Заттар алмасуыныѕ реттелуі


 Қанның ақ жасушалары: гранулоциттер және агранулоциттер



Pdf көрінісі
бет57/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99
6. Қанның ақ жасушалары: гранулоциттер және агранулоциттер. 
Ақ қан жасушалары түйіршікті – гранулоциттер (полиморфты ядролық 
лейкоциттер) және түйіршіксіз – агранулоциттер болып екіге бӛлінеді. ӛз кезегінде 
гранулоциттер нейтрофил, базофил, эозинофилдерге жіктеледі. Агранулоциттерге 
моноциттер мен лимфоциттер жатады. 
7. Нейтрофилдердегі зат алмасу ерекшеліктері, олардың маңызы. 
Барлық ақ жасушаларының 70%-ын нейтрофилдер құрайды нейтрофилдер 
жедел жұқпалы аурулар кезінде бактерияларды және әртүрлі бұзылған тін ӛнімдерін 
жұтып, фагоцитоз қызметін атқарады. Нейтрофилдердегі зат алмасу 
ерекшеліктеріне жатады: 

Нейтрофилдердің құрамында кӛптеген лизосомалар бар. Оның құрамында 
әртүрлі протеиназалар кездеседі: эластаза, коллагеназа, желатиназа, катепсин 
G. Бұл ферменттер микроб белоктарын гидролиздік ыдырауын катализдейді 
(тіндерде антипротеиназалар болмаса, аталған ферменттер құрылымдық 
белоктарды да ыдыратып жіберуі мүмкін). 

Бұл жасушаларда митохондриялар аз болуына байланысты, тотығудан 
фосфорлану орташа деңгейде жүреді. 

Гликолиз бен пентозофосфатты цикл ӛте қарқынды жүреді. Пентозофосфатты 
циклдың қарқынды түрде жүруі жасушаны НАДФН
2
-мен қамтамасыз етеді. 
НАДФН
2
нейтрофилдерде оттектің активті түрін түзуге қолданылады. 

Құрамында арнайы ферменттер бар, мысалы, миелопероксидаза. Осы фермент 
арқылы сутек асқын тотығы (Н
2
О
2
) ыдырап, активті (бактерицидті) 
гипохлор қышқылы түзіледі: 
Н
2
О
2
+ Н
+
+ Сl
-
→ Н
2
О + НОС1 (гипохлор қышқылы). 

Цитоплазмалық мембранада НАДФН-оксидаза деп аталатын электронды 
тасымалдаушы жүйе бар, олар оттектің активті түрін түзуге қатысады. Бұл 
жүйенің құрамында цитохром b
5
(Цхb
5
) бар. 

Нейтрофилдерде лизоцим ӛте кӛп, ол бірқатар бактериялардың полисахаридтік 
қабығын бұзады. 

Нейтрофилдерде дефензин деген 20-33 АҚ-ның қалдығынан тұратынерекше 


238 
қорғаныс пептиді болды. Бұл пептидті табиғи антибиотиктер деп қарастыруға 
болады, ӛйткені бактерия мембранасын бұзады. 

Нейтрофилдерде темірді байланыстыратын белок – лактоферрин бар. Ол 
бірқатар бактериялардың ӛсуін тежейді, сонымен қатар миелоидтық 
жасушалардың пролиферациясын реттеуге қатысады. 

Нейтрофилдердің эндотелийге жабысуына кӛмектесетін адгезивтік қасиеті бар 
селектин мен интегриндер болады. 

Нейтрофилдерде плазминогеннің активаторы синтезделеді, оның әсерінен 
плазминоген активтеніп, плазминге айналады. Плазмин тромбтарды ерітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет