Зат алмасуы мен оныѕ жас ерекшелігі


Май мен көмірсуының алмасуы



бет4/7
Дата19.11.2022
өлшемі94,5 Kb.
#51271
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-61407 (1)

Май мен көмірсуының алмасуы


Майдың организмдегі маңызы және қажет мөлшері. Май мен көмірсудың құрамдарыс белоктан гөрі қарапайым, бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20%, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторлы ретінде пайдаланылады,яғни ол қорғану қызметін атқарады. Май қорының мөлшері адамның тамақтану ерекшелігіне, (конституциясының)ерекшелігіне байланысты. 1г май денеден тотыққанда 39к Дж, ал 1г көмірсу мен белоктар май денедегі қуат қоры ретінде жиналады. Майдың біраз бөлігі тері астындағы шелде дәнекер ұлпасында, құрсақ қуысының мүшелерін қорғап жауып тұратын шарпы май ұлпасында қор ретінде жиналады. Әйелдерде май иығына, денесінің төменгі жағына( бөксесіне және санына) да жиналады.
Майдың тотығу нәтижесінде бетаоксимай қышқылы,ацетон,кетон сияқты улы заттар пайда болып, денеден зәрмен бірге шығарылады. Ал фосфатидтер,стериндер іспетті тіршілікке қажетті заттары организмде пайдаланылады. Мысалы, жыныс безі гормондарының, Д витаминінің т.б. түзілуіне стериндер қажет.
Ас қорыту тақырыбында май ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырағанда глицерин мен май қышқылдарына айналатыны айтылған. Ал ол содан соң лимфа арқылы май ұлпасы мен клеткаларына жиналады. Дені сау ересек адамның тамағынада 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса,адам күніне 80-100 г май жейді.Тамақтың құрамында жануар майы да,өсімдік майы да болуы тиіс.Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек.Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір май қышқылдарының түрлері организмде өндірілмейді.Бұлардың жейтін тамақта жеткілісіз болуы зат алмасуын бұзады және жүрек-қан тамырлар жүйесінде атеросклерозды дамытады.
Май мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері, г/күніне



Адамның жасы



Май


Көмірсу



барлығы


Оның ішінде өсімдік майы

6ай-3жас
1-1,5жас
1,5-2
3-4
5-6
7-10
11-13
(жігіттер)
14-17
(қыздар)

25
48
53
63
72
80
96
106

93


-
-
5
8
11
15
18
20

20


113
160
192
233
252
324
382
422

367



Көмірсуының организмдегі маңызы мен қажет мөлшері.
Көмірсулары адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т.б. іспетті моносахаридтерге дейін ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1%. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12%-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық еттерге тасылады да, онда жануар крахмалы деп аталатын зат- гликогенге айналады. Егер 0,12%-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру ұйқы безінің Лангерганс аралшаларының ішкі секрециялық қызметі бұзылып инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.
Көмірсуының көбі денеде сол организмге тән бейімделіп қайтадан өндіріледі.Олар клетканың цитоплазмасы мен ядросының құрамына кіреді. Көмірсуы нуклеин қышқылдарының күрделі тізбектерінің құрамының негізгі бөліктерінің бірі саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет