Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет24/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

андрогендер

Химиялық табиғаты
:
тестостерон – негізгі гормон. А сақинасындағы С
4
пен С

арасында
қос байланыс, С
3
-кетотобы, С
17
- ОН тобы бар. Лейдиг 
жасушаларында эстрадиол мен андростеронға айналуы мүмкін, соңғы 
гормонның активтілігі тестостеронмен салыстырғанда тӛмен болады.
OH 
О
ТЕСТОСТЕРОН


194 
Андрогендердің ер адамдардың организміндегі 
биологиялық маңызы
жыныс бездерінің интерстициалды жасушаларына, тегіс бұлшық еттеріне
дәнекер тініне және арнайы эпителийге стимулдеуші әсер етуімен байланысты. 
Ер адамдарда андрогендердің 80% - атабезінде (аталық безде), ал 20% 
бүйрекүсті бездерінде түзіледі. Нысана-жасушаларында (ұрық кӛпіршігі, 
жыныс мүшелерінің терісі, простата) тестостерон 5

-редуктазаның әсерінен 
активтілігі одан да жоғары дигидротестостеронға немесе активтілігі тӛмен 
андростеронға айналады. 
Қанда тестостерон тестостерон-эстрадиол-байланыстырушы глобулинмен 
немесе альбуминмен байланысады.
Ер адамдарда 25-30 жас аралығында жыныс бездерінде андрогендердің 
түзілуі максималды шамаға жетеді, одан кейін олардың гормональдық 
активтілігі біртіндеп тӛмендей бастайды. Қартайғанда қанда тестостеронның 
деңгейі тӛмендеп, ал эстрогендердің деңгейі жоғарылайды.
Арнайы әсері: бұл әсері ерте эмбрионалдық мезгілде байқалады, ұрықтың 
атабезінің гормоны гипоталамусқа әсер етіп, онда жыныс дифференциациясын 
анықтайтын люлиберин мен пролактолибериннің түзілуіне әкеледі. Жыныстық 
жетілу мезгілінде тестостеронның концентрациясы күрт жоғарылайды (10 есе), 
оның әсерінен жыныс мүшелерінің ӛсуі мен екіншілік жыныс белгілерінің 
(әйелдермен салыстырғанда бұлшық етінің мығым, бойының ұзын болуы
шаштың ӛсу түрі, дыбыс байламының және кӛмей кӛлемінің үлкеюіне 
байланысты дауыс тембрінің тӛмендеуі) дамуы жүреді. Тестостерон 
сперматогенезді стимулдейді, либидо пайда болуына және оны ұстап тұруына 
әкеледі, 
жынысқа 
байланысты 
жүріс-тұрысын 
қамтамасыз 
етеді 
Тестостеронның әсері минералокортикостероидтардың әсеріне ұқсас – натрий 
иондарын, хлор мен суды ұстап тұрады; калийдің шығарылуын күшейтеді. 
Тестостеронның секрециясы циклды түрде жүреді – 8-30күн және амплитудасы 
14-42%.
Әйелдер организмінде тестостеронның 1/3 бӛлігі аналық бездерде және 2/3 
бӛлігі бүйрекүсті безінің қыртыс қабатының торлы аймағында түзіледі. Аналық 
бездерде андрогендер эстрогендердің негізін салушылар болып табылады. 
Әйелдер 
организмінде 
тестостерон 
жатырдың 
жасушаларындағы 
биосинтетикалық процестерге және фолликулардың жетілуіне әсерін тигізеді. 
Әйелдерде тестостерон түктердің ӛсуіне әсер етеді. Әйелдерде тестостерон 
мӛлшерінің шамадан тыс болуы ФСГ мен ЛГ –ның циклдық секрециясын 
тоқтатады, жыныс циклі бұзылады, маскулинизацияның белгілері (сақал-
мұрттың ӛсуі, клитордың ӛсуі, дауысының жуандауы) пайда болады. 
Тестостеронның секрециясының және сперматогенездің реттелуі: 
Гонадолиберин-рилизинг-факторлары әсерінен ЛГ мен ФСГ-нің түзілуі 
жоғарылайды. ЛГ андрогендердің түзілуін стимулдейді, ФСГ сперматогенезді 
стимулдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет