Қуаттың алмасуы. Ұлпадағы клеткаларда белок, май, көмірсу оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және оыс заттар денеге бейімделіп қайтадан өндіріледі. Қоректік заттардың тотығу нәтижесінде бөлініп шығатын қуаттың мөлшері бірдей емес. Белгілі бір қоректік заттың 1г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың к а л о р и я л ы қ к о э ф ф и ц и е н т і деп атайды. Бұл мөлшері калориямен(кал), килокалориямен(ккал) немесе джольмен (Дж), килоджоульмен(кДж)өлшенеді 1кдж=4,187ккал. 1гбелок=4,1ккал(17,17кДж), 1г май=9,3ккал (38,39кДж), 1г.көмірсу=4,1ккал (17,17кДж).
Қоректік заттар денедегі ұлпалардың клеткаларында ферменттердің қатысуымен тотығады. Клеткада ядро мен протоплазманың құрамындағы белок, май, көмірсу ыдырайды. Мұнымен қатар қажетті заттар клеткада өндіріліп,ыдыраған заттардың орынын басады. Сөйтіп организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасуы үнемі болып тұрады да, клеткалар жаңарып отырады.
Организм бүйрек,тері,өкпе және ас қорыту жолдары арқылы денеде жиналған қажетсіз заттарды ыдыраған түрде сыртқа шығарылған мочевина,фосфор қышқылы,көмірқышқыл газы,азот,аммиак т.б заттарды сыртқы ортада өсімдіктер пайдаланады да күн сәулесінің қуатын пайдаланып олардан жасыл жапырақтарда белоктар,май, көмірсу түзіледі. Мысалы, организмде белок түгел тотықпайды, оның тотығуының нәтижесінде мочевина, креатин, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар пайда болады.
Организмдегі тотығатын қоректік заттың түрі тамақтың құрамына байланысты.
Денеге сіңген 1л оттегінің жылулық эквиваленті әртүрлі болады.Оттегінің к а л о р и а л ы қ э к в и в а л е н т і деп 1л О2 сіңген кезде шығатын жылуды айтады.
Тыныс коэффициенті арқылы оттегінің калориялық эквиалентін тауып, оны белгілі бір мерзім ішінде сіңген.
Пайдаланылған әдебиеттер
Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.