ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Көпбалина Гүлжанат Бағдатқызы
Қарағанды облысы Шет ауданы «Шет агротехникалық колледжі»
XXI – ғасыр ілім мен білімнің ғасыры. Жаһандық дәуірде ең бастысы қабілетті жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Жоғарғы дамыған мемлекеттердің санатына ену үшін сауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Қазіргі заман бізден, өзге елдермен терезе теңестіріп, бәсекеге қабілетті болуымызды талап етеді. Қазір білектің күшімен емес,білімнің арқасында бақ сынасатын заман. «Елу жылда ел жаңа» демекші, елдің азаттығына аттай отыз жылдан асты. Осы аралықта еліміз әлемнің көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. [3] Қоғамдағы өзгерістерге сай жас ұрпаққа берілетін білім жүйесі өзгеріп, жаңа ұсыныстар қабылданады.Ең алдымен, ұлтымыздың қадір-қасиетін арттырып, халқымыздың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге баса мән беруіміз керек. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесідегі реформалармен жалғасады Осы тұрғыдан еліміздің білім беру жүйесі XXI ғасырдың жаңа талаптарына сай болу мақсатында үлкен бетбұрыс алдында тұр.
Заманауи білім берудегі басты мәселе сапалы білім беру үшін жағдай жасау. Білім беру саласы бойынша бірнеше реформалар құрылады. Қазір реформаларды дайындауға зерттеу орталықтары, ірі ғалым — экономистер, әлеуметтанушылар, психологтар, педагогтар ат салысуда. Реформалар жоспарлары парламенттерде және Өкілетті халықаралық форумдарда талқыланады. Реформа ол көп жоспарлы сипатқа ие. Олар білім беру жүйесін құрылымдық қайта құруды, балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық буындардың білім жүйесін жаңартуды, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістерін жаңғыртуды көздейді. Қазіргі заманда мұғалімге қажет қасиеттер тізімі: оқыту стратегиясының белгілі бір арсеналымен қарулану, әртүрлі педагогикалық тәсілдерді біріктіру мүмкіндігінің болуы. Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарын ақпараттандыруды дамытудың қазіргі деңгейі кез-келген мұғалімге кәсіби желілік қауымдастықтардың белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік береді. [1]
Жыл сайын БҰҰ адами даму индексі (Human Development Index) бойынша деректерді жариялап отырады. Бұл үш индекстен тұрады: Білім индексі, ЖІӨ индексі және өмір сүру ұзақтығы индексі. Білім индексі бойынша Финляндия тұрақты түрде бірінші орында. 2009 жылы PISA 3,7 оқушылардың оқу жетістіктерінің индексіне сәйкес. 2010 жылы американдық Newsweek журналы Финляндияны білім сапасы бойынша әлемдегі ең жақсы ел деп атады. Қазақстанның да білім беру жүйесі жақын арада дамыған елдердің білім беру жүйесіне сәйкес келеді және қазірдің өзінде олармен тең дәрежеде бәсекелесе алады. Қазақстанда білім берудің тиімді моделін құру бойынша дәйекті және жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ұлттық білім жаңа халықаралық стандарттарға көшу бағытында реформаланған алғашқы әлеуметтік институттардың бірі болды.
Қазіргі таңда оқу орнындағы тәрбие жүйесінің құрылымы – құндылыққа негізделген білім беруге бағытталып отыр.Жаһандану заманында білім мазмұнын жаңартудағы мақсат – өз білімі мен мәдени деңгейін үздіксіз арттыру мүмкіндігі бар, өзіне және қоғамға пайда келтіруге қабілетті, дамыған заманда табысты бола алатын, шығармашыл, сыни ойлайтын тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту. Білімді, сана-сезімі және жауапкершілігі, патриоттық сезім қалыптасқан ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. [2] Болашақ мамандарға қойылатын мақсат-міндеттердің күннен-күнге өсуі оқу орнындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін үлкен ізденіс пен шығармашылық қалыптасу жолын талап етеді. Сондықтан да, студенттердің оқу орнына бейімделуі мен кәсіби құндылықтарының дамуы процесіндегі қиындықтарға көп көңіл бөлу, оған мейлінше үлкен мән беру студенттің маман ретінде қалыптасуына, дамуына, болашақ іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал етеді. Сол үшін кәсіби құндылықтары процесінің жалпы және нақты сұрақтарын шешу ғылыми дәлелдеуді қажет етеді. Осы ғылыми дәлелдеу кезінде кәсіпке бейімделу процесінде тұлғаның кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын зерттеу қажеттілігі туындайды.
Еліміздің қоғам көшіне ілесіп, әлемдік тәжірибелерді білім нарығына әкелу мұғалімнің заманауи білім жүйесін жетік меңгеруінде. Осы тұрғыда оқу барысында мұғалім өз шәкірттерін зерттеп бақылайды, олардың білім, білік, дағдыларын тексеріп бағалайды. Сондықтан да әрбір ұстаз сабақты шын мәніндегі нағыз шығармашылық еңбек деп түсініп, өзінің педагогикалық шеберлігін, білім-білігін күн сайын арттыра түсуі, озат тәжірибелерді өз сабақтарына кеңінен пайдалануы тиіс.
«Тәрбиедегі мақсат –адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген ұғымын Мағжан Жұмабаев айрықша атаған. Әрбір шәкірттің өзіндік болмысын, көзқарасын, ойы мен санасын, бойында құндылықтарды қалыптастыру мақсатында оқу орындары бүгінгі жас ұрпақтың қажеттілігін ескеріп, оқушының таңдауымен санасып, алдағы жоспараланатын жұмыстарға өзгеріс енгізуге басты назарға алынады. Тәрбиенің қазығы- отбасында қаланса, ал оқу орны оны қоғаммен ұштастырып өмірдің арнасына жол салмақ.
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Қазақстандық және әлемдік білім беру тәжірибесінің оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуі, оның нәтижеге бағдарланып, құндылыққа негізделген білім беру жүйесі білім сапасының артуы мен қатар оқу орындарының дамуы және тұлғаның бағдарлануына баса назар аударуда. Ұлы дана Абай Құнанбаевтың «Баланы ең әуелі мейір- шапағатқа, одан соң ақыл- парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» –деп ойын жеткізген.
Бөрібекова Ф., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар – Алматы, 2006.
Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Оқу құралы. –Қызылорда:ҚМУ, 2004
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»- Егеменді Қазақстан, 26.04.2017 ж. https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru
Достарыңызбен бөлісу: |