Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы,«Арнайы педагогика» сериясы №1(72) 2023 ж.
60
қоршаған ортаға жеке қатынастар жүйесінің қалыптаспауы;
құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас қажеттілігінің азаюы [3, 26б.].
Бұл аталған ерекшеліктер негізінде психикалық дамуы тежелген балаларды арнайы бағдарлама
қолдану арқылы оқыту тиімділігі туындайды. Себебі, оқушылар сабақ барысында тез шаршайды,
берілген тапсырманы ӛте ұзақ орындайды, кейде тіпті тапсырманы орындаудан бас тартады.
Осындай кезде, мұғалім балалармен жұмыс істеу барысында оқушылардың білімге деген қызығу-
шылықтарын арттыру мақсатында:
әр сабақта ойын түрлерін түрлендіру;
тақырыпты қайталап түсіндіру;
үнемі күліп, кӛңілді күймен сабақты жүргізу;
түрлі-түсті әртүрлі кӛрнекіліктер қолдану;
жаңа, заманауи
технологияларды пайдалану;
үнемі жетістіктер үшін мақтап отырулары ӛте маңызды.
Негізгі педагогикалық құралдар ретінде әртүрлі ойын түрлерін қолдануға болады, мысалы:
танымдық;
логикалық;
дидактикалық;
рӛлдік ойындар;
ауызша;
саяхат ойыны;
қозғалысты ойындар [4, 208б.]
Ойын мысалдары:
«Тӛртінші артық» ойыны.
Балаларға 4 сурет ұсынылады, олардың арасында біреуі артық.
Жіктеу мен кескіннің негізі тақырыпқа байланысты таңдалады. Мысалы, әдебиеттік оқу сабағында
бұл әріптердің жіктелуі болуы мүмкін дауысты-дауыссыз дыбыстар ( «о» және «б» т.б.), қоршаған
әлем сабағында жануарлар тобы ( тауық, тырна, қырғауыл), орыс тілі сабағында сӛйлеу бӛліктері
(орындық, үстел, қызыл, терезе).
«Әріпті тап» ойыны.
Әріптерді үйрену кезінде оқушыларға мәтін немесе әріптер жиынтығы
ұсынылады онда олар зерттелетін әріпті тауып, сызып тастауы керек. Мұндай тапсырмаларды сәтті
орындаған кезде суреттегі әріптерді іздеуді ұсынуға болады.
Оқу процесінде ойындарды қолдану баланың белсенділігін арттыруға, оқуға деген құштарлық-
тарын дамытуға мүмкіндік береді. Алайда ойын технологиясын
сабақ барысында дұрыс
ұйымдастыру, таңдау маңызды. Ойын арқылы баланың сӛздік қоры дамып, айналасындағы басқа
балалармен қарым-қатынасы жақсарып, ӛзін еркін сезіну қасиеті артады. Осы орайда, сабақта ойын
әрекетін ұйымдастыру кезінде сақталуы керек тӛмендегідей ережелер бар:
ойын танымдық белсенділікті ынталандыруы;
ойын ережелері барлық оқушыларға түсінікті болуы;
барлық оқушылар қатысуы;
тапсырма орындауда қиындыққа тап болған оқушыларға кӛмек кӛрсету қажет;
сабақты ойындармен шамадан тыс жүктемеу [5, 43б.].
Аталған ережелерді сақтай отырып, балалардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауына,
сӛздерді ұмытпауларына, берілген білімді қорытуға мүмкіндік тудыруға болады.
Сабақтарды ұйымдастыру кезінде:
– мүмкін болса, дұрыс орындалған тапсырмалар үшін марапаттар мен сыйлықтарды алып тастау,
тек бағалау мен мақтаумен шектелу;
– сабақта жарыс жағдайын мүмкіндігінше аз пайдалану. Баланы ӛз нәтижелері мен жетістіктерін
талдауға және салыстыруға үйреткен дұрыс. Жарыс жағдайын ойын әрекеттеріне ауыстыруға болады;
– сондай-ақ, оқу мәселесін дұрыс шешпегені үшін жаза әрқашан жағымсыз эмоциялар тудыратын
және баланың оқу іс-әрекетіне деген кӛзқарасына теріс әсер ететін тӛтенше және тиімсіз шара екенін
есте ұстаған жӛн;
– мүмкін болатын жерде уақыт шектеулерін белгілеуден аулақ болуға тырысыңыз, ӛйткені бұл
шығармашылықтың дамуын тежеп қана қоймайды, сонымен қатар
ішкі мотивацияның дамуына
кедергі келтіреді.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1 (72) 2023 г.
61
Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды дамыту ерекшеліктері, олардың мектептік оқуға
дайындығының тӛмендігі оқу жоспарларын, бағдарламаларды түрлендіруді, оқу материалын қайта
бӛлуді және оны ӛту қарқынын ӛзгертуді қажет етеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды
оқыту арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, бастауыш білім беру деңгейіне арналған арнайы
бағдарламаларға, түзету пәндері
бағдарламаларына сәйкес,арнайы сынып жағдайында іске асады.
Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1 жылға артуына байланысты жалпы білім беретін бағдарламалар
мазмұны оқушылардың ерекшелігі ескеріле отырып, қайта бӛлінеді және бейімделеді. Оқу
процесінде жалпы білім беру оқулықтары, сонымен қатар, арнайы әзірленген дидактикалық
материалдар (жұмыс дәптерлері), АКТ және оқушылардың танымдық мүмкіндігі ескерілген т.б.
материалдар қолданылады.
Қорытындылай келе, психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту әр баланың жеке
қасиеттеріне, атап айтқанда физиологиялық, психологиялық,
мінез-құлық ерекшелігіне, қабілетіне
қарай жеке тұлғаны дамыту бойынша жұмысты дұрыс және тиімді ұйымдастыру қажет. Оқу
материалдарын әр балаға сай етіп құрастыру, түрлендіру мамандардың ізденісіне тікелей
байланысты. Оқу мотивациясының ең тиімді қалыптасуы психикалық дамуы тежелген балалардың
танымдық процестері мен шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған оқыту құрылымының
әр түрлілігімен, қарапайым және қол жетімділігімен қамтамасыз етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223
«Психикалық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар кӛрсететін
мемлекеттік кӛрсетілетін қызметтерді кӛрсету тәртібін бекіту тәртібін бекіту туралы»
бұйрығы
2.
Дубовицкая Т.Д. К проблеме диагностики учебной мотивации // Вопросы психологии. – № 1. –
2005. – С. 73.
3.
Макеева Е.А. Особенности мотивации учения младших школьников с задержкой психического
развития: автореф. дисс. … канд. психол. наук: 19.00.10. Нижний Новгород, 2004. 26c.
4.
Капитанец Е.Г. Психологические детерминанты готовности ребенка к школе // Инновацион-
ное развитие современной науки: сборник статей Международной научно-практической конфе-
ренции. 2015. С. 204 –208.
5.
Буторин Г.Г., Долгова В.И. Психопатологические признаки общеневротических психических
расстройств в детском возрасте // Общество: социология, психология, педагогика. 2016. № 4. С. 43.
Достарыңызбен бөлісу: