6. Зәрдің патологиялық құрамдас бөліктері.
Қалыпты зәрде бұл заттар болар-болмас мӛлшерде кездеседі және
сапалық реакциялармен анықталмайды. Оларға қан (гемоглобин мен
эритроциттер), ӛт пигменттері, глюкоза, кетон денелері жатады.
Протеинурия – зәрде белоктың болуы. Нағыз (бүйрекке тәуелді) және
жалған (бүйрекке тәуелсіз) болып бӛлінеді. Нағыз протеинурия бүйрек
шумақтарының қызметі бұзылғанда байқалады.
Гематурия – зәрде қанның пайда болуы (гемоглобинурия және
эритроцитурия болуы мүмкін, бұл жағдайларды тек зәрдің тұнбасын
микроскопия әдісімен ғана ажыратуға болады). Гематурия бүйрек пен несеп
шығару жолдары зақымданғанда, бүйректе және несеп шығаратын жолдарда
ісіктердің ыдырауы кезінде, зәр-тас ауруында, бүйрекке операция жасағаннан
кейін, гломерулонефрит кезінде, нефрит кезінде байқалады. Нәрестелерде
физиологиялық гематурия – бүйректің зәрқышқылдық инфарктісі болған кезде
байқалады және ӛмірдің 10-шы күнінде аяқталады.
Гемоглобинурия – ауыр гемолитикалық анемияда, қатты уланғанда, сепсис,
күйік кезінде болады.
Глюкозурия
– зәрде глюкозаның болуы. Ол бүйрекке тәуелді жне бүйрекке
туелсіз болып бӛлінеді. Бүйрекке тәуелді глюкозурия кейбір нефрит түрлерінде,
бүйректе глюкозаның реабсорбциясын жүргізетін ферменттің (туа біткен
нефрит) кемшілігінде байқалады. Бүйрекке тәуелсіз глюкозурия қанда
глюкозаның деңгейі бүйрек межесінен асып кеткенде байқалады (8,8 ммоль/л).
Кӛбінесе глюкозаның қанда кӛп болуы қант диабеті мен басқа эндокриндік
ауруларда байқалады.
254
Кетонурия – қант диабеті кезінде, ашығуда, тиреотоксикозда, церебралды
кома кезінде, ауыр қалтырау кезінде, алкогольды интоксикация кезінде,
гиперинсулинизм кезінде, гиперкатехолемияда, операциядан кейін байқалады.
Ӛт пигменттері – тікелей билирубин – зәрде паренхиматозды және
механикалық сарғыштануда пайда болады. Бауыр патологиясы кезінде зәрде
уробилин пайда болуы мүмкін.
Креатинурия – қалыпты жағдайда ересек адамдардың зәрінде креатин
болмайды. Креатинурияның
физиологиялық
түрі (нәрестелік және қарт
адамдарда кездесетін креатинурия) бар. Нәрестелердің ағзаларында креатин
түзіледі, бірақ олардың бұлшық еттері дамымаған болғандықтан, креатинді
толығымен пайдаланбайды. Сондықтан қандағы креатиннің мӛлшері бүйрек
межесінен артып, зәрде пайда болады. Қарттарда креатин әлі түзіледі, бірақ
бұлшық еттері атрофияланып креатинді толығымен пайдаланбайды. Осындай
креатинурия кӛмірсуларсыз диетада, тағаммен шикі еттің кӛп мӛлшерде
пайдаланғанда байқалады.
Патологиялық креатинурия
белокты ашығуда,
заживлении обширных переломов, значительных оперативных вмешательствах,
бұлшық ет дистрофияларында. Сонымен қатар креатинурия Е витаминнің
авитаминозында, қант диабет кезінде, тіндер кӛп ыдырағанда. Креатиннің кӛп
мӛлшерде бӛлінуі гепатит кезінде және кастраттарда байқалады.
Бүйрек түтікшілер ауруларында амин қышқылдарының мӛлшері артпайды,
ӛйткені олар реабсорбцияланбайды.
Фенилкетонурия – тұқым қуалайтын ауру, бауырда гидроксилазалар
болмағанда зәрде фенилаланин пайда болады.
«Зәрдің диастазасы»
-
асқорыту сӛліндегі (
-амилаза,
липаза)
гидролазалар-ферменттерді қосатын термин. Панкреатитте (амилаза и липаза)
және паротитте (амилаза) зәрде анықталады.
Студенттің ӛзін-ӛзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер:
1.
Қандай жағдайда зәрде «белоктардың іздері» бар екені туралы айтады?
2.
Қалай гематурияны гемоглобинуриядан ажыратуға болады?
3.
Қандағы глюкозаның концентрациясы қандай болғанда ол зәрде пайда
болады және неге? Бұл жағдай қалай аталады?
4.
Қандай жағдайда қандағы глюкозаның мӛлшері тӛмен болса да зәрде
глюкозурия анықталады?
5.
Как в норме должны изменяться
6.
Зәрдің органикалық ьқұрамдас бӛліктерін атаңыз.
7.
Мочевинаның түзілу орны, Кребс орнитин циклі, қалыпты жағдайдағы зәрмен
бӛлінетін тәуліктік мӛлшері және патология кезінде ӛзгерістері.
8.
Креатинин, химиялық табиғаты, қалыпты жағдайдағы және патология
кезіндегі зәрмен бӛлінетін тәуліктік мӛлшері.
9.
Индикан, химиялық табиғаты, түзілу орны, оны зәрде анықтаудың
диагностикалық маңызы.
10.
Несеп қышқылы, химиялық табиғаты, қалыпты жағдайдағы және
патология кезіндегі зәрмен бӛлінетін тәуліктік мӛлшері.
255
11.
Зәрдің бейорганикалық құрамдас бӛліктері. Оларды зәрде анықтаудың
диагностикалық маңызы қандай?
12.
Зәрдің патологиялық құрамдас бӛліктерін атаңыз.
13.
Протеинурия, түрлері, пайда болу себептері. Зәрдегі белокты сапалық
реакциямен ашу және мӛлшерін анықтау. Оны анықтаудың
диагностикалық маңызы.
14.
Қалай қалыпты жағдайда зәрдің меншікті салмағы, түсі диурезге тәуелді
ӛзгеруі мүмкін?
15.
Уремия деген не? Қандай жағдайда байқалады?
16.
Егер зәрдегі мочевина мӛлшері қалыпты жағдаймен салыстырғанда кӛп
есе аз болса қандай мүшенің бұзылуы туралы ойлауға болады?
17.
Анурия деген не? Түрлері. Қашан байқалады?
18.
Дені сау адам тәулігіне қанша мӛлшерде зәр бӛледі?
Достарыңызбен бөлісу: |