Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет67/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Белоктардың 
метаболизмі. 
Ламинин 
және 
энтактин 
бүйрек 
шумақтарының базалдық мембрананың ерекше белоктары. Базалдық 
мембранада ламинин IV типтегі коллагенмен, гепаринмен, интегринмен және 
энтактинмен байланысады. Бүйрек тіндеріндегі базалдық мембрананың мұндай 
құрылысы гломеруларлық сүзгілеуді қамтамасыз етеді. Теріс зарядты гепарин 
гломерулярлы тесіктердің альбуминдер молекуласынан үлкен болуына 
қарамастан, теріс зарядты альбуминдердің ӛтуін тежейді. Сондықтан альбумин 
қалыпты жағдайда зәрде болмайды. Глобулиндер шумақты тесіктерден үлкен, 
сондықтан 
оларда 
бүйрек 
сүзгісінен 
ӛтпейді. 
Гломерулярлық 
мембраналарының зақымдануынан (мысалы, гломерулонефритте) шумақты 
мембранасының құрылымы бұзылып, белоктар зәрге ӛтіп кетеді – протеинурия 
дамиды. Шумақты сүзілу кезінде қапшық ішіне барлық кіші молекулалық 
пептидтер (сонымен қатар глюкагон, вазопрессин, АКТГ, гастрин, ангиотензин) 
және инсулин мен паратгормон ӛтеді. Осы пептидтерді бүйректе «орташа 
молекулалар» деп атайды., олар бос амин қышқылдарына дейін ыдырап, АҚ-ы 
реабсорбцияланып, ағзаға қайтадан синтезделу процестеріне жұмсалуы мүмкін. 
Орташа молекулалық заттардың катаболизмі бүйректе тағв бір маңызды роль 
атқарады – ағза биологиялық активті заттардан үнемі құтылып отырады. Бұл 
жағдай олардың реттеу әсерін жақсартады. Бүйрек ауру кезінде орташа 
молекулалық заттардың ыдырауы бұзылады, олардың қандағы мӛлшері кӛбйіп 
кетеді, бұл әртүрлі патологиялық жағдайға алып келеді. Мысалы, гастриннің 
кӛбеюі 
ойық 
жараларының 
пайда 
болуына, 
паратгормонның 
кӛбеюігиперкальциемияға және остеопорозға алып келеді. Бүйрек сүзгісі 
альбуминдер мен глобулиндерді ӛткізбейді. Сонымен, қалыпты жағдайда зәрде 
белок болмау керек, бірақ ол олай емес, ӛйткені тәулігіне зәрмен 150 мг белок 
экскрецияланады, мұның тең жартыысын бүйрек түтікшілерінің жасушалары 
секрециялайтын Тамм-Хорсфайлль гликопротеиді құрайды, ал альбумин 35 мг-
нан аз бӛлінеді. Сонымен сау бүйрекпен экскрецияланатын белок мӛлшері ӛте 
тӛмен, ол анализ жасаған кезде мүлдем анықталмайды, сондықтан есепке 
алынбайды. 
Яғни, бүйрек қанда белок концентрациясын реттеп, оның зәрмен шығуына 
тосқауыл жасайды деп айтуға болады. 


250 
Бүйректе глутаминаза мен аспарагиназа ӛте активті, сондықтан 
дезамидтену ӛте қарқынды жүреді. Бүйректің арнайы ферменті – глицин-
амидинотрансфераза (трансамидиназа). Бұл фермент бүйрек үсті безінде де бар. 
Трансамидиназа креатиннің биосинтезінің бірінші сатысын тездетеді. Бұл 
ферменттің қанда кӛп болуы бүйрек тінінің зақымданғанын кӛрсетеді 
(созылмалы пиелонефрит, гломерулонефрит). ЛДГ
1
және ЛДГ
2
бүйректің 
арнайы 
изоферменттері, 
олардың 
қанда 
кӛбеюі 
бүйректің 
жедел 
жетіспеушілігінің кезінде байқалады. Келесі бүйректің арнайы ферменті – 
гамма-глутамилтранспептидаза. Бірақ бұл фермент аз мӛлшерде болса да 
бауырда, жүректе, ӛкпеде, ішекте, ұйқы безінде, кӛк бауырда, қалқанша 
безінде, простатада болады бұл фермент реналдық түтікшенің плазматикалық 
мембранасында орналасқан және мембранадан жасуша цитоплазмасына амин 
қышқылдарының тасымалдануына қатысады: аминоқышқылы + GSH → гамма-
глутамил-қышқылы + цистеил-глицин. Бұл ферменттің деңгейі тек бүйрек 
зақымдағанда ғана емес, сонымен қатар миокард инфарктінде, арақтан 
бауырдың зақымдануында және цирроз кезінде де жоғарылайды. Гамма-
глутамилтранспептидаза активтілігін анықтау, маскүнемділікке сезімтал тест 
болып санады. Тырысуға қарсы препараттар осы ферменттің биосинтезін 
арттырады, сондықтан эпилепсия кезінде ферменттің мӛлшері ӛте жоғары 
болады. Зәрдегі қандай да болмасын ферменттердің активтілігінің жоғарылауы,
бүйрек түтікшелеріндегі мембрананың ӛткізгіштігінің жоғарылауын немесе 
бұзылуын кӛрсетеді. Бұзылудың тереңдігіне байланысты зәрде әр жасушаның 
әртүрлі аймағында орналасатын ферменттер пайда болады. Бүйрек тінінің аз 
дәрежеде зақымдануында зәрде плазматикалық мембранамен байланысқан 
ферменттердің 
активтілігі 
жоғарылайды, 
ал 
қатты 
зақымдануында 
цитоплазмалық жне лизосомалық ферменттердің активтілігі жоғарылайды. 
Зәрде митохондриялық ферменттердің активтілігінің жоғарылауы бүйрек 
жасушаларының некрозын кӛрсетеді. Гамма-глутамилтранспептидазаның 
зәрдегіактивтілігі бүйректегі патологиялық процестерінің ӛзгеру деңгейімен 
тығыз байланысты, ӛйткені бұл фермент плазматикалық мембранада, Гольджи 
комплексінде орналасқан. Зәрге ферменттерқан сарысуынан және басқа 
жасушалардан да түсуі мүмкін. 
Қазіргі кезде зрдегі ферменттердің активтілігін анықтау келесі мақсаттарда 
қолданылады:
1)
бүйректің жне бүйректен тыс патология кезіндегі нефронның 
зақымдану түрін анықтау үшін;
2)
бүйрек трансплантатының бӛлініп кетуін анықтау үшін; 
3)
дәрілердің бүйрекке токсикалық әсерін анықтау үшін; 
4)
лизосомалдық 
заттардықабылдағаннан 
кейін, 
ферменттің 
экскрециясының күшеюін анықтау арқылы жасырын нефропатияның 
бар екндігін дәлелдеу үшін; 
5)
бүйректің және қуықтың жұқпалы ауруларын тану үшін; 
6)
нефроптозды анықтау үшін; 
7)
бүйрек ісігін диагностикасын жүргізу үшін. 


251 
Бүйрек ауруын анықтау үшін қандағы фермент мӛлшерін анықтауға 
қарағанда зрдегі ферменттерді тексерудің маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет