253
ауруларында (ӛте ауыр деңгейде) оның синтезінің
бұзылуынан және ацидоз
кезінде болуы мүмкін.
Креатинин –
тәулігіне 1,5-2,4 граммдай бӛлінеді. Креатиннің деңгейі
негізінен бұлшық еттің массасымен және бүйректің бӛлінуі
қабілетімен
анықталады.
Несеп қышқылы –
пуриндік негіздердің алмасуының соңғы ӛнімі (қалыпты
жағдай да тулігіне 1,2 г-дай бӛлінеді). Сүтте, жұмыртқада және ірімшікте аз,
бауырда, етте, қызынақта – кӛп болады.
Гиппур қышқылы
– (0,7 г/тәулігіне)
бензой қышқылын глицинмен
заласыздандырғанда түзіледі. Ӛсімдік тектес тағамды пайдаланғанда кӛбейеді,
бауыр аурулар кезінде азаяды (бұл бауырдың бензоатқа қатысты
антитоксикалық қасиетінің тӛмендуімен байланысты).
Индикан –
ішікте шіру процесі күшейгенде кӛбейеді (етті кӛп
пайдаланғанда, ішектің ісігі кезінде және іш қатқанда).
Азотсыз заттар
– зәрде аз болады.
Оксалоацетат, цитрат, лактат, май,
валерьян, янтарь қышқылдары осы топты құрайды.
Бейорганикалық заттар –
негізгілері: хлоридтер (10-15 г/тәул), сульфаттар
(шамамен 3 г/тәул) және фосфаттар (1-5 г/тәул).
Достарыңызбен бөлісу: