Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының тарихи негізі



бет9/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының тарихи негізі


Ұлттық идеяның маңызы. Отандық және халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, өзінің тарихи даму жолының әрбір кезеңінде елді біріктіруде ұлттық идея маңызды рөл атқарады. Мысалы, ХХ ғасырдың басында «Алаш» идеясы өзекті еді.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін елімізде жаңа қоғамды орнатудың маңызды бөлігі болуға тиіс жаңа ұлттық идея қағидаларын қалыптастыруға әрекеттер жасалды. Коммунистердің кеңінен жариялаған «жарқын коммунистік болашақ құру» идеясы социалистік лагерьдің және тоталитарлық жүйенің құлдырауымен келмеске кетті. Коммунистік кезеңнен кейін енді елімізде жаңа мемлекеттік идеологияны анықтау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Кез келген қоғамның жалпыұлттық идеологияға мұқтаж екені анық. Қоғамды біріктіруші идеяның жоқтығы әлеуметтік, экономикалық, саяси, конфессиялық және мәдени қайшылықтарға әкелуі мүмкін. Халыққа біртұтас идея, алға өрлейтін бағыт керек.
Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған экстремизм материалдық қана емес, рухани мешеуліктің салдарынан да таралады. Жастарға түрлі секталық ағымдар үлкен қауіп төндіруде. Жалған діни бірлестіктер үгіт-насихат жасап, жастардың санасын уландырып, көптеген отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді.
Жаһандану жағдайында еліміз халықаралық қатынастар жүйесінде қандай орын алады? Біз көршілерімізбен қарым-қатынасты қалай орнатамыз? Мұның бәрі жалпыұлттық идеяға және оның мазмұнына байланысты. Ұлттық идея этникалық, діни, тілдік тегіне, саяси көзқарасына қарамастан ұлттық құндылықтар арқылы елде барша халықты ортақ мүддеге топтастыра алады.
Ұлттық идея төңірегіндегі пікірталас. Жалпыұлттық ауқымдағы идея мәселесі тәуелсіз Қазақстанда ХХ ғасырдың 90-жылдары әсіресе ХХІ ғасырдың басында көтеріліп, бірнеше үлгілер ұсынылды. Ұлттық идея төңірегінде қызу пікірталастарға көрнекті ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері: Ә. Кекілбаев, М. Жолдасбеков, А. Сейдімбек, С. Қасқабасов, М. Әшімбаев, Ә. Нысанбаев т.б. қатысты. Ұлттық идеяны анықтауда әртүрлі нұсқаулар мен көзқарастар ұсынылды.
Ұлттық идея елді және бүкіл қоғамды топтастырушы фактор болуы тиіс. Ол Қазақстанның жаһандық дүниеге лайықты кірігіп, әлемдік күрделі үрдістерге оңтайлы қатысуына жағдай жасауы керек. Жаһандану жағдайында ұлттық идеяны іске асыру барысында бүкіл қоғам мен әрбір қазақстандықтың игілігі тұрғысынан еліміздің одан әрі өркениетті дамуын қамтамасыз ету қажет. Ұлттық идея адамзаттың жиынтық болмысынан дараланып тұратын ерекше ұлттық мазмұнға ие бола отырып, әлемдік қауымдастыққа оның толыққанды мүшесі ретінде енуді көздейді. Көрнекті жазушы Ә. Кекілбаев ұлттық идеяның өзегі ретінде тұтас қазақ болмысын зерделеуге және ұлттық сананы жандандыруға айрықша көңіл бөлді. Оның тұжырымы бойынша, ең алдымен, отаршылдық ой-пікірден арылып, халық санын көбейту үшін елімізде бала туу көрсеткіштерін жоғарылату қажет. Сондай-ақ ұлттық мемлекет құру, халықтың санасын жаңғырту, шетелдердегі қазақтарды елге оралту, батыс демократиялық құндылықтары мен либерализм т.б. мәселелерді көтеріп, қазақ халқының тарихи-рухани келбетін ашып көрсетуге ұмтылды.
ҚР ҰҒА академигі С. Қасқабасов ұлы ақын, ойшыл А. Құнанбайұлының поэзиясы мен философиясына сүйеніп, «ұлттық идея» ұғымын «мемлекеттік идея» мағынасында қабылдауды ұсынды. «Мемлекеттік идеяны» жүзеге асыру – тәуелсіздікті сақтау; ұлттың сана-сезімін жетілдіру; салиқалы сыртқы және ішкі саясат; қазақ халқының ауызбірлігі мен ұлттық менталитеті; елімізде тұратын басқа этникалық ұлттар өкілдерінің қазақтармен және өзара бір-бірімен тату тұруы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет