Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет23/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Окситоцин
біріншілік механизм бойынша цАМФ арқылы әсер етеді. Бірақ 
рецептор стимулденгенде нысана-жасушаларында цАМФ деңгейі тӛмендейді. 
Рецепторлар жатыр мен сүт бездерінің тегіс бұлшық еттерінің жасушаларында 
болады. Окситоцин жатырдың жиырылуын жоғарылатады, альвеолалардан 
сүттің бӛлінуін қамтамасыз етеді. Оны дәрілік препарат босануға жағдай жасау 
үшін қолданылады. 
Бүйректе окситоцин әлсіз антидиуретикалық әсер кӛрсетеді және 
қыртыстың нефрондарында қан ағу мен сүзілуді стимулдейді. Май тінінің 
метаболизміне вазопрессин сияқты әсер етеді, ол вазопрессинмен бірге 
организмді стресс кезінде кетоздан қорғауы мүмкін. Окситоцин организмнің 
ауру сезіміне жауабын тӛмендетеді, оның босану кезінде физиологиялық 
маңызы бар. Бұл гормон жасушалық иммунитетті стимулдеуі мүмкін деген 
мәліметтер бар. 
Окситоцин есте сақтауды стимулдеп, орталық эффектерді кӛрсетеді. Ер 
адамдарда окситоциннің әсерінен жыныс мүшелерді стимулдеген кезде жыныс 
гормондарының секрециясы күшейеді және эякуляция кезінде жыныс 
гормондарының концентрациясы жоғарылайды
.
 
 


193 
5. Жыныс гормондары; ӛкілдері, химиялық табиғаты, нысана 
жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының 
реттелуі. 
Жыныс гормондары аралас секрециялық жыныс бездерінде түзіледі. 
Сыртқы секрециялық қызметі жыныс жасушаларының: ұрық бездерінде 
сперматозоидтардың және аналық бездерінде аналық жасушаларының түзілуі 
болып табылады. Бұл бездердің ішкі секрециялық қызметі жыныс 
гормондарының түзілуі және секрециясымен байланысты. 
 
Химиялық табиғаты:
 
жыныс гормондары стероидтарға жатады, олар 
холестериннен түзіледі, ерлер мен әйелдердің жыныс гормондарының 
синтезінің кӛптеген сатылары ұқсас болады, сондықтан аз мӛлшерде ерлердің 
жынысы бездерінде әйел жыныс гормондары, ал аналық бездерде ерлердің 
жыныс гормондары түзіледі. 
Әсер ету механизмі: екіншілік. 
Жалпы физиологиялық әсері
 
аралық алмасудың кӛптеген процестеріне, су-
тұздардың алмасуына, бейімделу реакцияларына қатысуы түрінде байқалады. 
Мысалы, гормондар ферменттердің синтезін арттырады, соның ішінде 
аденилатциклазаның синтезін, бұл ферменттің әсерінен липолиз, фосфоролиз 
күшейіп, липидтер мен кӛмірсулардың тотығуы артады. Бұл реакциялар 
анаболикалық реакциялар үшін қажетті энергияның кӛп бӛлінуіне әкеледі. 
Мысалы, энергия аденилатциклазаның әсерінен жоғарылайтын белок синтезіне 
жұмсалады. Белок синтезінің күшеюі бұлшық ет массасының, ізінше дене 
салмағының жоғарылауына әкеледі. Сондықтан жыныс гормондарының 
туындылары медицинада бұлшық ет массасының ӛсуі үшін анаболиктер 
ретінде қолданылады. Оң азотты баланс байқалады, жас организм жылдам 
ӛседі. 
Жыныс гормондары скелеттің пропорционалды дамуын реттейді, алқым 
безінің функциясын тежеп қуыс сүйектердің ұзаруын тоқтатады. Акселераттар 
– жыныс гормондарының жетіспегендігінен бойлары ӛсіп кеткен 
жасӛспірімдер. Жыныс гормондары ОЖЖ-нде қозу процестерін арттырып, 
ОЖЖ-не әсер етеді.
Ерлердің жыныс гормондары– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет