Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


Петициялар – Алаш зиялыларының ұстанымдары мен озық идеяларының көрінісі



бет6/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Петициялар – Алаш зиялыларының ұстанымдары мен озық идеяларының көрінісі.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақтар расында петициялық қозғалыс етек алды. Қазақ зиялылары өз халқының өмірлік маңызды мәселелерін петициялар жолдау арқылы шешуге тырысып көрді. Петицияларда жер, дін, құқық, тіл және халыққа білім беру саласындағы алуан түрлі талаптар қойылды. Петициялар жоғары билік орындарына жолдана бастаған еді. Алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары дін қызметкерлері (Ш. Қосшығұлұлы, Науан Хазірет т.б.) болды. Олар қазақ халқын христиан дініне енгізуді тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажетті жағдайлар жасау, молдалардың қызметіне кең жол ашу жөнінде нақты талаптар қойды. Уақыт өте келе жағдай өзгере бастады. Бірінші орыс революциясы жылдарында петиция жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды.
Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернаторларға, генерал-губернаторларға, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры ІІ Николайдың атына да жолданды. Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы еді. 1905 жылдың шілдесінде Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император ІІ Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петицияны жазуға белгілі саясиқайраткерлер Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. Ақбаев, Т. Нұрекенов т.б. белсене атсалысты.
Петициядағы маңызды мәселелердің бірі Ресей империясының заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын қатыстыру талаптары болды: «Малшаруашылығымен айналысу қырғыздарды (қазақтарды) сайлауға қатысу құқығынан неге айыруы тиіс? Сауда-саттық, егіншілік, балық аулау сияқты басқа да әртүрлі кәсіп түрлерімен айналысатындар ондай құқығынан айырылып отырған жоқ қой!..»
Талқыла
Галкин өз хатында неліктен петицияға қарсы болды?
Петицияның бір нұсқасын Темірғали Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петиция қазақ қоғамының ХХ ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі мәселелерін: сайлауды ұйымдастыру, жер, дін, сот ісін жүргізу, білім т.б. толық қамтыды.
Жоғары билік органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшындарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана тағайындау ұсынылды. Бұл қызметке кірісер алдында олар ант қабылдап, ешқашан қызмет бабын пайдаланып, халыққа қиянат жасамауға тиісті болды. Шаруа бастықтарының орнына бітістіруші судьялар қызметін енгізу талап етілді. Петиция авторларының пікірі бойынша, бұл қызметке жеткілікті дәрежеде сауаты мен білімі бар қазақтар тағайындалуы тиіс.
Қазақтар петицияда өздерінің діни істеріне басшылық етуді 1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформалар барысында енгізілген Орынбор діни басқармасының қарамағына беруді талап етті. Сондай-ақ мешіттер мен медреселер салуға еркіндік берілуін, газеттер пен кітаптар, діни әдебиеттер басып шығару үшін баспаханалар ашылуын ұсынды. Меккеге қажылыққа емін-еркін барып келуді, қазақ ауылдарына христиан дінін таратушы миссионерлердің баруына тыйым салуды талап етті. Жасы кәмелетке жетпеген қазақ жастарының басқа дінді қабылдауына тыйым салу талабы да қойылды.
Петицияда медреселерде араб, парсы, түркі тілдерін оқыту қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ ескі мешіттерді жөндеуден өткізуге және жаңа мешіттер мен медреселер салуға қаржы бөлуді ұсынды. Әр болыста діни алым-салықтарды жинайтын арнаулы адамдардың болуы, түскен мал мен қаржыны кедей отбасынан шыққан шәкірттердің оқуына жұмсау көзделді.
Петицияларда мектеп қабырғасында ислам діні негіздерінің міндетті түрде оқытылуы, «орысша сауат ашуды» содан кейін қолға алу талабы қойылды. Мектептерде христиан дінін оқытуға үзілді-кесілді қарсылық білдірілді. Қазақ халқына «бастық болғысы келгендердің қырғыз (қазақ – авт.) тілін білуі тиіс» екендегі атап көрсетілді. Петицияға қазақ өлкесінде ісқағаздарды қазақ тілінде жүргізу талабы да енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет