Заттар алмасуыныѕ реттелуі


 Тазалау және сыртқа шығару қызметі



Pdf көрінісі
бет63/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99
1. Тазалау және сыртқа шығару қызметі. 
Бүйректің жоғарыда кӛрсетілген қызметтері оның зәр түзуге тәуелдігі. Зәр 
түзілуінің 3 кезеңі болады: 
а) 
Ультрасҥзгілеу
– бүйректің шумақтарында жүреді. Ультрасүзгілеу 
жылдамдығы әртүрлі қысым айырмашылығына байланысты: гидростатикалық 
қысым жүрек жұмысымен қамтамасыз етіледі; онкотикалық қысым 
белоктармен жүзеге асырылады және шумақ қабындағы сұйықтықтың 
қысымына тәуелді. Соңғы екі қысым сүзілуге қарсы әсер кӛрсетеді. Шумақтық 
сүзілудің кӛлемі белок ӛте алмайтын шумақ сүзгісінің ӛтімділігіне 
байланысты. Белоктардың ӛтуін тағы да теріс зарядты ГАГ-тан құрылған 
базалдық мембрана қиындатады. Сондықтан, ультрафильтратта белоктан 
басқа қан сарысуының құрамдас бӛліктері түгел кіреді. 
б)
Тҥтікті (каналды) реабсорбция: 
түтіктерде қайта сіңірілу жүреді, 
соның арқасында ағзаға керекті заттар, соның ішінде су сақталады. Түтікті 
реабсорбция пассивті диффузия және активті транспорт арқылы жүреді. 
Реабсорбцияға кейбір заттар ғана қатысады, сондықтан да оны «таңдамалы» 
деп атайды. Проксималды иректелген түтіктердің кеңдігіне және 
митохондриялардың кӛптігіне байланысты заттардың 80%-ның реабсорбциясы 
осында жүреді, яғни глюкоза, аминқышқылдары, витаминдер, гормондар; NaCl, 
Н
2
О, карбонаттың, кальцийдің, фосфордың, магнийдің 85%-ы сіңіріледі. 


244 
Заттардың 19%-ы нефронның басқа бӛлімдерінде сіңіріледі (су Генле ілмегінде 
және дисталды түтікте, натрий және хлор дисталды түтікте сіңіріледі). 
Алғашқы реабсорбция диффузия арқылы түтік жасушасына, одан активті 
транспорт арқылы жасушааралық кеңістікке, одан диффузия арқылы қанға 
ӛтеді, себебі перитубулярлық капиллярлардың ӛткізгіштігі ӛте жоғары болады. 
Ультрафильтратқа түскен белок пиноцитоз арқылы микротүтік негізінде қайта 
сіңіп және лизосомдық ферменттер арқылы қорытылады. Осының нәтижесінде 
түзілген амин қышқылдары жасуша қажеттілігіне жұмсалады немесе 
реабсорбцияланады. Натрий суға тәуелсіз активті транспорт арқылы 
реабсорбцияланады. 
Натрийдің 
реабсорбциясы 
Na
+
,K
+
-АТФ-азаның 
активтілігіне байланысты, осы ферменттердің синтезі бүйрек жасушасындағы 
минералокортикостероидтардың әсерінен күшейеді. Na
+
,K
+
-АТФ-азаның 
әсерінен біріншілік зәрден глюкоза, аминқышқылдары реабсорбцияланады. 
Глюкозаның 
тасымалдануының 
арнайы 
тасымалдаушылары 
бар 
(тасымалдаушы белоктар – GLUT). Бүйрек түтігінің жасушаларының сыртқы 
қуысына қарап тұрған жағында орналасқан тасымалдаушылар натриймен және 
глюкозамен комплекс түзеді. Натрий концентрацияның градиенті бойынша 
тасымалдаушымен 
комплекс 
түзген 
глюкозаны 
жасушаның 
ішіне 
тасымалдайды. 
Жасушадан 
натрий 
Na
+
,K
+
-АТФ-азаның 
кӛмегімен 
шығарылады. Әрі қарай глюкоза жасушааралық кеңістікке, содан қанға 
тасымалданады. Глюкозаның зәр арқылы экскрециялануы глюкозаның мӛлшері 
түтіктердің реабсорбциялау қабілеттілігінен әлде қайда кӛп болғанда басталуы 
мүмкін, яғни «бүйректік межесінен» кӛп болса (глюкозаның бүйректік межесі 
8,8 ммоль/л тең). Түтіктерде глюкозаныңарнайы тасымалдаушыларының 
белгілі бір мӛлшері бар, егер олардың барлығы бос болмаса, глюкоза соңғы 
зәрде қала береді - глюкозурия байқалады. Сонымен, нефронның проксималдық 
бӛлігінде, Генле ілмегінде және дисталды түтікте керекті заттардың 
реабсорбциясы жүреді. 
в) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет