. Сөйтіп сатиралық сарын үстіне басқа бір сарын жа-
малады. Ақырында сол сарын жеңеді. Мұның үстіне Онегин оқиғасы
трагедиялы оқиға екені басымырақ айтыла бастайды. Онегиннің
жүдеген, азған, торыққан жақтары көбірек сөйленеді.
Абай Онегинді өз ортасынан қашықтатып əкететіндіктен, Онегин
сипатына өзгеріс кіргізгендіктен, Пушкин шығармасында көрсетілген
Онегин мінездерінің кей кемшіліктеріне онша назар салмайды. Бұған
қарағанда Абай Пушкинге жуық келсе, Пушкиннің алғашқы ойынан
көрі соңғы ойына, Пушкиннің екінші тараудан басталған бағытына
жуық келеді. Өйткені Абай шығармасында Онегиннің трагедиялық
жағы басымырақ айтылған.
Абай шығармасында Онегиннің жабыраңқы халі терең айтылған.
Абай шығармасындағы Онегин өмірден күдер үзіп, өлімге бойсұнған
жан. Сондықтан ол «Диуана болды бұл көңілім» деп арманына
жете алмай, ойы қырық бөлінген, əуре-сарсаңға түседі. Пушкин
романындағы Онегин трагедиясынан гөрі Абай шығармасындағы
Онегин трагедиясы қайғылырақ, аяныштырақ.
Енді екі ақынның Онегин оқиғасына арналған өлендерінің
құрылысы, түр жақтарынан байқалатын өзгешелік айырымдарға
келейік.
269
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Пушкин романында қалып қойған шумақтар кездесіп оты-
рады. Бірнеше шумақтардың орнына рим цифрлары қойылған,
шумақтардың өзі жоқ, тек олардың номерлері ғана қойылған. Кейде
бір шумақтың бірнеше жолдары да қалып қояды (екінші тараудың үш
шумағы). Бұл қалып қойған шумақтардың кейбіреулері қолжазбадан
табылған. Бұған қарағанда, қалып қойған шумақтарды орын-орнына
келтіріп, романды толықтырған жөн болар ма еді? Бүйтуге болмайды,
өйткені Пушкин бұл шумақтарды неге қалдырды, міне, осы мəселенің
басы ашылуы керек, əйтпесе романның мəтіні бұзылып кетуі мүмкін.
Пушкин бір жерде романның қалып қойған шумақтары туралы
былай дейді: «Евгений Онегинде» мен баспаға жібере алмаған, не
əдейі басқызғым келмеген шумақтар бар – бұған таңданудың керегі
аз. Олардың қалып қоюы əңгіменің желісін үзеді. Сондықтан олардың
қай жерде болуы керек екені ескертіліп, орындары көрсетілген.
Бұл шумақтардың орнына басқа шумақтар беру, не менен қалған
шумақтарды қайта түзету һəм орындарына келтіру жөн болар еді.
Бұған деген жалқаулығым бар, кінəлімін. «Дон Жуанда» да қалып
қойған екі шумақ бар екенін де момындықпен мойныма алам».
Абайдың Онегин туралы жазғандары бөлек-бөлек өлеңдер, ол
өлеңдерде біртұтас оқиғаның тек жеке-жеке жерлері ғана айтылған.
Бірақ Абайдың Онегин туралы жазғандарының ара-арасындағы
алшақтықтарына, оқиғаның түрлі желілерінің бір-біріне кірігіп,
жымдаспай тұруына себеп болған нəрсе – Абай еңбегінің толық бір
түрге салынып бітпей қалуына байланысты сияқты. Сондықтан Абай
шығармасында жазылмай қалған шумақтар, тараулар да бар секілді.
Пушкин романының өлеңдері жеке-жеке шумақтарға бөлінген.
Бір тараудың ішіндегі шумақтардың бас-басына рим цифрларымен
көрсетілген номерлері бар. Шумақтар жалпы сан жағынан бірдей
келіп отырған да, сол шумақтар бір өлшеммен жазылған. Бұл тəртіп
бірнеше рет қана өзгереді. ІІІ тараудағы Татьяна хаты мен қыздер
өлеңі, ІҮ тараудағы Онегин хаты біркелкі шумақтарға бөлінген.
Романның басқа өлеңдеріне қарағанда қыздар өлеңі басқа өлшеммен
жазылған. Онегин оқиғасына арналған Абай өлеңдерінде түрлі-түрлі
шумақтар бар. Абай бір тəртіптің шегінен ұдайы шықпай отырудан
гөрі, түр жағынан түрлі-түрлі өлеңдер жазуды құнттаған.
«Евгений Онегин» шумақтары ылғи он төрт жолдан болып,
өлең жолындағы ұйқастар не кезек, не қатар келіп отырады. Бұл он
төрт жолды шумақ екі жолмен аяқталып отыратынына қарағанда,
шумақтың басқа жолдарын төрт жолды үш өлеңге бөлуге болады.
270
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Онегин строфасында үш тəртіп бар: бірінші жол екінші жолмен
ұйқасады, үшінші жол төртінші жолмен ұйқасады, бұлар егіз ұйқастар
(аа, вв); 2) бірінші жол үшінші жолмен ұйқасады, екінші жол төртінші
жолмен ұйқасады, екінші жол төртінші жолмен ұйқасады – аттама-
лы ұйқас (ав, ав); 3) бірінші жол төртінші жолмен ұйқасады, екінші
жол үшінші жолмен ұйқасады – бұл ұйқасты қаусырмалы ұйқас деуге
болады. Пушкин өзінің романында бұл үш түрлі ұйқастықты толық
пайдаланады. Əр шумақтың алдыңғы төрт жолы қашанда аттамалы
ұйқас болып (ав, ав), екіншісі – егіз ұйқаспен келіп (аа, вв), үшіншісі
қаусырмалы ұйқаспен жазылып отырады (ав, ва). Оқта-текте жер-
лерде болмаса, Пушкин романы бастан-аяқ осы тəртіппен жазылған.
«Евгений Онегин» шумақтары жеке-жеке тұрады да, өз алдына бөлек
өлең сияқты.
Абайдың Онегин оқиғасына арнаған өлеңдеріне келсек,
бұл өлеңдер, Пушкин романындағыдай, бірыңғай шумақтармен
жазылмаған. Абай жазған өлеңдердің өзіне арнаулы шумақтары
бар. Онегиннің сипаты туралы өлеңнің əр шумағы төрт жол (6 жол-
дан келіп отырған ІІІ, ІҮ, ҮІІ шумақтардан басқа), əрбір жолында 11
буын, бірінші жолмен екінші, төртінші жолдар ұйқасып, үшінші жол
бос қалып отырады. Мысалы:
Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,
Дəмеленсе, күндесе білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір күдік жоқ «алар» деген
542
.
«Амал жоқ қайттым білдірмей» деп басталатын өлеңдері шумақ
үшінші жол, екінші жол мен төртінші жол ұйқасады (ав, ав) мысалы:
Амал жоқ қайттым білдірмей,
Япырмау қайтып айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей.
Не салсаң да тартамын
543
.
Бұл секілді аттамалы ұйқас Пушкин өлеңдерінде де бар. Бірақ
шумақ жағынан өлең Пушкин өлеңі шумағына ұқсамайды.
Онегиннің жауабы туралы өлеңді алсақ, бұл он бір буынды
төрт жолды шумақ, ұйқас жағынан Онегиннің сипаты туралы өлеңге
ұқсайды (ав, ва), бірақ бұл өлеңдер буын жақтарынан біріне-бірі дəл
келмейді, бірі сегіз буынды өлең болса, екіншісі – 11 буынды.
542
Достарыңызбен бөлісу: |