Зат алмасуы мен оныѕ жас ерекшелігі


Балалар организміне қажетті кейбір элементтердің мөлшері, (күніне,мг)



бет6/7
Дата19.11.2022
өлшемі94,5 Kb.
#51271
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-61407 (1)

Балалар организміне қажетті кейбір элементтердің мөлшері, (күніне,мг)

Баланың жасы

кальций


фосфор


магний

1жасқа дейін
1-3
4-6
7-10
11-13
14-17
Ересек

1000
1000
1000
1200
1500
1400
4500

1500
1500
1500
2000
2500
2000
2000

-
140
220
360
400
530
-

Мүшелерде мен ұлпалар тұздардың таңдамалы түрде жинайды. Айталық, йод қалқанша безінде, кальций-сүйекте, хром, марганец, бром- гипофизде, мыс-бауырда, цинк-жыныс бездерінде көп болады.


Минерал заттарының азықтың құрамындағы мөлшері сол азық өндірілген жердің топырағының құрамында және судағы мөлшеріне байланысты болады.
Нәрестенің дене массасының 2,55%,ал ересек адамның 5%тұздар.


Денедегі судың маңызы, жасқа байланысты мөлшері

Организмнің тірлігі үшін аса маңызды заттардың бірі-су. Ол организмнің ішкі ортасын құрады.Ересек адамның дене салмағының әрбір килограмм массасына 0,4л су қажет. Ал нәрестелерде бұл мөлшер 5есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі. Жалпы ер адамның денесінің 61% әйел адамның 50%судан тұрады.


Физиологиялық тұрғыдан судың екі түрін айыру керек: ішкі және сыртқы. Сыртқы суға адамның ішетін шайы, сұйық тағамдарының құрамындағы,түрлі сусындар жатады. Әрбір тағамның құрамында белігілі бір мөлшерде су болады. Ішкі суға дененің ұлпаларының құрамындағы су жатады. Мысалы, денедегі 100г май толық тотыққанда 107мл су шығады. Ішкі су организмнің тірлігін сақтауға жеткіліксіз,сондықтан ересек адам тәулігіне 2,0-2,5 л сыртқы суды,яғни сұйық тамақтың,сусының құрамындағы суды қабылдауы тиіс.
Адам су ішпесе шөлдеп,тіршілігі төмендейді,қаны қойылып, тандайы кебеді. Адам толық ашығып, бірақ су ішсе 55-60 күн өмір сүреді, ал су ішпесе, 8-10күн ғана өмір сүре алады. Су келесі қызметтерді атқарады: ферменттердің қоректік заттарды ыдыратуына қатысады, тағы да қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңіуіне,газ алмасуы, зат алмасу қалдықтарын тазалап, сыртқа шығаруға,дене жылуының тұрақтылығын сақтауға қатысады.
Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,4л, тер арқылы 0,5-0,8л, үлкен дәрет арқылы 0,1-0,2 л, дем шығару арқылы 0,4л су денеден шығарылады.
Организмдегі су қанда өте көп(92%), екінші орында ми (86%), содан соң бүйрек (83%), бұлшық еттер мен бауырда 70%. Майдағы судың мөлшері 30% , ал сүйекте 22%.
Судың организмдегі рөлі оның түріне байланысты.
Сұйық ұлпалар мен клетка ішіндегі су жақсы еріткіш. Ал адам өмірі қосындылардың құрамындағы сусыз мүмкін емес. Белоктардың, майлардың, көмірсулардың құрамында су болады. Олар тотыққан кезде су бөлініп шығады, 100г белок тотыққанда 41мл, май тотыққанда 107мл, крахмал тотыққанда 55мл су бөлінеді.
Сыртқы ауаның температурасы жоғары болғанда тердің шығуы артады.
Жұмыс істейтін адамдардың тәулігіне 6-8л суы термен шығады. Мұндай сусыздандырылу су ішу арқылы қалпына келтіріледі.
Ыстық температуралы жерде жұмыс істегенде 20-30 г ас тұзын қабылдауы қажет етеді, өйткені тер арқылы адам денесінен көп мөлшерде тұз шығады және ұлпалар сусыздандырылады. Ұзақ уақыт жаяу саяхатта жүргенде, ыстық күндері алыс дистанцияға жүгіргенде ас тұзының ертіндісін ішу қажет болады. Ас тұзы денедегі суды сақтап қалуға қатысады.
Нәрестенің дене салмағының 75%-су. Оның ұлпадарының клеткасындағы судың мөлшері -80%. Мектеп жасына дейінгі балаларда өсу, даму қарқыны жоғары болғандықтан, денесіндегі судың мөлшері де көп. 1жасқа дейінгі сәби тәулігіне 800мл,2-4жаста-950мл,5-6жаста-1200мл су ішуі керек. Ұл балалар қыздарға қарағанда суды көбірек ішеді, өйткені олардың дене қимылдары кезінде бұлшық еттеріне су көбірек қажет болады. Жалпы, бала организмінде зат алмасу күшті болғандықтан, суды көп қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет