Зат есім (Қазақ грамматикасы бойынша) Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен оқиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі- зат есімдер



бет3/13
Дата06.01.2022
өлшемі78 Kb.
#14382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Адамзат және ғаламзат есімдері

Тілдердің өзге жүйесінен, айталық, славян текті орыс тілінен түркі жүйелі тілдерді, соның ішінде қазақ тілінен ерекшелеп, даралап көрсетіп тұратын белгінің бірі- осы адамзат есімдері мен ғаламзат есімдеріне тән қасиеттер мен белгілер. Лексикалық мағына тек адамды, кісіні білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, ол, біз, сіз) предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімнің басқа түрлері болса, олар еш уақыт жіктеу есімдіктерінің бірінші, екінші жағымен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Солай болғандықтан да мағына жағынан «адам» деген жалпы ұғымның ішіне кіретін зат есімдерді 3 жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, зат есімнің қалған тобы І, ІІ жақта жіктелмей айтылады. Мысалға, ұстаз, көрші, адам, Арман деген секілді адамға қатысты зат есімдерді алатын болсақ, бұларды кез келген жіктеу есімдіктерімен қосып, мен ұстазбын, сен адамсың, ол көрші деген тәрізді ретпен І жақта да, ІІ жақта да, ІІІ жақта да айта беруге болады. Ал енді өзен, надандық, бұрылыс тәрізді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарға қатысты айтылатын зат есімдерге келсек, бұлардың жайы бір басқа. Мұндай зат есімдердің бірден-бірі өздерінің тура мағынасында жұмсалғанда, жіктік жалғауының І, ІІ жағын қабылдамайды.

Адам атулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндігіне байланысты және семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атаймыз. Ал, формальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов).

Неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердің атауларын түгел қамтитындықтан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай ғаламзат есімдері деп атауға болады, Ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет