Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Қалыпты және патология кезіндегі



Pdf көрінісі
бет68/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99
3. Қалыпты және патология кезіндегі
 
зәрдің физико-химиялық 
қасиеттері. 
Мӛлшері: Тәулігіне бӛлінген зәрдің кӛлемін диурез деп атайды, ол 
шамамен 2 л-ге тең. Ер адамдарда зәр кӛбірек бӛлінеді. 
Диурездің жоғарылауы – 
полиурия
деп аталады, 
физиологиялық
(кӛп 
мӛлшерде су ішкенде, сұйық тамақ ішкенде, қыста – себебі тер аз бӛлінеді) 
және 
патологиялық 
(қантты және қантсыз диабет, созылмалы нефрит, 
пиелонефрит, ісіну қайтқанда) деп екіге бӛлінеді.
Олигоурия
– бӛлінген зәр мӛлшеріәнің тӛмендеуі (тәулігіне 500 мл-ден аз). 
Олигоурия физиологиялық және патологиялық деп бӛлінеді. Физиологиялық 
олигоурия шӛлдегенде, сұйық аз қабылдағанда, ауыр қара жұмыста, жазда 
терінің кӛп бӛлінуі арқылы жүреді. Патологиялық олигоурия қалшылдау, 
диарея, токсикоз, ісіну, жедел бүйрек жетіспеушілігі жағдайында болады.
Анурия – 
зәрдің бӛлінуінің тоқтауы. Анурия: а) пререналдық – соққы 
кезінде, күйікте, сұйықтықты жоғалтқанда, жүрек жетіспеушілігінде, 
гипотензияда; б) реналды – бүйрек ауруларында; в постреналдыққ – зәр шығару 
жүйесінің ауруы кезінде байқалады. 
Никтурия – 
күндізге қарағанда түнде кӛбірек бӛлінеді, жүрек жұмысының 
бұзылуында, едел нефритте байқалады 
Меншікті салмағы немесе зәрдің салыстырмалы тығыздығы

Зәрдің 
қалыпты жағдайдағы меншікті салмағы 1,010-1,025. Зәрдің меншікті салмағы 
диурезге кері пропорционал. Полиурияда меншікті салмағы тӛмендейді, 
олигоурияда – керісінше, жоғырылайды. Патолгия кезінде бұл ара қатынас 
ӛзгереді. Егер зәрдің меншікті салмағы олигоурия кезінде тӛмендесе, бүйрек 
қызметінің ауыр бұзылысын және оның қатерлі белгісі болып табылады. 
Бүйрек ауыр жарақаттанғанда зәрдің меншікті салмағы жоғалтқан 
сұйықтықтың мӛлшеріне байланысты емес, керісінше, кӛп су ішкен де зәрдің 
меншікті салмағы 1,010-ге тең болады да ӛзгермейді. Бұл меншікті салмақ қан 
сарысуының салыстырмалы тығыздығына сәйкес келеді. Мұндай жағдай 
изостенурия 
деп аталады және бүйректің осмостық қысымды тұрақтандыру 
қабілетін жоғалтып алғандығын дәлелдейді, яғни Зимницкий сынамасы арқылы 
зерттеп, бүйректің концентрациялық қызметінің бұзылғандығын анықтайды.
Түсі:
 
қалыпты жағдайда түсі ақшыл-сарыдан қою сарыға дейін ӛзгереді. 
Зәрдің түсін құрамындағы пигменттер қалыптастырады: урохром, урозеин, 
уроэритрин, стеркобилин. Патология кезінде зәрде қан болса қызыл түс пайда 
болуы мүмкін. Зәрдің мұндай түсі еттің жуындысының түсі» деп аталады. 
Зәрдің жасыл түсінің пайда болатының себебі – зәрде ӛт пигменттері, метилен 
кӛгі аз мӛлшерде болғанда, ал зәрде ӛт пигменттері кӛп мӛлшерде болғанда 
немесе метгемоглобин зәрге түскенде, зәр қоңыр түске боялады. Зәрдің 
құрамында кӛп мӛлшерде фосфаттар, липидтер және ірің болса зәр ақ түсті 
болады. Алкаптонурия, гомогентизин қышқылының және оның метаболит-


252 
терінің бӛлінуі кезіде зәр қара түске боялады. Ауыр бауыр ауруларында да 
зәрдің түсі ӛзгереді. 
Мӛлдірлік: жаңадан шығарылған зәр мӛлдір, ал тұрып қалған кезде жеңіл 
лай сияқты бұлыңғырт болады. Ол түлеген эпителийдің, фосфаттардың (зәрдің 
рН-ы сілтілік болса), ураттардың (зәрдің температурасы тӛмендегенде) 
тұнуынан пайда болады. Патологиялық жағдайда жаңадан шығарылған зәр 
лайлы болады. 
Иісі – қалыпты жағдайда зәрдің арнайы жаңадан қайнатқан еттің 
сорпасының иісіне ұқсайтын иісі болады. Жаман жағымысз иіс - сарымсақты, 
ақжелкекті (хрен) жегенде пайда болады. Жаңадан шыққын зәрде аммиактың 
иіс цистит, пиелит аурулары кезінде пайда болады. Жеміс-жидектің иісі қант 
диабеті кезінде пайда болады. Нәжістік иіс – пузырно-прямокишечном свище 
және колибациллярларлы цистит кезінде пайда болады. 
Зәрдің рН 5-7 арасында, яғни әлсіз қышқылдықтан бейтарап ортаға дейін 
болады. Осы рН натрий фосфаты (NaH
2
PO
4
) мен калий фосфатының (KH
2
PO
4

болуымен қамтамасыз етіледі. Ет тағамын және дәндерді жегенде зәрдің 
қышқылдығы жоғарлау болады, сүтті, кӛкӛніс және минералды су 
пайдаланғанда – зәрдің қышқылдығы бейтарап ортаға жақындайды (зәрде екі 
орынбасқан (двухзамещенные) натрий мен калий фосфаттары, бикарбонаттрар 
кӛбірек болады). Зәрдің күрт сілтілік болуы кӛп құсқаннан кейін, ісіну кеткен 
кезде, несеп шығару жолдарының қабынуы кезінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет