Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет65/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Артериалдық қысымның реттелуі.
Бүйректің бұл қызметіоның эндокринді қызметімен тығыз байланысты. 
Бүйректе артериалдық қысымды реттейтін 2 жүйе бар: прессорлық (ренин-
ангиотензин-альдостерон) және депрессорлық (простагландин А
2
, Е
2

простациклин, калликреин жүйесі, жүрекшелік натрий-уретикалық фактормен 
активтелетін гуанилатциклаза). Ренин юкстагломерулярлық аппараттың 
жасушаларында синтезделенеді – бұл протеолитикалық фермент. Негізінде, 
ренин артериалдық қысымның қан айналымы кӛлемінің, натрийдің 
тӛмендеуінде, адамның кӛлденең қалпынан тік қалпына ауысуында 
синтезделеді. Ренин қан сарысуындағы ангиотензиногеннен полипептидті 
бӛледі де, ангиотензин I түзілуін тездетеді. Рениннің түзілуі стимулденеді: 1)
біріншілік зәрле натрий мен хлордың тӛмендеуімен; 2) бүйрек қысымының 
тӛмендеуіне байланысты, шумақтық афференттік артериола барорецептор-
ларының созылу ӛзгерісімен; 3) симпатикалық нервтермен және стимулирует β-
1-адренорецепторларды стимулдейтін бүйрек үсті безінің милы қабатында 
түзілетін норадреналинмен; 4) простагландиндердің кӛбісі (мысалы, Е
2

рениннің секрециясын күшейтеді де, ренин түзетін жасушалардың 
гиперплазиясына алып келеді (Барттер синдромы). Рениннің секрециясын 
тӛмендетеді: фильтратта натрийдың, хлор иондарының мӛлшерінің кӛбеюі, 
тұздың кӛп мӛлшерде болуы, бүйрек қысымының жоғарлауы, гипертензия, 
симпатикалық хабардың тӛмендеуі, вазопрессин мен ангиотензин-II-нің әсері. 
Калийді кӛп мӛлшерде қолдану рениннің түзілуін тӛмендетеді, себебі калий 
тікелей минералокортикостероидтардың синтезін жоғарлатады. 
Ангиотензиноген 
бауырда 
түзіледі. 
Ангиотензин-I 
ангиотензинге 
айналдырушы ферменттің (қан плазмасының және эндотелиоциттердің 
ферменті) әсерінен ангиотензин II-ге айналады, ал ангиотензин II қан 
тамырының тегіс салалы бұлшық етінің жиырылуын, альдостеронның 
синтезделуін жақсартады, сондықтан артериялық қысым кӛтеріледі. 
Ангитензиндік айналдырушы фермент брадикининнің, эндогенді опиаттардың 
ыдырауын катализдейді. Ангиотензин II күшті вазоконстриктор. Қан 
тамырларына гормонның ӛзі, симпатикалық жүйке жүйесін активтендіріп те 
әсер ете алады, яғни гипоталамус арқылы. Бүйректе ангиотензин II рениннің 
түзілуін тӛмендетіп қана қоймай, сонымен қатар натрийдің реабсорбциясын 
күшейтіп, бүйрек қан тамырларын тарылтып, тұйық шеңбер түзуге де 
қатысады. 
Мида 
ангиотензин 
II 
шӛл 
орталығын 
ынталандырып 
шӛлқандырудың 
арандатушысы 
болып 
табылады. 
Ангиотензин 
II 
минералокортикостероидтардың түзілуін күшейтіп және кӛп мӛлшерде 
глюкокортикостероидтардың түзілуін арттырады. Ангиотензин II қан 
тамырларының тегіс салалы бұлшық еттеріне, бүйрек үсті безінің 


247 
жасушаларына митогендік эффект кӛрсетеді. Ангиотензин-II-нің ӛмір сүру 
уақыты 2 мин. Ангитензиндік айналдырушы фермент ангиотензин-II түзу 
арқылы бүйректің прессорлық жүйсін іске қосады және брадикинді ыдыратып, 
депрессорлық жүйенің әсерін басады. Ол вазопрессиннің секрециясын 
арттырып, шӛл орталығын активтейді. 
А және Е тобына жататын простагландиндер қан тамырын кеңейтіп, 
бүйректегі қан ағысын жақсартады, сондықтан зәрдің бӛлінуі кӛбейеді. 
Простагландин Е
2
және простациклиндер диурезді стимулдей алатыны белгілі. 
Калликреин-пептидаза, кининдердің каллидиннің (10 АҚ-нан тұратын) және 
брадикининнің (10 АҚ-нан тұратын) түзілуіне қатысады. Кининдер 
вазодилататор болып табылады, бүйректе қан ағысын реттеп, натрийдің 
шығарылуына кӛмектеседі. 
Натрий-уретический фактор – 28 АҚ-нан тұратын биологиялық активті 
пептид, (атриопептид – жүрекшеде прогормон түрінде түзіледі және 
сақталады). Прогормон активті гормонға қан плазмасында айналады. 
Атриопептидтің әсері ренин-ангиотензин-альдостеронға мүлдем қарсы. Қан 
тамырларын кеңейтеді, шумақтық сүзгілеуді күшейтеді, натрий мен хлоридтің 
ағзадан 
шығарылуын 
ынталандырады, 
соңғы 
функциясы 
олардың 
түтікшелердегі натрий мен хлоридтің реабсорбциясы тежелуіне байланысты 
болады. Осы фактордың әсерінен рениннің, минералокортикостероидтардың, 
вазопрессинніңғ секрециясы тӛмендейді. әсер ету механизмі бірінші, цГМФ 
арқылы жүреді. Осы факторлардың әсерінен аденилатциклазаның әрекеті 
тежеледі. Гиперволемия, жүрекшенің созылуы, кӛлденең қалыптан тік қалыпқа 
келу, кӛп жұмыс істеу, тұздарды кӛп қолдану антрий-уретикалық фактордың 
секрециясын 
арттырады. 
Глюкокортикостероидтар, 
минералокортико-
стероидтар, вазопрессин атриопептидтердің түзілуін стимулдейді. Олардың 
мӛлшері жүректің, бүйректің жетіспеушілігінде ӛседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет