Химиялық әрекеттесулерді пайдаланады, олардың нәтижесінде көрінетін сыртқы эффектілер жүзеге асады, мысалы тұнбаға түсу, оны тиісті кезеңдерден кейін өлшеуге болады (гравиметрия әдісі), немесе ұшқыш өнімдер бөлініп шығуы (айдау әдісі), ерітінділердің түсінің өзгеруі (титрлеу әдісі).
Физикалық әдіс
Аспап көмегімен орындалады, себебі олар қандай да болмасын концентрацияға байланысты тіркеуді аналитикалық аспаптар мен аппаратураның көмегімен іске асырады, яғни анализденетін заттың физикалық параметрлерін өлшейді. Мысалы, балқу, қайнау температурасы, поляризация, электромагниттік қасиеттері, жарық сындыруы, жарық жұтуы, электр және жылу өткізгіштігі және т.б.
Физикалық әдістерге спектрлі, люминесцентті, рентгенқұрылымдық, масс-спектрометрлік әдістер жатады.
Физика – химиялық әдіс
Физика – химиялық талдау әдістері химиялық реакцияларда кездесетін физикалық процестерге негізделген.
Физикалық және физика-химиялық әдістер арасындағы шекараны анықтау мүмкін емес. Кейде олар «аспаптық» әдістер деп біріктіреді.
Хроматография
бұл біреуі қозғалыссыз, екіншісі ағын болатын екі фазаның арасындағы заттарды таратуға негізделген күрделі қоспаларды бөлу әдісі.
Хроматография әдісі медициналық, биологиялық, фармацевтикалық зерттеулер мен клиникалық тәжірибелерде көп қолданылады